Қайталау. Тригонометриялық теңсіздіктер. Алгебра, 10 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

10.2B Тригонометриялық теңсіздіктер

Мектеп: ХББ НЗМ Петропавл қаласы

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Қайталау. Тригонометриялық теңсіздіктер

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.2.3.17 - қарапайым тригонометриялық теңсіздіктерді шеше алу;

10.2.3.18 - тригонометриялық теңсіздіктерді шеше алу;

Сабақ мақсаттары

Оқушылар қарапайым тригонометриялық теңсіздіктерді шешу формулаларын және тригонометрикалық функциялардың графиктерін қолданып, есептер шығарады

Бағалау критерийлері

Оқушы мақсатқа жетті, егер:

  • қарапайым тригонометриялық теңсіздіктерді шешу алады;
  • тригонометриялық теңсіздіктерді арнайы формулаларын қолдану арқылы шеше алады;
  • тригонометриялық теңсіздіктерді тригонометрикалық функциялардың графиктерін қолдану арқылы шеше алады

Тілдік мақсаттар

  • Пәндік лексика және терминология: ширек, период, экстремумдар, тік асимптоталар, жұптық пен тақтық,функция, тригонометрикалық функциялар

Осы тақырыпқа қатысты терминдерді үш тілде меңгереді, қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі әдебиеттердегі материалдарды меңгере алады. Ол үшін мынадай сөздіктер қолданамыз:

Қазақша

Русский

English

айнымалы

Переменное

Variable

Бейнелеу

Изображение

Image

Жиын

Множества

Set

Анықталу облысы

Область определения

Domain

Мәндер облысы

Область значения

Range

Күрделі функция

Коипозиция функции

Composite function

Кері

Обратная функция

inverse

Тұрақты

Постоянная

Constant

Өсу

Возрастающая

Increasing

Кему

Убывающая

Decreasing

Жұп

Четный

Even

Тақ

Нечетный

Odd

Арнайы функциялар

Специальные функции

Special function

Бөліктік функциялар

Кусочные функции

Picewise function

Модуль функция

Функция под знаком Модуля

Absolute value function

Сигнум функция

Сигнум функция

Sign function

Құндылықтарды дарыту

  • Оқушылардың сабақтағы мәдениетін тәрбиелеу: мұқият тыңдау және тапсырмаларды орындау
  • Ұқыптылық, еңбекқорлық, жауапкершілік, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
  • Математикалық сауаттылықты дамыту

Азаматтық жаһандық құндылықтары:

  • Патриоттық сезімдерді тәрбиелеу: Математика және қазақ тілі пәндерінің интеграциясы арқылы Отанға деген құрмет;
  • Математика және ағылшын тілі пәндерінің интеграциясы арқылы өзге халықтарға деген құрметтеушілік қарым-қатынасты тәрбиелеу;

Сабақ үстінде коллоборативті орта құру арқылы өзін ұстау мәдениетін, жақсы қарым-қатынас қалыптастыру.

Пәнаралық байланыстар

Ағылшын тілі, физика, биология , география, астрономия

Дағдылары

Интербелсенді тақтаны, интернет-ресурстарды қолдану.

Бастапқы білім

у=sinx, y=cosx, y=tgx, y=ctgx функцияларының қасиеттері мен графиктері, сызбалары.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1 мин

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың зейініне назар аудару

Сабақтың ортасы

5 мин

9 мин

7 мин

10 мин

7 мин

1 мин

  • Қайталау:
  • Тригонометриялық теңдеу дегеніміз не?
  • Тригонометриялық теңдеудің бір түбір болса, онда шешімі қандай?
  • sin(x)=a тригонометриялық теңдеуінің шешімінің формуласын айтып беріңіз.
  • cos(x)=a тригонометриялық теңдеуінің шешімінің формуласын айтып беріңіз.
  • tg(x)=a тригонометриялық теңдеуінің шешімінің формуласын айтып беріңіз.
  • ctg(x)=a тригонометриялық теңдеуінің шешімінің формуласын айтып беріңіз.
  • «Менің ойымша ...» сөз тіркесін пайдаланып, түсіндіреді
  • Математикалық диктант.

 

 Оқушыларға « Математикалық диктант тригонометриялық теңсіздіктер» парақша таратылады. Оқушылар осы парақтағы тригонометрикалық теңсіздікті бірлік шеңберде және тригонометрикалық функциялардың графиктерін салу арқылы кескіндейді және бірін-бірі бағалайды. Жалпы 24 балл, мұнда тригонометрикалық теңсіздікті бірлік шеңберде көрсеткеніне - 2 балл және тригонометрикалық функциялардың графиктерін және сәйкес облысын салғанына - 5 балл. Бұл оқушылардың тригонометриялық теңсіздіктердің бірлік шеңберде және тригонометрикалық функциялардың графиктерінде сәйкес облысын салуына, тригонометрикалық теңсіздіктерді шешуге көмек бермек.

  • Мысалдар шешімімен.

Бұл оқушыларға тақырыпты тереңірек түсінуіне және өздік жұмысын жазуға көмек береді.

  • Жұптық жұмыс.

Жаттықтырғыштар

60 тапсырмалар қарастырылған.

Оқушылар жұптасып білімдерін шыңдайды.

  • Жеке жұмыстар.

Тесттер.

Оқушылар жеке-жеке 2-нұсқалы 5 әр түрлі типті есептерді шығарып білімдерін шыңдайды.

Қосымша.

Kahoot.it сайты арқылы оқушыларды тестен өткізуге болады.

www.allcalc.ru сайтындада онлайн калькуляторды қолдануға болады. Төменде мысал келтірілген.

Мысалы: Есептеңіз.

Теңcіздікті еңгізу ережесі

Теңсіздік

Синтаксис

0

tg^2 (x) + 3tg( x) >=0

>

4sin^4 (x) + cos (4x) > 1 + 12cos^4 (x)

>

6cos^2( x) + cos (3x )>cos(x)

>

2cos (x)cos(2x)>cos(x )

sin(2x)/(1-cos(2x))>=(1+cos(2x))/(2cos(x))

Рефлексия

Презентация

Қосымша 1

Қосымша 2

Қосымша 3

Қосымша 4

Қосымша 5

http://allcalc.ru/node/682

Сабақтың соңы

  • Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу