Дискретті және аралық вариациялық қатар. Алгебра, 11 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:11.1В бөлім: Математикалық статистика элементтері | Мектеп: | |
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |
Сынып: | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: |
Сабақ тақырыбы: Дискретные и интервальные вариационные ряды | ||
Сабақ түрі: | Білімді жалпылау және жүйелеу сабағы | |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 11.3.3.3 - берілген шартқа сәйкес вариациялық қатарлардың деректерін талдау | |
Сабақ мақсаттары | Оқушылар вариациялық қатарлардың деректерін талдау үшін орталық өзгеру өлшемдері мен шашыраңдылық өлшемдерін қолданады. | |
Бағалау критерийлері) | Оқушылар қолданады
| |
Тілдік мақсаттар | Оқушылар вариациялық қатарлардың деректерін талдау кезінде пәндік лексиканы және бөлімге сәйкес терминдерді қолданады. Пәндік лексика орталық өзгеру өлшемдері; шашыраңдылық өлшемдері; мода, медиана, орта мән; ауқым, дисперсия, вариациялық қатардың стандарттық ауытқуы. Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер – зерттелетін жиынтықта басқаларына қарағанда жиі кездесетін шама …; – белгілі бір тәртіппен орналасқан, өсуі бойынша немесе азаюы бойынша реттелген қатардың варианттарының бірінің орташасы …; – дискреттік және интервалдық қатарларды бейнелеуге арналған график …. | |
Құндылықтарды дарыту | Өз жұмысына жауапкершілікпен қарау. Басқа оқушылардың көзқарасын сыйлау. | |
Пәнаралық байланыстар | Физика, химия, биология сабақтарындағы зертханалық жұмыстарды орындағанда берілген мәліметтерді өңдеу | |
Бастапқы білім | Статистика элементтерін білу: салыстырмалы жиілік, арифметикалық орта, мода, медиана, дисперсия, вариациялық қатардың стандарттық ауытқуы. Ықтималдық теориясының элементтерін білу: ықтималдықтың классикалық анықтамасы, математикалық күтілім, дисперсия, кездейсоқ шаманың стандарттық ауытқуы. |
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||
Сабақтың басы 3 мин | Мұғалім оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстырады. Сабақтың басында оқушылар кестенің бірінші бағаның толтыра бастайды. Оқушылар төмендегідей сұраққа жауап жазады: «Қандай шашыраңдылық өлшемдерін және орталық өзгеру өлшемдерін білесіңдер?»
Екіші және үшінші бағанды оқушылар сабақты қорыту кезеңінде толтырады. | |||||||||||
9 мин | Білімді жаңарту. (Топпен жұмыс) Мұғалім оқушыларға вариациялық қатарлардың деректерін талдау үшін: арифметикалық орта, мода, медиана, ауқым, дисперсия және статистикалық қатардың стандарттық ауытқу ұғымдарын қайталауы керектігін айтады. Ол үшін орталық өзгеру өлшемдері мен шашыраңдылық өлшемдерін еске түсіру мақсатында жұппен жұмыс жасаймыз, яғни 1-ші қосымшадағы карточкаларды алып, орталық өзгеру өлшемдеріне жататындарын бірінші бағанға, ал шашыраңдылық өлшемдеріне жататындарын екінші бағанға жинақтаймыз. (карточкалар жинағы 1, қосымша 1) Осыдан кейін, оқушыларға орта мәнді, моданы, медиананы, дисперсияны, ауқымды және қалыпты ауытқуды қалай табатындығын еске түсіруді сұрайды. Дифференциация. Осы тапсырманы орындау барысында қиындық көрген жұптарға жоғарыдағы шамаларды табу формуласы берілген немесе анықтайтын карточкаларды беріп оларды шамалармен сәйкестендіруін сұрайды. (карточкалар жинағы 2, қосымша 1) Жаңа жұппен жұмыс. Тапсырманы орындаған жұптардың істелген тапсырмамен қалады, екінші оқушының орнына басқа оқушы келеді. Олар жаңа жұп жасап алдынғы тапсырманы тексереді. Жауабы:
Мұғалім оқушылардың жұмысын бақылай отырып оларға керек кезінде бағыт береді және формальді емес жағдайда оларды бағалап, өзіне белгілеп алады. | Қосымша 1 | ||||||||||
5 мин | Есеп шығару. (Топпен жұмыс) Оқушылар төрт топқа бөлінеді. Топтарға тапсырма :
Мұғалім оқушылардың жұмысын бақылай отырып оларға керек кезінде бағыт береді және формальді емес жағдайда оларды бағалап, өзіне белгілеп алады. | |||||||||||
10 мин | Есеп шығару. (Жаңа топта жұмыс. Оқушылардың тілдік дағдысын дамыту) A мен B, C мен D топтары бірігіп, жауаптарын салыстырады және берілгендердің топтасқан түрі мен топтаспаған түрлері үшін жауаптарының қалай табылғандығын сұрыптайды. Барлық топтар: «Өз тапсырмаларында орталық өзгеру өлшемдерінің қай түрі бағалауға басқаларына қарағанда жақсырақ келеді?»-деген сұраққа жауап береді. Топтық жұмыс. Оқушылардың тілдік дағдысын дамыту. Әр топтан бір оқушыдан шығып өз тапсырмаларының орындалу барысын сыныпқа таныстырады, қойылған сұрақтарға жауап береді.
Алынған нәтижелерді жалпылау. Мұғалім барлық топтарға: «Қай тапсырмаларда орталық өзгеру өлшемдерінің қай түрі берілген мәліметтер үшін қолданған басқаларына қарағанда жақсырақ келеді жіне неліктен?»-деген сұрақ қояды. Егер сандар қатарында айрықша көзге түсетін мән көрінсе, онда берілген мәліметтерді талдауға орта мәннен гөрі медиананы пайдаланған дұрысырақ болады. Берілген қатар үшін моданы көбінесе қандайда бір ерекше емес, ортақ көрсеткішті анықтау үшін пайдаланады(мысалы ерекше сұранысқа ие аяқ-киім өлшемін алу үшін). Орта мәнді көбінесе бір модасы бар симметриялық түрде берілгендерге қолданған дұрысырақ болады. | |||||||||||
5 мин | Есеп шығару. (Сыныппен жұмыс) Оқушылар 1 мен 2 мысалдарға байланысты сұрақтарға ауызша жауаптар береді. 1мысал. Сенбі күні дүкенде сатылған аяқ-киімдердің өлшемдері: 36 36 36 38 38 38 38 38 39 40 40. Ауқымды табыңыздар. 2 мысал. Жексенбі күні дүкенде сатылған аяқ-киімдердің өлшемдері: 36 36 36 38 38 38 38 38 39 40 40 46. Ауқымды табыңыздар. Мұғалім: «Осы мысалдардын қайсысы үшін ауқымды талдау үшін қолданған қаншалықты дұрысырақ болып табылады?» Жауабы: 2 мысалда ауқым үлкен (10-ға тең), бірақ барлық берілгендер 38-ге жақын орналасқан, сол себепті шашыраңдылықтың бұл өлшемі берілгендердің шашыраңдылығы туралы нақты мәліметтер бере алмайды. Мұғалім: «Онда осы жағдай үшін шашыраңдылықтың қай өлшемін берілгендерді талдауға қолданамыз?» Жауабы: дисперсия (Дисперсия - шашыраңдылықтың өлшемі, жеке мәннің орташа квадратық ауытқуы орта мәннен). | |||||||||||
5 мин | Бекіту. (Жеке жұмыс) Оқушыларға төмендегі тапсырманы орындау ұсынылады. Тапсырма. Жексенбі күні дүкенде сатылған аяқ-киімдердің өлшемдері: 36 36 36 38 38 38 38 38 39 40 40 46. а) Қалыпты ауытқу мен дисперсияны табыңыздар. б) Берілгендерді жиіліктер кестесінде көрсетіңіздер. в) Топталған берілгендер үшін қалыпты ауытқу мен дисперсияны табыңыздар. Дескриптор: Оқушылар - дисперсияны табады; - қалыпты ауытқуды табады; - берілгендерді жиіліктер кестесінде көрсетеді; - топталған берілгендер үшін дисперсияны табады; - Топталған берілгендер үшін қалыпты ауытқуды табады. Тапсырманы әр оқушы жеке орындауыны мұғалім бақылап отырады. Тапсырманың тексеру сұрақ-жауап түрінде жүргізіледі. | |||||||||||
2 мин | Рефлексия «Білем. Білдім. Білгім келеді». Сабақты қорытындылау. Оқушылар екінші және үшінші бағанды толтырады.
Үй жұмысы:
19141591816101116 4201014119131513 12217151410111012 а) Тапсырманы орындауға жіберген уақыттың орта мәнің табыңыздар. Жауаптарыңызды жүздік үлеске дейін жуықтаңыздар. б) Медиананы табыңыздар. в) Моданы табыңыздар. г) Алдынғы үш өлшемнің қайсысы орташа уақытты дәлірек бере алады, неліктен? Жауабыңызды түсіндіріңіз.
|
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
Төменгі және жоғары деңгейдегі сұрақтарды қою барысында. Сабақ барысында, оқушылардың қиындықтарына ьайланысты дифференциалды түрде көмек беріледі. | Оқушылар жауаптарының толықтығы, тапсырмалардың орындалу сапасы және бақылау арқылы жүргізіледі. | Сабақ алдында бөлмені желдету. Оқушылардың дұрыс тік отыруын қадағалау. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды