Дискретті және интервалды вариациялық қатарлар. Алгебра, 11 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

11.1В Математикалық статистика элементтері

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты- тегі:

Сынып: 11

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Дискретті және интервалды вариациялық қатарлар

Сабақтың түрі

Жаңа сабақ

 Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме

11.3.3.1 - математикалық статистиканың негізгі терминдерін білу және түсіну;

 Сабақ мақсаттары

Біледі:

Дискретті вариациялық қатар, интервалды вариациялық қатар ұғымын біледі, оларды ажырата алады.

Білу:

-дискретті вариациялық қатарды біледі;

-интервальды вариациялық қатар туралы біледі;

 Бағалау критерийлері

Оқушылар:

  • дискретті вариациялық қатарды біледі;
  • интервальды вариациялық қатар туралы біледі;
  • берілгендердің қайсысы дискретті және үзіліссіз екенін түсінеді;
  • вариациялық қатарлардың кескіндерінің түрлерін елестете алады;

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Оқушылар:

Оқытудың тілдік мақсаты

  • статистикалық зерттеулердің нәтижелерін сипаттайды;
  • вариациялық қатарлардың деректерін талдау кезінде пәндік лексиканы және бөлімге сәйкес терминдерді қолданады;

математикалық статистикаға арналған есептерді шығаруда қолданылатын формулаларды дәйектейді.

Бөлім бойынша лексика мен терминология

  • бас жиын және таңдама;
  • дискретті және интервалды вариациялық қатарлар;
  • дискретті кездейсоқ шама;
  • математикалық күтілім, дисперсия, кездейсоқ шаманың стандарттық ауытқуы;

дисперсия, вариациялық қатардың стандарттық ауытқуы.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

- теңмүмкіндікті оқиғаның жалпы санының оқиғаның орындалу санына қатынасы ... ;

- жасалған тәжірибелер жалпы санының тәжірибенің сәтті орындалу санына қатынасы ... ;

- таңдама элеметтерінің мәндерінің көбейтіндісін олардың салыстырмалы жиілігіне көбейту ... ;

- барлық мүмкін болатын мәндердің көбейтіндісін олардың ықтималдығына көбейту ... .

 Құндылықтарды дарыту

Ұжыммен,жұппен, өз бетімен жұмыс жасай білуге, тақырыптың өмірмен байланысын көрсету, тәрбиелеу..

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақта

Пәнаралық байланыстар

экономика

Бастапқы білім

Математикалық статистика, бас жиын, таңдама

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Дереккөздер

Сабақтың басы

1 минут

1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу.

2. Сабақтың тақырыбын, мақсатын, бағалау критерийлерін анықтау.

Презентация

Сабақтың ортасы

10 минут

7 мин

20 мин

3.Жаңа сабақ

Оқушыларға ортаға мына сұрақты талдауға ұсыныңыз:

Дискреттік немесе үздіксіз шамалар.

Оны санайсыз немесе оны өлшейсіз???

Талдау жасау арқылы қорытынды ой түйіп ұсынылған өмірден алынған мысалдарды қарастырыңыз.

Дискреттік және интервалды вариациялық қатарлардың негізгі ұғымдарына анықтама береді: вариациялық қатар, дискретті қатар, интервалдық қатар, интервалдың ені сонымен қатар қосымша ақпарат :

Айнымалы сапалық болады, егер ол сандық мән қабылдай алмаса.

Айнымалы сандық болады, егер ол сандық мән қабылдаса.

Берілген аумақта кез келген мән қабылдай алатын сандық айнымалы үзіліссіз болып табылады. 4.Алғашқы бекіту.

А) Ұжымдық жұмыс

Станоктан жасалып шыққан 50 валиктің диаметрлері (мм) келесідей:

14,51 14,42 14,56 14,47 14,46 14,35 14,48 14,53

14,21 14,31 14,35 14,68 14,56 14,28 14,36 14,21

14,52 14,23 14,41 14,46 14,69 14,54 14,36 14,15

14,37 14,51 14,25 14,55 14,51 14,36 14,62 14,55

14,38 14,33 14,40 14,52 14,48 14,51 14,55 14,39

14,54 14,58 14,48 14,37 14,38 14,51 14,36 14,15

14,24 14,32

а) Дискретті вариациялық қатар құрыңыз.

б) Интервалдық вариациялық қатар құрыңыз.

в) Интервалдық вариациялық қатар үшін үлестірімнің абсолютті және қатыстық тығыздықтарын есептеңіз.

Дескриптор:

-Дискретті вариациялық қатар құрады.

-Интервалдық вариациялық қатар құрады.

-Интервалдық вариациялық қатар үшін үлестірімнің абсолютті және қатыстық тығыздықтарын есептейді

Б) Жеке жұмыс. Деңгейлік тапсырмалар

(өзін-өзі бағалау)

А деңгейі. Төменде химиялық реакцияның уақыты көрсетілген (секундпен):

8,5 7,1 6,7 6,2 2,9 4,4 6,0 5,8 5,4 8,2 6,9

6,5 6,1 3,8 6,0 6,0 5,6 5,3 7,7 6,8 6,5 6,1

4,2 4,7 5,6 5,4 5,3 7,4 6,7 6,4 6,1 4,5 6,0

5,8 5,6 5,1

а) Дискретті вариациялық қатар құрыңыз.

б) Интервалдық вариациялық қатар құрыңыз.

в) Интервалдық вариациялық қатар үшін үлестірімнің абсолютті және қатыстық тығыздықтарын есептеңіз.

Дескриптор:

-Дискретті вариациялық қатар құрады.

-Интервалдық вариациялық қатар құрады.

-Интервалдық вариациялық қатар үшін үлестірімнің абсолютті және қатыстық тығыздықтарын есептейді

В деңгейі. Мата тығыздығы туралы келесідей мәліметтер алынды (шартты белгілермен):

197,4 192,7 193,6 191,1 191,3 188,3 194,3 195,4 196,6 177,7

197,8 196,7 190,8 191,7 195,2 182,7 200,2 196,1 189,9 184,8

190,3 198,6 190,2 183,5 187,2

а) Дискретті вариациялық қатар құрыңыз.

б) Интервалдық вариациялық қатар құрыңыз.

в) Интервалдық вариациялық қатар үшін үлестірімнің абсолютті және қатыстық тығыздықтарын есептеңіз.

Дескриптор:

-Дискретті вариациялық қатар құрады.

-Интервалдық вариациялық қатар құрады.

-Интервалдық вариациялық қатар үшін үлестірімнің абсолютті және қатыстық тығыздықтарын есептейді

С деңгейі. 50 болат арқанның беріктігі туралы келесідей мәліметтер алынған (шартты белгілермен):

1800 1700 1740 1640 1780 1860 1600 1840 1880 1980

1540 1620 1860 1660 1840 1820 1840 1740 1780 1960

1840 1880 1740 1560 1740 1640 1740 1640 1660 1840

1940 1740 1800 1680 1800 1700 1640 1560 1740 1840

1740 1860 1740 1620 1740 1560 1600 1720 1840 1800

а) Дискретті вариациялық қатар құрыңыз.

б) Интервалдық вариациялық қатар құрыңыз.

в) Интервалдық вариациялық қатар үшін үлестірімнің абсолютті және қатыстық тығыздықтарын есептеңіз.

Дескриптор:

-Дискретті вариациялық қатар құрады.

-Интервалдық вариациялық қатар құрады.

-Интервалдық вариациялық қатар үшін үлестірімнің абсолютті және қатыстық тығыздықтарын есептейді

Презентация

3-12 слайд

13-15 слайд

16-18 слайд

2 мин

9.Сабақты қорытындылау

Рефлексия.

Қосымша

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілеті жоғары оқушылар басқа оқушыларға көмектеседі.

Өзін-өзі бағалау түрі қолданылады. Сабақта оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру үшін фронтальды жұмыс жасайды.

Сабақ басында оқушылар қауіпсіздік техникасымен таныстырылады.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақтыжақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақбарысындасыныптуралынемесежекелегеноқушылардыңжетістік/қиындықтарытуралыненібілдім, келесісабақтарда неге көңілбөлуқажет



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу