Дискретті және интервалдық вариациялық қатарлар. Алгебра, 11 сынып, қосымша материал. 2 сабақ.
Жұмыс парақшасы
Топпен жұмыс
Мақсаты: Дискретті және интервалдық вариациялық қатарлар құру.
Теориялық материалды қайталау
(1) Варианта дегеніміз не?
(2) Вариациялық қатар дегеніміз не?
(3) Дискретті вариациялық қатар деп нені айтады?
(4) Интервалдық вариациялық қатар деп нені айтады?
(5) Интервалдың ені деп нені айтамыз?
(6) Жинақты вариациялық қатар деп нені айтамыз?
(7) Үлестірімнің абсолютті тығыздығы деген не? Оны есептеу формуласы қалай жазылады?
(8) Үлестірімнің қатыстық тығыздығы деген не? Оны есептеу формуласы қалай жазылады?
Мысал. Станоктан жасалып шыққан 50 дөңбектің диаметрлері (мм) келесідей:
14,51 14,42 14,56 14,47 14,46 14,35 14,48 14,53 14,21 14,31
14,35 14,68 14,56 14,28 14,36 14,21 14,52 14,23 14,41 14,46
14,69 14,54 14,36 14,15 14,37 14,51 14,25 14,55 14,51 14,36
14,62 14,55 14,38 14,33 14,40 14,52 14,48 14,51 14,55 14,39
14,54 14,58 14,48 14,37 14,38 14,51 14,36 14,15 14,24 14,32
а) Дискретті вариациялық қатар құрыңыз.
б) Интервалдық вариациялық қатар құрыңыз.
в) Интервалдық вариациялық қатар үшін үлестірімнің абсолютті және қатыстық тығыздықтарын есептеңіз.
Стратегия: «Түсіндір, сұра, бақыла»
Критерийлер мен бағалау дескрипторларын оқушылар өздері құрады,
Жұппен жұмыс
Мақсаты: Дискретті және интервалдық вариациялық қатарлар құру.
Тапсырма №2./деңгейлі тапсырмалар
А деңгейі. Төменде химиялық реакцияның уақыты көрсетілген (секундпен):
8.5 7.1 6.7 6.2 2.9 4.4 6.0 5.8 5.4 8.2 6.9 6.5
6.1 3.8 6.0 6.0 5.6 5.3 7.7 6.8 6.5 6.1 4.2 4.7
5.6 5.4 5.3 7.4 6.7 6.4 6.1 4.5 6.0 5.8 5.6 5.1
а) Дискретті вариациялық қатар құрыңыз.
б) Интервалдық вариациялық қатар құрыңыз.
в) Интервалдық вариациялық қатар үшін үлестірімнің абсолютті және қатыстық тығыздықтарын есептеңіз.
В деңгейі. Мата тығыздығы туралы келесідей мәліметтер алынды (шартты белгілермен):
197,4 192,7 193,6 191,1 191,3
188,3 194,3 195,4 196,6 177,7
197,8 196,7 190,8 191,7 195,2
182,7 200,2 196,1 189,9 184,8
190,3 198,6 190,2 183,5 187,2
а) Дискретті вариациялық қатар құрыңыз.
б) Интервалдық вариациялық қатар құрыңыз.
в) Интервалдық вариациялық қатар үшін үлестірімнің абсолютті және қатыстық тығыздықтарын есептеңіз.
С деңгейі. 50 болат арқанның беріктігі туралы келесідей мәліметтер алынған (шартты белгілермен):
1800 1700 1740 1640 1780 1860 1600 1840 1880 1980
1540 1620 1860 1660 1840 1820 1840 1740 1780 1960
1840 1880 1740 1560 1740 1640 1740 1640 1660 1840
1940 1740 1800 1680 1800 1700 1640 1560 1740 1840
1740 1860 1740 1620 1740 1560 1600 1720 1840 1800
а) Дискретті вариациялық қатар құрыңыз.
б) Интервалдық вариациялық қатар құрыңыз.
в) Интервалдық вариациялық қатар үшін үлестірімнің абсолютті және қатыстық тығыздықтарын есептеңіз.
Стратегия: «Ойлан, жұптас, бөліс»
Критерийлер мен бағалау дескрипторлары:
– мәліметтерді реттейді және топтастырады;
– дискретті вариациялық қатар құрады;
– интервалдық вариациялық қатар құрады;
– үлестірімнің абсолютті тығыздығын есептейді;
– үлестірімнің қатыстық тығыздығын есептейді.
Үйге тапсырма. Теорияны қайталау, №№1-2 беттер,
№1. Берілген таңдалым бойынша дискретті вариациялық қатар құрыңыз.
42 42 41 49 42
41 49 42 41 42
45 42 42 41 49
40 45 41 44 44
41 45 42 43 43
«Сабақ-жапырақ» диаграммасын салыңыз.
№2. Берілген таңдалым бойынша дискретті вариациялық қатар құрыңыз.
55 56 56 58 57
59 57 56 58 56
58 56 59 57 59
57 55 56 59 57
56 58 56 59 59
Абсолюттік және салыстырмалы жиіліктер кестесін, арифметикалық орта мәнін, дисперсиясын, орташа квадраттық ауытқуын табыңыз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?