Анықталмаған интегралдың қасиеттері. (Жаңа тақырыпты меңгеру). Алгебра, 11 сынып, сабақ жоспары. 1 сабақ.
Алғашқы функция және интеграл | Мектеп: | ||||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||||||||||||||||
Сынып: 11 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Анықталмаған интегралдың қасиеттері (жаңа тақырыпты меңгеру) | ||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 11.3.1.2 – анықталмаған интегралдың қасиеттерін білу және қолдану
| ||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Анықталмаған интегралдың қасиеттерін үйрену және практикада қолдану. Анықталмаған интеграл мен алғашқы функцияны анықтау дағдысын қалыптастыру, интегралдау тәсілдерін мен қасиеттерін қолдана білу. | ||||||||||||||||||||||||
Жетістік критерийлері | Оқушы: - функцияны интегралдауды дифференциалдауға кері функция екенін түсінеді, - дәреже ережесін қолданады, - анықталмаған интеграл қасиеттерін қолданады. | ||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: - алғашқы функция қасиеттерінің қорытындысын түсіндіру; - интегралдау әдістерін қолдану бойынша әрекеттерге түсініктеме беру; Бөлім бойынша лексика мен терминология
Диалог / жазуға арналған пайдалы фразалар сериясы - Анықталмаған интегралды табу үшін алғашқы функция қасиеттерін қолданамыз | ||||||||||||||||||||||||
Саралау түрі | Қиындық деңгейі бойынша, қолдау әдісі бойынша | ||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Ынтымақтастық, сыйластық, академиялық адалдық | ||||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Функция шегін нүктеде табу мүмкіндігі, шектер қасиеттерін қолдана білу, алгебралық және тригонометриялық өрнектерді түрлендіре білу. | ||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||||||||||
Сабақтың кезеңдері | Сабақта орындалатын іс-әрекеттер | Оқыту ресурстары | |||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы | |||||||||||||||||||||||||
Ұйымдастыру кезеңі 4 мин | Оқушылармен амандасу. Қолайлы психологиялық орта құру. https://www.youtube.com/watch?v=vLmbOsYc-iQ |
| |||||||||||||||||||||||
Жұптастыру 3 мин | Функция және оның туындысы бойынша жұптастыру - қалай жұптастыңыздар? - жұптарыңызды іздеуде қиындықтар болды ма? - қандай формулаларды қолдандыңыздар? | 1-ҚОСЫМША | |||||||||||||||||||||||
Тақырыпқа шығу 3 мин |
Сурет мәліметтері өзара қалай байланысты? Суреттегі мәліметтерді қандай ретпен орналастыруға болады? Суреттегі Шыныаяқ кофе үшін ұнтақталған кофе нені білдіреді? Және керісінше? Егер кофе дәндерінің суретін қоссақ нені білдіреді? Бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай деп ойлайсыздар? Сабақтың тақырыбына шығу. Сабақтың мақсатын анықтау. | 2-ҚОСЫМША | |||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы | |||||||||||||||||||||||||
3 мин | Жұптық жұмыс Операцияларды сәйкестендіріңіз.
- қандай принцип бойынша жұпқа біріктірдіңіздер? - алғашқы функция және туынды туралы солай айтуға бола ма? | 1-ҚОСЫМША | |||||||||||||||||||||||
7 мин | Білімді актуализациялау. Оқушыларға алғашқы функциялар, интегралдау сияқты ұғымдарды еске түсіру ұсынылады. Интегралдау - бұл дифференциалдауға кері процесі екендігін айта кету керек. Осы қағиданы басшылыққа ала отырып, студенттер дифференциалдау ережелерінен туындайтын алғашқы функция туралы қорытынды жасауға тырысуы керек. Оқушылар бірден дұрыс жауап ала алмауы мүмкін немесе мұғалімнің көмегі қажет болуы мүмкін, бірақ бастысы - оларға ойлануға және талқылауға уақыт беру.
Мини-зерттеу Оқушылар жұппен жұмыс жасайды. 1. ... функциясының туындысын табыңыз 2. Егер алғашқысы белгілі болса, функция қандай болуы керек .... Мини исследование Учащиеся в парах выполняют работу над задачей
3. Туындыдан алғашқы функцияны алуға болатын формуланы жазыңыз 4. Сіз жұптастырылған функцияларды тексеріңіз Жауаптарыңызды А4 беру. Студенттер постерлерді сағат тілімен алмастырады, өзара бағалау болады. «2 жұлдыз - 1 тілек» стратегиясы бойынша жұмыс. | 3-ҚОСЫМША | |||||||||||||||||||||||
4 мин 4 мин | Жаңа материалды оқып үйрену.
Анықталмаған интегралдың қасиеттерін шығаруға көшеміз. Мысалы, қосындының туындысы олардың туындыларының қосындысына тең болатыны белгілі. Осыдан шығатын ереже: екі немесе одан да көп функциялардың алгебралық қосындысының анықталмаған интегралдары олардың интегралдарының алгебралық қосындысына тең. Тұрақты көбейткішті туынды белгісінен шығаруға болатындығы белгілі. Бұдан келесі ереже шығады: тұрақты көбейткішті интеграл белгісінің алдына шығаруға болады.
«Бос орынды толтыру». Стратегия
Оқушылардың назарына, функциялардың көбейтіндісінің туындысы олардың туындыларының көбейтіндісіне тең емес, сондақтан функциялардың көбейтіндісінің алғаншы функциясын табу ережесі жоқ. | 4-ҚОСЫМША 5-ҚОСЫМША | |||||||||||||||||||||||
2 мин | Vocabulary
Оқушылар сабақ тақырыбы бойынша сөздік қорларын толықтырады. Уақытты үнемдеу үшін таратпа қағазды сөздікке (дәптерлердің соңғы парағы) жапсыруға болады. | 6-ҚОСЫМША | |||||||||||||||||||||||
8 мин | Бастапқы бекіту Қолдау деңгейі бойынша саралау Интегралды есептеңіз. Оқушыларға бірдей тапсырмалар беріледі, ал егер оқушы шешуде қиындықтарға тап болса, ол «Шешім үлгісі» таратпа қағазын таңдайды (7-ҚОСЫМШАНЫ қараңыз) және өз жұмысын жалғастырады. Кері байланыс - Есептеуде анықталмаған интегралдардың қандай қасиеттері қолданылды? - Тапсырманы орындау үшін тағы қандай білімдеріңізді қолдандыңыздар? - Ең қиыны не болды? Неліктен? | 7-ҚОСЫМША | |||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы | |||||||||||||||||||||||||
2 мин | «Мұғалімге хат» рефлексиясы. Оқушылар сабақтың нәтижелерін конвертке жазады (не оңай болды, не қиын болды, келесі сабақта неменеге назар аудару керек және сабаққа деген тілектері). | 2-ҚОСЫМША |
Дифференциациялап оқыту – Оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз? | Бағалау – Оқушылардың білімін қалай тексересіз? | Қауіпсіздік ережелері | |
Жеке физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес Оқыту түріне байланысты саралау Қиындық деңгейі бойынша саралау Қолдау деңгейі бойынша саралау Жылдамдық бойынша саралау (үдеу, тереңдеу - мазмұн бойынша саралау) Өзігімен жұмыс жасай алуы немесе жауапкершілігі бойынша саралау | 1. Фронтальдық әңгіме барысында мұғалім оқушылардың жаңа терминдер мен ұғымдарды түсінуін, жаңа материалды мағыналы қабылдауын бақылайды; 2. Оқушылардың өзін-өзі бағалауы 3. Сабақ соңында оқушылардың сабақтың мақсатына жетуі туралы рефлексия (ауызша). 4. Топтық жұмыстың жауаптарын тексеру (топтық бағалау және мұғалімнің бағалауы) | Денсаулық сақтау технологиялары. Пайдаланылған физикалық минуттар мен белсенді әрекеттер. Осы сабақта қолданылған қауіпсіздік ережелері. | |
Рефлексия Сабақ мақсаты/оқу мақсаты қаншалықты жүзеге асты? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Дифференциациялап оқыту өз мәнінде жүзеге асты ма? Өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
| ||
Қорытынды бағалау Ең жақсы өткен екі тапсырманы атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты). 1: 2: Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)? 1: 2: Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?