Алғашқы функция және анықталмаған интеграл. Алгебра, 11 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
11.1A бөлім: Алғашқы функция және интеграл | Мектеп: Павлодар қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Бисмельдинова Б.М. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 11 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Алғашқы функция және анықталмаған интеграл. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 11.3.1.1 - алғашқы функция және анықталмаған интеграл анықтамаларын білу; | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары |
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқытудың тілдік мақсаты
Пәнге қатысты лексика мен терминология:
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер: егер мен осы функцияны дифференциалдасам, онда мен …. аламын; | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту
| Тапсырмаларды жұпта(топта) орындау арқылы ынтымақтастық құндылықтарды қалыптастыру; Жаңа білім қалыптастыруда бірлесіп жұмыс жасау арқылы құрмет құндылықтарын қалыптастыру; Жаңа білімді меңгеру арқылы өмір бойы оқу құндылығын қалыптастыру. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | - | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Қолдану дағдыларын дамыту (стандартты бағдарлама құралдарынан таңдау) Онлайн-калькулятормен жұмыс жасау дағдыларын дамыту. «www.geogebra.org» бағдарламасын қолдану дағдысын дамыту | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Функцияның нүктедегі шегін табу білімі мен біліктілігі, шектердің қасиеттерін қолдану біліктілігі, тригонометриялық және алгебралық өрнектерді түрлендіру біліктілігі. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
1 сабақ Сабақтың басы 1 мин 3 мин 1 мин Жаңа материалды меңгеру 5 мин | Сәлемдесу. Оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылар назарын аудару Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру. Үй жұмысын тексеру Психологиялық ахуал Сабақтың мақсатын қою (сабақтың мақсатың айқын қою керек), Мәселелік сұрақ: 1.
2. Неге анықталмаған интегралды табу үшін әрдайым интеграл тұрақтысы қажет екенін түсіндіріңіз. Оқушылар жетістік критерийлерді құрастырады. Үш етістікті қолданып, критерийлерді құрастырыңыз: Есептеу, Тұжырымдау, Түсіндіріп беру, Талқылау, Көрсету, Ажырату, Қорытындылау. Оқушыларға өзінің құрастырған критерийлерді берілген критериймен салыстырады. Жаңа материалды меңгеру Анықталмаған интеграл анықтамасы: https://bilimland.kz сайтты бойынша Анықталмаған интеграл анықтамасысын беру. Анықтама. Егер (a; b) аралығында анықталған y = f(x) және y = F(x) функциялары үшін F′ (x) = f(x) теңдігі орындалса, онда F(x) функциясын f(x) функциясы үшін алғашқы функция деп атайды. Мысалы, (x 3)′ = 3x 2 болғандықтан, F(x) = x 3 функциясы f(x) = 3x 2 функциясының алғашқы функциясы болады. Дәл сол сияқты Ф1 = x 3 + 5 те – f (x) = 3x 2-тың алғашқы функциясы. Кез келген тұрақты C саны үшін Ф(x) = x 3 + C функциясы f(x) = 3x 2-тың алғашқы функциясы болады, себебі (x 3 + C)′ = 3x 2. Сонымен қатар төменде берілген теорема 3x 2 функциясының x 3 + C-дан өзге түріндегі алғашқы функциялары болмайтынын көрсетеді. Теореманы дәлеледеңіз. Теорема. Егер белгілі бір аралықта F(x) және Ф(x) функциясы f(x) үшін алғашқы функция болса, онда осы аралықта ол функциялар бір-бірінен тек тұрақты санмен ғана ерекшеленеді. Дәлелдеу. Егер (a; b) аралығында F(x) функциясы f(x)-тің алғашқы функциясы болса, онда кез келген тұрақты C саны үшін (F(x) + C)′ = F′ (x) + C′ = F′ (x) = f(x) теңдігі орындалады, яғни F (x) + C функциясы – f(x) -тің алғашқы функциясы. Керісінше, F(x) және Ф(x) функциялары үшін F′ (x) = f(x), Ф′ (x) = f(x) теңдіктері орындалса, яғни F(x) және Ф(x) функциялары f(x)-тің алғашқы функциялары болса, онда (Ф(x) – F(x))′ = Ф′ (x) – F′ (x) = f(x) – f(x) = 0 теңдігінен Ф(x) – F(x) айырмасы тұрақты C санына тең болатынын көреміз: Ф(x) – F(x) = С. Осыдан шығатыны: Ф(x) = F(x) + С. Теорема дәлелденді. | Таратпа материал Қосымша №1 | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бекіту 5 мин | Микрооқыту. Топтық жұмыс https://bilimland.kz сайтты бойынша, бекітуге арналған жаттығуларды орындау. Тексеру. Кері байланыс: Не шықты? Не шыққанжоқ? Қандай анықтамалар шықты? | Ноутбуктар | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сергіту сәті 2 мин | Көзге гимнастика | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жаңа материалды меңгеру 5 мин | «Белсенді лекция» СТО стратегиясын қолдану (Талқылау) Анықтама. (a; b) аралығында анықталған y = f(x) функциясының барлық алғашқы функцияларының жиынтығын f(x)-тің анықталмаған интегралы деп атайды. Белгіленуі: . Егер F(x) функциясы көрсетілген аралықта f(x)-тің қандай да бір алғашқы функциясы болса, онда анықтама бойынша = F(x) + C теңдігі орындалады деп есептеуге болады. Мұндағы f(x) – интеграл астындағы функция, f(x) dx – интеграл астындағы өрнек, C – интегралдық тұрақты шама және x – интегралдау айнымалысы. Интеграл астындағы dx белгісі интегралдың қандай айнымалы бойынша алынатынын көрсетеді. Мысал. x функциясының интегралын табу керек. болғандықтан, анықтама бойынша теңдігі орындалады. Кез келген n нақты саны үшін:
f(x) dx интегралы f(x)-тің алғашқы функциясы болатын тұтас барлық функциялар жиынтығын құрайды. C тұрақтысының орнына кез келген санды алуға болады. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Зерттеу жұмысы 8 мин | Жеке жұмыс Зерттеу жұмысы geogebra.org бағдарламасымен жұмыс істеу Тапсырма
Дескрипторлар: - функцияның алғашқы функциясы табылған; - Функция дұрыс салынған; - С-тұрақтысы бойынша қорытында жасалған. | Ноутбуктар Қосымша №2 | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бекіту 8 мин | Жұптық жұмыс. Талқылау. Кестені толтырыңыз
Қорытындыны жасаңыз: Оқушылар бір-бірін тексереді Кері байланыс береді. Кері байланыс: Не шықты? Не шыққан жоқ? Қандай анықтамалар шықты? | Таратпа материал Қосымша №3 | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 2 мин | Рефлексия мен сабақты қалай игердім Бүгін мен сабақта мынаны игердім: Мен сабақтың бұл бөлігіне сенімдімін: Бұл бүгін мен үшін сабақтың ең қиын бөлігі болды: Бұл қиын болды, себебі: Топтық жұмыс кезінде (өзінізді бағалаңыз): Мен мұқият тыңдадым 0 1 2 3 4 5 Мен біреуді маған түсіндіруді сұрадым 0 1 2 3 4 5 Мен неліктен келіспейтіндігімді түсіндірдім 0 1 2 3 4 5 Мен неліктен келісетіндігімді түсіндірдім 0 1 2 3 4 5 Мен өз дәлелдерімді келтірдім 0 1 2 3 4 5 Үйге тапсырма: Кесте дұрыс толтырылғанын тексеріңіз, қателер пайда болған жағдайда оларды түзетіңіз. Қателіктердің пайда болғаның түсіндіріңіз. Соңғы негізделген жауаптарды беріңіз.
| Қосымша №4 | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Оқушылар дифференциалдық тапсырмалар алады. | Критерйдер, жауаптар парақтары. Бір-бірін тексеріп, бағалау. | Сергіту сәтін орындау | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды