file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Қисық сызықты трапеция және оның ауданы. Анықталған интеграл. Алгебра, 11 сынып, сабақ жоспары. 2 сабақ.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Мектеп: НЗМ Семей қаласы

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Класс:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Қисық сызықты трапеция және оның ауданы. Анықталған интеграл

Сабақ типі:

Өткен материалды бекіту сабағы

Оқу мақсаттары

11.4.1.6 – қисық сызықты трапецияның анықтамасы және Ньютон-Лейбниц формуласын оның ауданын табу үшін қолдану.

 Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушы білетін болады:

– қисық сызықты трапецияның анықтамасын.

Көпшілік оқушы білетін болады:

– қисық сызықты трапецияның ұғымын бекітеді және Ньютон-Лейбниц формуласын аудан табу үшін қолданады.

Кейбір оқушы білетін болады:

  • Өз жауаптарын негіздей алады.

 Бағалау критерийлері

  • Ньютон-Лейбниц формуласын анықталған интегралды есептеу үшін қолданады.
  • қисық сызықты трапецияның ауданын табады.

 Тілдік мақсаттар

Пәндік және лексикалогиялық терминология:

  • алғашқы функция;
  • анықталған интеграл;
  • анықталған интегралды жоғарғы және төменгі шегі;
  • Ньютона-Лейбниц формуласы;
  • қисық сызықты трапеция

Диалог пен жазба үшін пайдалы тіркестер:

  •  қисық сызықты трапецияның ауданын табу үшін, ... орындау қажет.
  • Ньютона-Лейбниц формуласын қолдана отырып ...;
  • Анықталған интегралды табу үшін ...

Құндылықтарды дарыту

Бір-бірін құрметтеуді, өзгелердің пікірін тыңдауды, түсінуді ж»не өз ойын өзгелерге жеткізе алуды қалыптастыру. Топта және жұпта жұмыс істеу арқылы оқушының бойына өзгелердің еңбегін әділ бағалау, мәселені шешуге шығармашылықпен қарау және серіктестік дағдыларды қалыптастыру.

 Пәнаралық байланыс

Геометрия

Бастапқы білім

Алғашқы функция, анықталмаған интегралды есептеу, трапецияның ауданы.

Сабақ барысы:

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Сабақтың ортасы

30 минут

  • Ұйымдастыру кезеңі:
  • мұғалімнің және оқушылардың жылы көңіл-күйі;
  • сыныптың жұмыс ырғағына жылдам қосылуы;
  • барлық оқушылардың назарларын аударуды ұйымдастыру.

Сыныпта жақсы көңіл-күй орнықтыру үшін оқушылармен «Қуаныш шеңбері» ойынын ұйымдастырыңыз. Барлық оқушылар шеңбер бойына әртүрлі әрекет жасап тұрады да, қасындағы көршісіне көңілденіп амандасады. Бұл ойын оқушылардың эмоционалды ахуалын жақсартып, оларға көтеріңікі көңіл-күй сыйлайды.

  • Сабақтың тақырыбын, ОМ, БК айту арқылы сабаққа кірісу.
  • Өткен сабақтың материалаын сұрақтар қойып, тексеріңіз. Қисық сызықты трапеция анықтамасын және Ньютон-Лейбниц формуласын сұраңыз. Есептер бойынша сұрақтар қойыңыз. Оқушыларды дәптерлеріне 2-3 қисық-сызықты трапецияның суретін салуды ұсыныңыз. (шамамен 5 минут жұмсаңыз)
  • Өткен тақырыпты бекіту.

Оқушыларды 5-6 баладан топтарға бөліңіз (сабақ басындағы бөлінгендей бола берсін), А3 қағаздарын үлестіріңіз сонан соң 2-ші суреттегі трапецияның ауданын геометрия курсындағы білімдері негізінде табуды ұсныңыз. Уақытты қарап отырыңыз. Әр топтың тапсырманы орындалуына 5 минут уақыт жұмсаңыз. (Графикті салу үшін графиктік калькуляторды немесе графиктік бағдарламалық қосымшаларлды қолдануына болады.) Содан кейін жұмыстарын сыныпқа көрсетуді ұсыныңыз. Барлық топты міндетті түрде тыңдаңыз. Әр топты тыңдауға 1-2 минут уақыт арнаңыз (Қосымша 1).

  • Оқушыларға жекелеме формативті жұмыс жасауды ұсыныңыз. Әр оқушы осыған дейін шығарған есептерге ұқсайтын тапсырмаларды өз беттерімен шығару керек (мұнда дискрипторларды бермей-ақ қоюға болады, дегенмен де қиналып отырған оқушыларға дескрипторлар ұсынуға болады. Қосымша 2)

Қосымша 1 (әр топқа жеке тапсырма.)

Графиктік калькулятор немесе графиктік бағдарламалар.

Қосымша 2.

Сабақтың соңы

5 мин

  • Сабақты қорытындылаңыз. Рефлексия.

Сабақтың соңында оқушылар «Рахмет ...» атты рефлексия жасайды.

Мұғалім сыныптағы оқушыларға серіктесе жұмыс жасағаны үшін кез-келген оқушы нақты бір оқушыға ррахмет айтуын ұсынады. Оқушы өзі кімге айтқысы келеді өзі таңдайды және нақты сабақ барысында қандай көмегі немесе кеңесі үшін рахмет айтатынын түсіндіреді. Сондай-ақ, мұғалім қай балаға ең аз рахмет айтылса, оғны шабыттандыру үшін де жігерлі-жылы сөздер айту керек.

  • Үй тапсырмасы. Ньютон-Лейбниц формуласының шығуы жайлы тарихи мағлұмат даярлау және сол тарихи мәліметтерге сүйеніп формуланы қорытып шығару.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Дифференциация тапсырмаларды оқушылардың қабылдау ерекшеліктеріне сай таңдауда болуы мүмкін. Яғни, нақты бір оқушыларға жекелеме көмек не шеберлігін одан әрмен шыңдау үшін. (Гарднердің интеллект теориясы).

Оқушылардың дұрыс жауаптары мен жазба жұмыстарының сапасы бойынша бағалау.

Сабақ басында оқу бөлмесін желдету.

Оқушылардың дұрыс, тік отыруын қадағалау.

Сабаққа рефлексия

Сабақтың және оқу мақсаттары нақты болды ма?

Барлық оқушы ОМ жетті ме?

Егер жетпесе, неге?

Дифференсация сабақта дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ барысында уақыт тиімді байдаланылды ма?

Жоспарға сай емес әрекеттер орын алды ма, неге?

Бұл бөлімді сабақты ойлауға арнаңызол жақ бағанға сабақтағы ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өтуінің екі аспектісін жазыңыз (оқу, сонадй-ақ оқыту жайлы ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не әсер ете алушы еді (оқу, сонадй-ақ оқыту жайлы ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып жайлы, жекелеген оқушар жайлы және мақсатқа жету мен ондағы қиыншылықтар турасында қандай ақпарат алдым? Сонымен қатар, келесі сабақтарды қалай өткізу керектігіне қандай ой түйдім?



Толық нұсқасын 28 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
Пікір жазу