Дискретті және интервалды вариациялық қатарлар. Алгебра, 11 сынып, қосымша материал.


Жұптық жұмыс

Есеп №1

Ер адамдардың сыртқы киімдерінің кең тараған өлшемдерін анықтау үшін 48 ер адамның өлшемін алды және өлшеу нәтижесі мынадай болды:

52, 46, 52, 48, 48,44 ,48  , 50, 48, 50, 48,42 , 48, 50, 52, 50, 48, 56, 48, 54, 46, 54, 50, 50, 52, 50, 54, 48, 46, 50, 54, 46, 50, 48, 54, 52, 46, 56, 44, 56, 54, 50, 58, 50, 52, 52, 46, 52.

Берілген мәліметтер бойынша:

  • Арифметикалық ортасын табыңыз;
  • Дисперсиясын табыңыз;

Жиілік полигонын және гистограмма құрыңыз.

Дескриптор

  • Таңдалым бойынша орта мәнді есептейді
  • Таңдалым бойынша дисперсияны есептейді
  • Таңдалым бойынша орташа квадраттық ауытқуды есептейді

Есеп 2

Кестеде 11-сыныптың математика пәні бойынша олимпиаданың соңғы кезеңінде 20 оқушының шығарылған есептердең саны туралы мәліметтері берілген.

Шешілген тапсырмалар саны

0

1

2

3

4

Оқушылар саны

3

5

7

4

1

а) Дисперсияны есептеңіз;

ә) Орташа квадраттық ауытқуды есептеңіз (жауабын жүздікке дейін дөңгелектеңіз).

Дескриптор

  • Таңдалым бойынша орта мәнді есептейді
  • Таңдалым бойынша дисперсияны есептейді
  • Таңдалым бойынша орташа квадраттық ауытқуды есептейді

Жеке жұмыс

Ер адамдардың сыртқы киімдерінің кең тараған өлшемдерін анықтау үшін 48 ер адамның өлшемін алды және өлшеу нәтижесі мынадай болды:

52, 46, 52, 48, 48,44 ,48  , 50, 48, 50, 48,42 , 48, 50, 52, 50, 48, 56, 48, 54, 46, 54, 50, 50, 52, 50, 54, 48, 46, 50, 54, 46, 50, 48, 54, 52, 46, 56, 44, 56, 54, 50, 58, 50, 52, 52, 46, 52.

Берілген мәліметтер бойынша:

  • Арифметикалық ортасын табыңыз;
  • Жиілік полигонын және гистограмма құрыңыз.

Дескриптор

  • Үлестірім қатарының полигонын салады
  • Үлестірім қатарының гистограммасын салады
  • Таңдалым бойынша орта мәнді есептейді
  • Таңдалым бойынша дисперсияны есептейді
  • Таңдалым бойынша орташа квадраттық ауытқуды есептейді

Есеп №2

Электр желісінің кернеуі (волтьпен) өлшенгенде келесідей нәтижелерді көрсетті: 

210, 198, 215, 212 194 213 199 191, 205, 211, 189, 206, 210, 205, 201, 194, 190, 200, 206, 196, 200, 216, 214, 200, 196, 210, 206, 200, 215, 210. 

  • Абсолют және салыстырмалы жиіліктер кестесін құрыңыз.
  • Таңдаманың салыстырмалы жиіліктер полгонын және жиілік гистограммасын құрыңыз.

Дескриптор

  • Үлестірім қатарының полигонын салады
  • Үлестірім қатарының гистограммасын салады
  • Таңдалым бойынша орта мәнді есептейді
  • Таңдалым бойынша дисперсияны есептейді
  • Таңдалым бойынша орташа квадраттық ауытқуды есептейді

Үй жұмысы

Кестеде мекеменің 6 айдағы кірісі туралы деректерді ұсынылған.

Ай

I

II

III

IV

V

VI

Кіріс (мың теңге)

46

35

56

54

77

62

Табыңыз:

1) Дисперсияны есептеңіз;

2) Орташа квадраттық ауытқуды есептеңіз (жауабын жүздікке дейін дөңгелектеңіз).



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу