10-сыныптағы алгебра курсын қайталау. (Қоғамдық-гуманитарлық бағыты). Алгебра, 11 сынып, сабақ жоспары. 2 сабақ.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қайталау

(2 сағ.)

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 11

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы (2сабақ)

10-сыныптағы алгебра курсын қайталау

(қоғамдық-гуманитарлық бағыты)

Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.2.1.2 ықтималдықтар қасиеттерін қолданып, кездейсоқ оқиғалардың ықтималдығын есептеу;

10.2.1.3 ықтималдықтарды қосу және көбейту

ережелерін: * P(A ∙ B) = P(A) ∙ P(B); * P(A + B) = P(A) + P(B); * P(A +B) = P(A)+P(B)P(A∙B) түсіну және қолдану;

10.2.1.8 дискретті кездейсоқ шаманың математикалық күтімін есептеу;

10.2.1.9 дискретті кездейсоқ шаманың дисперсиясы мен орташа квадраттық (стандартты) ауытқуын есептеу;

10.2.1.10 дискретті кездейсоқ шамалардың сандық сипаттамаларын қолдану арқылы есептер шығару

10.3.1.10 тұрақты функцияның және дәрежелік функцияның туындыларын табу;

10.3.1.11 дифференциалдаудың ережелерін білу және қолдану;

10.3.3.1 туындының физикалық мағынасына сүйене отырып, қолданбалы есептер шығару;

10.3.3.2 туындының геометриялық мағынасын қолданып есептер шығару;

10.3.1.12 функция графигіне жүргізілген жанаманың теңдеуін құрастыру;

10.3.1.14 күрделі функцияның анықтамасын білу және оның туындысын табу;

10.3.1.13 тригонометриялық функциялардың

туындыларын табу;

10.3.1.17 функцияның кризистік нүктелері мен экстремум нүктелерін табу;

10.3.1.18 туындының көмегімен функция қасиеттерін зерттеу және оның графигін салу

Сабақ мақсаттары

Ықтималдықтар қасиеттерін қолданып, кездейсоқ оқиғалардың ықтималдығын есептей алу; ықтималдықтарды қосу және көбейту

ережелерін: * P(A ∙ B) = P(A) ∙ P(B); * P(A + B) = P(A) + P(B); * P(A +B) = P(A)+P(B)P(A∙B) қолдана алу; дискретті кездейсоқ шаманың математикалық күтімін есептей алу; дискретті кездейсоқ шаманың дисперсиясы мен орташа квадраттық (стандартты) ауытқуын есептей алу; дискретті кездейсоқ шамалардың сандық сипаттамаларын қолдану арқылы есептер шығару; тұрақты функцияның және дәрежелік функцияның туындыларын таба алу; дифференциалдаудың ережелерін қолдану; туындының физикалық мағынасына сүйене отырып, қолданбалы есептер шығару; туындының геометриялық мағынасын қолданып есептер шығару; функция графигіне жүргізілген жанаманың теңдеуін құрастыру; күрделі функцияның туындысын таба алу; тригонометриялық функциялардың туындыларын таба алу; функцияның кризистік нүктелері мен экстремум нүктелерін таба алу; туындының көмегімен функция қасиеттерін зерттеу және оның графигін салу

Бағалау критерийлері

Ықтималдықтар қасиеттерін қолданып, кездейсоқ оқиғалардың ықтималдығын есептей алады; ықтималдықтарды қосу және көбейту

ережелерін: * P(A ∙ B) = P(A) ∙ P(B); * P(A + B) = P(A) + P(B); * P(A +B) = P(A)+P(B)P(A∙B) қолдана алады; дискретті кездейсоқ шаманың математикалық күтімін есептей алады; дискретті кездейсоқ шаманың дисперсиясы мен орташа квадраттық (стандартты) ауытқуын есептей алады; дискретті кездейсоқ шамалардың сандық сипаттамаларын қолдану арқылы есептер шығарады; тұрақты функцияның және дәрежелік функцияның туындыларын таба алады; дифференциалдаудың ережелерін қолдана алады; туындының физикалық мағынасына сүйене отырып, қолданбалы есептер шығарады; туындының геометриялық мағынасын қолданып есептер шығарады; функция графигіне жүргізілген жанаманың теңдеуін құрастырады; күрделі функцияның туындысын таба алады; тригонометриялық функциялардың туындыларын таба алады; функцияның кризистік нүктелері мен экстремум нүктелерін таба алады; туындының көмегімен функция қасиеттерін зерттейды және оның графигін сала алады

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

-есеп шығару кезінде пәнге тән лексиканы қолданылады;

- шешуді ауызша және жазбаша сипаттайды.

Пәнге тән лексика мен терминология:

- ықтималдық;

- кездейсоқ шамалар және олардың сандық сипаттамалары;

- туынды;

- туындының қолданылуы.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

  • ықтималдық қосындысы … ;
  • ықтималдық көбейтіндісі... ;
  • … орта мәнінен ауытқу;
  • функция туындысы … .

Саралау түрі

Оқушыларға әдістемелік көмек көрсету дифференциациясы; тапсырманың деңгейік үрделенетін жасырын дифференциациясы

Құндылықтарды дарыту

 

 

Ынтымақтастық пен бірін-бірі құрметтеу құндылықтарын жұппен жұмыс орындау барысында дарыту; мәселелік есепті шешу кезінде өз ойларын және пікірлерін талқылау үшін өз көзқарасын, пікірін орынды ұсына білу, ортаға салу арқылы ашықтық құндылығын дарыту.

Бастапқы білім

Ықтималдық, кездейсоқ шамалар және олардың сандық сипаттамалары, туынды, туындының қолданылуы

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1мин

Амандасу.

Психологиялық ахуал.

Білімді өзектендіру

Ауызша сұрау:

- 10 сынып алгебра және анализ бастмалары курсының бөлімдерімен тақырыптарын атап шығыңыз;

- тақырыптарының негізгі теориялық моменттерін еске түсіріңіз.

Тақырыпқа шығу, мақсатты анықтау.

Сабақтың ортасы

2 мин

2мин

3мин

5мин

2мин

5мин

3мин

5мин

5мин

5мин

«Карта санаушы» twig.bilim.kz сайты бойынша фильмді көру

6W стратегиясы.

Оқушыларға келесі сұрақтарға жауап беруге ұсынылады: Кім? Не? Не үшін? Неге? Қашан? Қайда?

Мәселелік есеп

"Миға шабуыл" сын тұрғысынан ойлау техникасы арқылы мәселелік есепті шешу:

Бір командасының жұмыскерлерінің жасы: 18, 19, 20, 40, 60, 61, 62-ке тең. Ал екінші командасының: 18, 35, 39, 40, 41, 45, 62-ке тең.

Егер сізге жұмыскерлердің басшысы болуға ұсыңыс берілсе, қандай командамен жұмыс істеуге ұйғарасыз?

(оқушылар талдайды, мода, медиана, орта мәнін табады)

Қорытынды: дисперсияны және стандарты ауытқуны енгізу қажеттігін аңықтайды.

Дескриптор:

-есебін талдайды;

-дисперсияны және стандарты ауытқуны енгізу қажеттігі туралы қорытынды шығарады

Дисперсия және стандартты ауытқу формулаларын талдау, кейбір шетелдік және бізде көп тараған оқу әдебиеттегі формулаларды салыстыру.

Жұппен жұмыс

1.

2. Екі атқыш нысанына көздеп бір-біріне тәуелсіз оқ атады. Бірінші атқыштың нысанаға дәл тигізу ықтималдығы – 70%, екіншісінікі - 80%, егер:

  • екеуіде нысанаға тигізеді;
  • екеуіде нысанаға тигізе алмайды;
  • бірінші тигізеді, екіншісі - тигізе алмайды;
  • екіншісі тигізеді, бірінші – тигізе алмайды

ықтималдығын табыңыз.

Жауабы: i) 0,56; ii) 0,06; iii) 0,14; iv) 0,24.

3. Жәшікте 7 қызыл және 3 жасыл шар бар. Егер шарлар жәшікке қайта қайтарылмайтын болса, жәшіктен кездейсоқ алынған екі шар:

  • екеуіде қызыл;
  • біріншісі - жасыл, екіншісі - қызыл;
  • біреуі – жасыл, біреуі – қызыл болатының ықтималдығын табыңыз.

Жауабы: i) 7/15; ii) 7/30; iii) 7/15.

4. Егер мерген 5 рет атыс жасайтың болса, онда ол нысанаға 2 рет тигізеді. Ал егер мерген 3 рет атса, онда

  • 3 рет нысанаға дәл тигізетіндігінің;
  • бірінші мен екінші рет дәл тигізетінің, ал үшінші рет тигізе алмайтының;
  • 3 рет мүлт кетуінің ықтималдығы қандай?

Жауабы: i) 8/125; ii) 12/125; iii) 27/125.

Дескриптор:

-дұрыс шешу әдісін таңдайды;

-ықтималдығын табады.

Бағалау: бір-бірін бағалау және мұғалімнің бағалауы.

«Математикалық анализ: Ньютон» twig.bilim.kz сайты бойынша

фильмді көру

Фильмді талдаңыз және сұрақтарға жауап беріңіздер:

  • Дифференциалдық есептеу және өзгеріс жылдамдығы қандай байланыста?
  • Дифференциялдау физикада, химияда қалай колданылады?

Мысалы:

Практикалық жұмыс (жұппен жұмыс)

Дененің қозғалыс теңдеуі х(t) = t2 + t + 1, ал массасы 4 кг тең.

Қозғалыс басталғаннан кейін үшінші секундтағы кинетикалық энергиясының және денеге әрекет ететін күшінің мәнін табыңыз.

Жауабы: 98 Дж; 8 Н.

Дескриптор:

-туындының физика мен химия қолданылуын көрсетеді;

- дұрыс туындысын табады;

-дұрыс жауабын табады.

Бағалау: бір-бірін бағалау

«Градиент: Қатпарлы таулар» twig.bilim.kz сайты бойынша фильмді көру

6W стратегиясы.

Оқушыларға келесі сұрақтарға жауап беруге ұсынылады: Кім? Не? Не үшін? Неге? Қашан? Қайда?

Тарсия

Тапсырма: үшбұрыштың қабырғаларын сәйкестендіріп, фигураны жинаңыз.

(топпен жұмыс)

Шешуі:

Дескриптор:

-туынды формулаларын қолданады;

- үшбұрыштың қабырғаларын дұрыс сәйкестендіреді.

Бағалау: дұрыс жауаптары бойынша өз-өздерін бағалау

Өздік жұмыс

1. Функция берілген .

  • Функцияның туындысын табыңыз.
  • -тің қандай мәнінде функция графигіне жүргізілген жаңама горизонталь болады.
  • Жаңаманың теңдеуін табыңыз.

2. Функцияны монотондылыққа, экстремум нүктелерін іздеуіне зерттеңіз.

kahoot.it бағдарламасымен білімдерін тексеру

Бағалау: kahoot.it бағдарламасы бойынша тексеру

Дескриптор:

- кері тригонометриялық өрнектердің мәнін табады;

- қарапайым тригонометриялық теңсіздіктердің шешімін табады;

Сұрақтары бар қобдишасы. Оқушылар сұрақтарын стикерлерге жазып қобдишаға салады. Мұғалім қобдишадан кез келген стикерді алып сұрақты оқушыларға қояды. Оқушылар жауап береді

https://twig-bilim.kz/ru/film/the-card-counter

Презентация

Презентация

1 қосымша.

https://www.twig-bilim.kz/film/calculus-newton-6893/

уақыт: 1.14-2.00

2 қосымша.

https://twig-bilim.kz/ru/film/gradients-fold-mountains

3 қосымша.

4 қосымша.

https://create.kahoot.it/#quiz/a2687cb5-1a4c-4e08-91c2-87f23a73c6d7

Ноутбук немесе телефон

Сабақтың соңы

2мин

Рефлексия

Сөйлемді аяқтап, өз орынды аңықта:

-бүгін мен білдім ...

-маған қиындық туғызды ...

-... білгім келеді

-мен үйрендім, …

Үйге тапсырма

10-сыныптағы алгебра курсын қайталау, 2 деңгейін таңдап, тапсырманы орындау:

А деңгейі

В деңгейі

С деңгейі

Саралауоқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы. АКТ-мен байланыстар.

Оқушыларға әдістемелік көмек көрсету дифференциациясы; проблемалық оқыту принципі арқылы дифференциациясы

Жұптық жұмыс барысында бір-бірін бағалау; дұрыс жауаптары бойынша бағалау; сабақ бойы мұғалімнің бағалауы

Қауіпсіздік техникаларын сақтау; интербелсенді тақтаны тиімді қолдану

Сабақ бойынша рефлексия

Оқу мақсаттары/оқыту мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

ОМ барлық оқушылар жеттіме?

Егер жетпесе, онда неге?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілдіме?

Сабақ тың уақыт бойынша кезеңдері сақталдыма?

Сабақтан жоспарынан тысөзгерістер болдыма және неге?

Бұл бөлімді сабақ туралы ойлануға қолданыңыз. Өзіңіздің сабағыңыз туралы маңызды сұрақтарға сол жақ бағаннан жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізереді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу