Вариациялық қатарлар. Алгебра, 11 сынып, презентация.


Вариациялық қатарлар

Сабақ мақсаттары

11.2.2.2 - вариациялық және интервалдық қатарларды құру үшін таңдалымдағы мәліметтерді өңдейді

Белгі мәндерінің қатарын немесе мәндері кему не өсу ретімен орналасқан біртекті заттарды немесе құбылыстарды жаппай зерттеу нәтижесінде сәйкес жиіліктерімен (немесе қатыстық жиіліктерімен) алынған варианталар қатарын вариациялық қатар дейді

Егер вариациялық қатарда белгі (варианта) мәндері жеке нақты сандармен берілген болса, онда мұндай қатарды дискретті қатар дейді

Егер вариациялық қатарда белгі (варианта) мәндері интервалдар түрінде берілген болса, онда мұндай қатарды интервалдық деп атайды

Интервалдың жоғарғы және төменгі шекараларының айырмасын осы интервалдың ені деп атаймыз.

Тағы да жинақты (кумулятивті) вариациялық қатарлар да қарастырылады. Мұндай қатарларда нақты варианталардың (немесе интервалдардың) жиіліктерінің немесе қатыстық жиіліктерінің орнына жинақталған жиіліктер жазылады.

14,51 14,42 14,56 14,47 14,46 14,35 14,48 14,53

14,21 14,31 14,35 14,68 14,56 14,28 14,36 14,21

14,52 14,23 14,41 14,46 14,69 14,54 14,36 14,15

14,37 14,51 14,25 14,55 14,51 14,36 14,62 14,55

14,38 14,33 14,40 14,52 14,48 14,51 14,55 14,39

14,54 14,58 14,48 14,37 14,38 14,51 14,36 14,15

14,24 14,32

Мысал: Станоктан жасалып шыққан 50 валиктің диаметрлері (мм) келесідей:

а) а) Дискретті вариациялық қатар құрыңыз.

б) Интервалдық вариациялық қатар құрыңыз

ЖАУАПТАРЫ:

Дискретті қатар

Интервалдық қатар

Келесі есептің

а) Дискретті вариациялық қатар құрыңыз.

б) Интервалдық вариациялық қатар құрыңыз:

А . деңгейі. Төменде химиялық реакцияның уақыты көрсетілген (секундпен):

8,5 7,1 6,7 6,2 2,9 4,4 6,0 5,8 5,4

8,2 6,9 6,5 6,1 3,8 6,0 6,0 5,6 5,3

7,7 6,8 6,5 6,1 4,2 4,7 5,6 5,4 5,3

7,4 6,7 6,4 6,1 4,5 6,0 5,8 5,6 5,1

В деңгейі.. Мата тығыздығы туралы келесідей мәліметтер алынды (шартты белгілермен):

197,4 192,7 193,6 191,1 191,3

188,3 194,3 195,4 196,6 177,7

197,8 196,7 190,8 191,7 195,2

182,7 200,2 196,1 189,9 184,8

190,3 198,6 190,2 183,5 187,2

С деңгейі. 50 болат арқанның беріктігі туралы келесідей мәліметтер алынған (шартты белгілермен):

1800 1700 1740 1640 1780 1860 1600 1840

1880 1980 1540 1620 1860 1660 1840 1820

1840 1740 1780 1960 1840 1880 1740 1560

1740 1640 1740 1640 1660 1840 1940 1740

1800 1680 1800 1700 1640 1560 1740 1840

1740 1860 1740 1620 1740 1560 1600 1720

1840 1800

Задания

Цех жұмысшыларын кездейсоқ таңдау барысында олардың біліктілігі туралы келесі нәтиже алынды: 4, 5, 6, 4, 4, 2, 3, 5, 4, 4, 5, 2, 3, 3, 4, 5, 5, 2, 3, 6, 5, 4, 6, 4, 3. Вариациялық қатар құрыңыз; түрін анықтыңыз; жиілік кестесін құрыңыз; ортаарифметикалық мәнін; медианасын; модасын және ауқымын табыңыз.

Задания

2. Физика-математика факультетінің 30 тобының студенттер саны туралы мәлімет кестеде берілген. Студенттер санының вариациялық қатарын құрыңыз және оның вариациялық ауқымын табыңыз. Жиілік полигонын тұрғызыңыз.

Задания

3. Түркістан облысының аудандары бойынша картоп егілген аудандары (мың гектар) бойынша мәлімет: 1,5; 1,5; 0,6; 1,3; 0,9; 0,9; 0,6; 1,3; 1,1; 0,6; 1,1; 0,9; 1,6; 1,3; 0,8; 0,4; 1,1. Таңдалымды а)вариациялық қатар түрінде, б) статистикалық қатар түрінде жазыңыз.

Задания

4. N елді мекенінің қала және аудан тұрғындарының 2003 жылғы туылу деңгейі туралы ақпарат:

85, 159, 80, 249, 289, 151, 105, 180, 199, 122, 153, 157, 336, 231, 148, 96, 519, 309, 350, 267, 738, 750, 371, 239, 598, 715, 277, 726, 466, 905, 777, 415, 376, 993 құрды. Интервалдық қатарды және туылу гистограммасын құрыңыз.

РЕФЛЕКСИЯ

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет

Үй жұмысы

Задания

Түркістан облысының орта мектептерінің директорларының жұмыс өтілі келесідей: 2 жылға дейін – 6 адам, 2 - 5 жылға дейін – 7, 5 - 10 жылға дейін - 21, 10 – 20 жылға дейін - 59, 20 жылдан астам - 196, зейнеткерлер - 65 адам. Интервалдық үлестіру қатарларын құрып, гистограммасын салыңыз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу