Дискретті және аралық вариациялық қатар. Алгебра, 11 сынып, сабақ жоспары. 2 сабақ.
Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:11.1В бөлім: Математикалық статистика элементтері | Мектеп: | |
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |
Сынып: | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: |
Сабақ тақырыбы: Дискретті және аралық вариациялық қатар | ||
Сабақ түрі: | Білімді жалпылау және жүйелеу сабағы | |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 11.3.3.3 - берілген шартқа сәйкес вариациялық қатарлардың деректерін талдау | |
Сабақ мақсаттары | Оқушылар вариациялық қатарлардың деректерін талдау үшін орталық өзгеру өлшемдері мен шашыраңдылық өлшемдерін қолданады. | |
Бағалау критерийлері) | Оқушылар қолданады
| |
Тілдік мақсаттар | Оқушылар вариациялық қатарлардың деректерін талдау кезінде пәндік лексиканы және бөлімге сәйкес терминдерді қолданады. Пәндік лексика орталық өзгеру өлшемдері; шашыраңдылық өлшемдері; мода, медиана, орта мән; ауқым, дисперсия, вариациялық қатардың стандарттық ауытқуы. Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер – зерттелетін жиынтықта басқаларына қарағанда жиі кездесетін шама …; – белгілі бір тәртіппен орналасқан, өсуі бойынша немесе азаюы бойынша реттелген қатардың варианттарының бірінің орташасы …; – дискреттік және интервалдық қатарларды бейнелеуге арналған график …. | |
Құндылықтарды дарыту | Өз жұмысына жауапкершілікпен қарау. Басқа оқушылардың көзқарасын сыйлау. | |
Пәнаралық байланыстар | Физика, химия, биология сабақтарындағы зертханалық жұмыстарды орындағанда берілген мәліметтерді өңдеу | |
Бастапқы білім | Статистика элементтерін білу: салыстырмалы жиілік, арифметикалық орта, мода, медиана, дисперсия, вариациялық қатардың стандарттық ауытқуы. Ықтималдық теориясының элементтерін білу: ықтималдықтың классикалық анықтамасы, математикалық күтілім, дисперсия, кездейсоқ шаманың стандарттық ауытқуы. |
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
3 мин | Мұғалім оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстырады. Үй тапсырмасын тексеру. Үй тапсырмасының жауаптары. а) 12,59 б) 13 в) 10 г) Орта мән немесе медиана (бірақ мода емес)
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
7 мин | Білімді жаңарту. (Жеке жұмыс) Мұғалім оқушыларға тапсырманы жеке орындауға ұсынады. 1. Орта мән, медиана немесе моданың қайсысының төмендегі жағдаяттарды талдау үшін пайдалы өлшем болатындығының себебін көрсетіңіз. а) Дүкен иесі әртүрлі өлшемдегі киімдерді сатып алғысы келеді. б) Қалалық кеңес жаңа тұрғын үй комплексі үшін мектеп салуды жоспарлауда. Оқушылардың санын анықтау мақсатында, олар осыған ұқсас тұрғын үй комплексіндегі жанұядағы оқушылар санын зерттеуде. в) Қыз бала үнемі бірдей көлік сапарымен жүреді және жолда өткізген уақытын есепке алып отырады. Ол келесі сапарының қанша уақытқа созылатынын, бағалап білгісі келеді. 2. Газетте төмендегідей мәлімет бнрілген: «Осы айда сатылған үйлердің 60% -дан астамының бағасы сатудың орташа бағасынан төмен». Осы мәліметтің қаншалықты ақиқатқа сай болу мүмкіндігін және «орташа»(қандай өлшем туралы) сөзінің мағынасын қарастырыңыз.
Осы берілгендер жиынының қайсысының а) ең кіші, б) ең үлкен қалыпты ауытқуы бар? Жауабы: 1. а) мода, б) орта мән, в) медиана 2. бұл орта мән немесе мода болуы мүмкін, бірақ медиана емес 3. а) ; б) . Топпен жүргізілетін пікірталас (тіл дағдысын дамыту). Оқушыларды топтарға бөлеміз. Олардың біреуі бірінші сұраққа негіздеп жауап береді, ал қалған оқушылар оның жауабымен келіседі немесе негіздеу арқылы жоққа шығарады. Келесі сұрақтарға басқа оқушылар жауап береді, бірақ алдынғыдай түрде жүреді. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
6 мин | Жаңа материалды бекіту (Жұппен жұмыс) Мұғалім оқушыларға жұппен жұмыс жасауды ұсынады (кейбір жұптарда тапсырмалар бірдей болуы мүмкін):
9 жұпқа математикалық қабілеті жоғары оқушыларды топтастыруға болады.. Мұғалім бақылай отырып, оқушылардың жұмыстарына түзетулер жасайды, бағыт- бағдар беріп көмектеседі. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
13 мин | Бекіту. (Жұппен жұмыс, тапсырма ауысу.) Жұптар тапсырмаларымен алмасады және ол тапсырмаларды орындайды, осындай жолмен әр жұп кем дегенде үш тапсырма орындау керек. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
8 мин | Бекіту. (Жаңа топпен жұмыс) Оқушылар жасаған тапсырма номерлері бойынша топтасады, шешу жолдары мен жауаптарын салыстырып тексереді. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
3 мин | Рефлексия. Қорытындылау.
Үй тапсырмасы: 1. 25 автомобильдің дөңгелектерінің жүру ұзақтығы туралы деректер берілген ( км-мен): 142014431448147215121481148814921508 145615281535153815431549155115571568 1571158615921595158716031628 а) Аралық вариациялы қатар құрыңыздар. б) Дискретті және аралық вариациялық қатар үшін орта мән мен медиананы табыңыздар. в) Осы көрсеткіштердің (орта мән, медиана) қайсысы жүру ұзақтығын бейнелеу үшін пайдалы? 2. 25 автомобильдің дөңгелектерінің жүру ұзақтығы туралы деректер берілген ( км-мен): 142014431448147215121481148814921508 145615281535153815431549155115571568 1571158615921595158716031628 а) Дискретті вариациялық қатар үшін қалыпты ауытқуды табыңыздар және осы шамаға байланысты қысқаша интерпретация жасаңыздар. б) Аралық вариациялық қатар құрыңыздар. в) Аралық вариациялық қатар үшін қалыпты ауытқуды табыңыздар. |
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
Төменгі және жоғары деңгейдегі сұрақтарды қою барысында. Сабақ барысында, оқушылардың қиындықтарына ьайланысты дифференциалды түрде көмек беріледі. | Оқушылар жауаптарының толықтығы, тапсырмалардың орындалу сапасы және бақылау арқылы жүргізіледі. | Сабақ алдында бөлмені желдету. Оқушылардың дұрыс тік отыруын қадағалау. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды