Дискретті және интервалды вариациялық қатарлар. Алгебра, 11 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

11.1В Математикалық статистика элементтері

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 11

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Дискретті және интервалды вариациялық қатарлар

Сабақтың түрі

Бекіту сабағы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

11.3.3.3 - берілген шартқа сәйкес вариациялық қатарлардың деректерін талдау;

 Сабақ мақсаттары

Оқушыларға берілген шартқа сәйкес вариациялық қатарлардың деректерін талдай білу дағдыларын қалыптастыру.

  Бағалау критерийлері

  • дискретті және интервалды вариациялық қатарларды біледі;
  • берілген шартқа сәйкес вариациялық қатарлардың деректерін талдай алады.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • статистикалық зерттеулердің нәтижелерін сипаттайды;
  • вариациялық қатарлардың деректерін талдау кезінде пәндік лексиканы және бөлімге сәйкес терминдерді қолданады;
  • Пәнге қатысты лексика мен терминология
  • бас жиын және таңдама;
  • дискретті және интервалды вариациялық қатарлар;
  • дискретті кездейсоқ шама;
  • математикалық күтілім, дисперсия, кездейсоқ шаманың стандарттық ауытқуы;
  • дисперсия, вариациялық қатардың стандарттық ауытқуы.
  • Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

- теңмүмкіндікті оқиғаның жалпы санының оқиғаның орындалу санына қатынасы ... ;

- жасалған тәжірибелер жалпы санының тәжірибенің сәтті орындалу санына қатынасы ... ;

- таңдама элеметтерінің мәндерінің көбейтіндісін олардың салыстырмалы жиілігіне көбейту ... ;

  Құндылықтарды дарыту

Ұжымдыққа, өздігінен жұмыс істеуге, жауапкершілікке тәрбиелеу.

 Жаһандық азаматтылыққа

тәрбиелеу

Тақырыптың жан-жақтылығын әр түрлі халықаралық әдебиеттерден тапсырмалар беру арқылы көрсету.

 Пәнаралық байланыстар

Биология, экономика

 АКТ қолдану дағдылары

Презентациямен, графикалық калькулятормен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру.

Бастапқы білім

Статистика элементтерін білу: салыстырмалы жиілік, арифметикалық орта, мода, медиана, дисперсия, вариациялық қатардың стандарттық ауытқуы. Ықтималдық теориясының элементтерін білу: ықтималдықтың классикалық анықтамасы, математикалық күтілім, дисперсия, кездейсоқ шаманың стандарттық ауытқуы.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2 мин

  • Оқушылармен амандасу. Ынтымақтастық ортаны құру.
  • Тақырыпты, сабақ мақсатын, бағалау критерийлерін анықтау.

Сабақтың ортасы

8 мин

10 мин

1 мин

17 мин

  • Оқушылардың білімін жандандыру ( ұжымдық жұмыс)

Оқушылармен арифметикалық орта, мода, медиана, ауқым, дисперсия және статистикалық қатардың стандарттық ауытқу ұғымдарын қайталау. 5-8 слайдтар.

  • Жаңа материалды оқу.

1 есеп. 9-10 слайдтар.

Х кездейсоқ шаманың мәндер таңдамасы берілген, көлемі 20.

12, 14, 19, 15, 14, 18, 13, 16, 17, 12,

18, 17, 15, 13, 17, 14, 14, 13, 14, 16.

Керек:

дискретті вариациялық қатарды құру;

Модасы , медианасы , R - вариация ауқымын табу.

Жиілік полигонын құру.

Дескриптор

  • Дискретті вариациялық қатарды құрады;
  • Модасын табады;
  • Медианасын табады;
  • Вариация ауқымын табады;
  • Жиілік полигонын құрады.

2 есеп. 11 слайд.

Бірдей түрдегі екі станоктың жеке мың өнім шығару кезіндегі ақаулар санын көрсететін кесте берілген.

Дескриптор

  • есептің шартын талдайды;
  • стандарттық ауытқуын табады;
  • станоктардың жұмыс тұрақтылығы туралы қорытынды жасайды.

5.Сергіту сәті.

6.Өткен материалды бекіту.

Жұппен жұмыыс. Берілген вариациялық қатарларды талдауға есептер.

1 есеп. 13 слайд.

Егер таңдаманың әр мүшесін бес есе кішірейтсе, осы алынған таңдаманың орта мәні, мода, медианасы және таңдалым дисперсиясы қалай өзгереді?

Дескриптор:

  • модасын есептейді;
  • медианасын есептейді;
  • дисперсиясын есептейді.

Шешімі.

Алғашқы таңдалым мүшесі хi болса, онда алынған таңдаманың мүшесі y = болады. Онда арифметикалық ортасы бес есе кішірейеді. Модасы жиілігі ең үлкен мүше болады, ал жиілік саны өзгермегендіктен ол да бес есе кішірейеді. Медиана сандар қатарының ортасындағы мүше болғандықтан алғашқы таңдалым медианасын беске бөлгенге тең. Дисперсия 25 есе кішірейеді.

Кесте, полигон немесе гистограммен берілген ақпаратты талдауға арналған есептерді оқушыларға ұсыныңыз. Мысалы, берілген графикалық кескіндерді түсінуге тапсырма.

2 есеп. 14 слайд

Орманды алқапта 59 қайың бар. Олардың биіктіктері жақын метрге дейін жуықталып, кестеге толтырылған:

Биіктік (м)

5-9

10-12

13-15

16-18

19-28

Қайың саны

14

18

15

4

8

(а) Оқушы гистограмманы салды:

Кем дегенде 2 қате табыңыз?

(ә) Арифметикалық орта мәнін есептеп, үшмәнді цифрға дейін жуықтаңыз.

(б) Миллиметрлік парақты алып, гистограмманы және кумулятаны салыңыз. Салынған кумулятаны пайдаланып, медиананы табыңыз.

Дескриптор

  • Гистограммадағы қатені табады;
  • Арифметикалық орта мәнін есептейді;
  • Гистограмманы салады;
  • Кумулятаны салады;
  • Медиананы табады.

Жауаптар

(а):

1. бағандар арасы бос болмауы тиіс;

2. интервалдар шекаралары дұрыс анықталмаған, дұрысы: [4,5;9,5), [9,5;12,5), [12,5;15,5), [15,5;18,5), [18,5;28,5)

3. Бұл интервалды вариациялық қатар және осы қатар интервалдары әр түрлі болғандықтан ортината осі жиіліктермен емес, жиілік тығыздығы болуы тиіс.

Бағалау: оқушылар жұппен жұмыс қорытындысы бойынша бірін-бірі бағалайды.

Одан әрі мұғалім бағалау критерийлері бойынша кері байланыс береді.

https://www.matburo.ru/ex_ms.php?p1=msv

Гмурман В.Е. Теория вероятностей и математическая статистика: Учеб. пособие для вузов. – 9-е изд., стер. – М.: Высш шк., 2003. – 479с.: ил

ISBN 5-06-004214-6

Сабақтың соңы

  • мин

7.Үй тапсырмасы

Бағалау критерийлерінің қорытындысы бойынша сараланған үй жұмысы беріледі.

Үй жұмысына түсініктеме беру.

8. Рефлексия.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Дифференциация күрделендіру принципі бойынша жүргізіледі.

Материалды меңгеру деңгейін тексеру жеке, жұптық жұмыс кезінде өзара бағалау, өзін-өзі бағалау, мұғалімнің бағалауы арқылы жүргізіледі.

Сабақ басында оқушылар кабинеттегі тәртіп ережелерімен , қауіпсіздік техникасымен таныстырылады.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу