Дискретті және интервалдық вариациялық қатарлар. Алгебра, 11 сынып, қосымша материал. 3 сабақ.
Жұмыс парақшасы
Топпен жұмыс
Мақсаты: Дискретті және интервалдық вариациялық қатарлар құру үшін таңдалым мәліметтерін өңдеу.
Теориялық материалды меңгеру
Мұғалім:
Статистиканың ең негізгі мақсаты – алынған мәліметтерді өңдеу.
Ол үшін келесі қадамдар орындалады:
(1) Өлшемдер мәліметтерін реттейді және топтастырады.
(2) Мәліметтер үлестірімінің кестесін құрады.
(3) Кестені пайдаланып, мәліметтер үлестірімінің графигін тұрғызады.
(4) Алынған ақпараттың негізгі сандық сипаттамасы келтірілген мәтін құрылады.
Вариациялық қатарларды, яғни белгі мәндерінің және сәйкес жиіліктері немесе қатыстық жиіліктері арасындағы қатынастарды көрсету үшін неғұрлым жиі қолданылатын графиктер ретінде полигон (көпбұрыш), гистограмма және кумулятаны айтамыз.
Топтарға тапсырма
- Ұсынылған мәтінді оқып, танысыңыз.
- Топ ішінде мәтінді талдаңыз.
- Мәтін негізінде плакат жасаңыз.
- Өзара таныстырыңыз және бағалаңыз.
1-топ. Полигон
2-топ. Гистограмма
3-топ. Кумулята
Топпен жұмыс
Мақсаты: Дискретті және интервалдық вариациялық қатарлар құру үшін таңдалым мәліметтерін өңдеу.
Тапсырма №2.
Нұсқаулық. Топтар тақырыптары ауыстырылады.
- тапсырмамен танысыңыз.
- тапсырманы шешу алгоритмін құрыңыз.
- тапсырманы орындаңыз және жауабын жазыңыз.
- өзара жұмыстарды алмастырып, тексеріңіз және бағалаңыз.
1-топ. Полигон
Берілген таңдалым бойынша интервалдық вариациялық қатар құрыңыз және үлестірім гистограммасын салыңыз.
21 30 39 31 42 34 36 30 28 30
33 24 31 40 31 33 31 27 31 45
31 34 27 30 48 30 28 30 33 46
43 30 33 28 31 27 31 36 51 34
31 36 34 37 28 30 39 31 42 37
2-топ. Гистограмма
Келесі кестені пайдаланып, кумулятасын салыңыз.
Интервал | ||||
48-49 | 20 | 48,5 | 0,2 | 0,2 |
49-50 | 50 | 49,5 | 0,5 | 0,7 |
50-51 | 20 | 50,5 | 0,2 | 0,9 |
51-52 | 10 | 51,5 | 0,1 | 1 |
Қосынды | 100 | 1 |
3-топ. Кумулята
Берілген таңдалым бойынша дискретті вариациялық қатар құрыңыз және үлестірім көпбұрышын салыңыз.
39 41 40 42 41 40 42 44 40 43 42 41 43 39 42
41 42 39 41 37 43 41 38 43 42 41 40 41 38 44
40 39 41 40 42 40 41 42 40 43 38 39 41 41 42
Стратегия: «Тексер және бағала»
Критерийлер мен бағалау дескрипторлары:
– мәліметтерді реттейді және топтастырады;
– дискретті вариациялық қатар құрады;
– үлестірім көпбұрышын салады;
– интервалдық вариациялық қатар құрады;
– үлестірім гистограммасын салады.
– үлестірім кумулятасын салады
Үй жұмысы
№1. Көлемі 20 болатын таңдалым жиілігінің үлестірімі берілген
хі | 2 | 6 | 12 |
ni | 3 | 10 | 7 |
Салыстырмалы жиіліктер үлестірімін жазыңыз.
№2. Электр желісіндегі токтың кернеуін бір сағаттан сайын өлшеп отырған. Нәтижесінде келесі мәліметтер алынды:
227 219 215 230 232 223 220 222 218 219 222 221 227 226 226
209 211 215 218 220 216 220 220 221 225 224 212 217 219 220
Статистикалық үлестірімін құрыңыз және көпбұрышын салыңыз.
№3. 50 адамның қанындағы қанттың мөлшерін бақылау барысында мынадай мәліметтер тіркелді:
3.94 3.84 3.86 4.06 3.67 3.97 3.76 3.61 3.96 4.04
3.82 3.94 3.98 3.57 3.87 4.07 3.99 3.69 3.76 3.71
3.81 3.71 4.16 3.76 4.00 3.46 4.08 3.88 4.01 3.93
3.92 3.89 4.02 4.17 3.72 4.09 3.78 4.02 3.73 3.52
3.91 3.62 4.18 4.26 4.03 4.14 3.72 4.33 3.82 4.03
Берілген таңдалым бойынша интервалдық вариациялық қатар құрыңыз және үлестірім гистограммасын салыңыз.
Ескерту. Интервал 3.45-3.55; 3.55-3.65 және т.б. алған жөн.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?