10-сынып алгебра курсын қайталау (1-жартыжылдық). Алгебра, 10 сынып, сабақ жоспары. 1 сабақ.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

10-сынып алгебра курсын қайталау

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 11

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

10-сынып алгебра курсын қайталау (1-жартыжылдық)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Сабақ мақсаттары

10-сынып бойынша алгебра курсының бөлімдерін қайталау.

10.1А бөлімі: Функция, оның қасиеттері және графигі

10.1В бөлімі: Тригонометрикалық функциялар

10.1.С бөлімі: Кері тригонометрикалық функциялар

10.2.А бөлімі : Тригонометрикалық теңдеулер

10.2.В бөлімі : Тригонометрикалық теңсіздіктер.

10.2.С бөлімі : Ықтималдық

Жетістік критерийлері

  • тригонометриялық функциялардың гарфигі бойынша функциялардың қасиеттерін айта алады;
  • кері тригонометриялық функциялары бар өрнектерге түрлендіру жасай алады;
  • тригонометриялық теңдеулерді шеше алады;
  • берілген шартты қанағаттандыратындай теңдеудің түбірлерін көрсетеді;
  • тригонометриялық теңсіздіктерді шешеді.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

есепті шығаруда қажетті терминологияны қолдана алады.

Пәндік лексика мен терминология

Функция, функция графигі, тригонометриялық функция, синус, косинус, тангенс, котангенс, тригонометриялық теңсіздік, кері тригонометриялық фунцкия, арксинус, арккосинус, арктангенс, арккотангенс.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

  • жұп (тақ) функцияның гарфигі ..... симметриялы ;
  • функция периодты деп аталады, егер ...
  • у = sinx функциясының периоды … ;

– берілген тригонометриялық теңдеуді/ теңсіздікті шешу үшін …;

– кез келген тригонометриялық теңдеу/теңсіздікді … келтіру керек; және т.б.

Құндылықтарды дарыту

Оқушылар жаңа жағдайға бейімделеді, мәселені қойып шешімін іздейді, жұпта жұмыс жасай алады, бір-бірінің пікірін тыңдап үйренеді. Барынша өз ойын дұрыс қорыта алады. Ақпартты тауып қорытынды жасай алады. Өз жұмысының сапасына жауап бере алады. Өз уақытын ұтымды пайдалан алады. Құндылықтарды дарыту осы сабақта жоспарланаған іс-әрекеттер арқылы жүзеге асады.

Пәнаралық байланыстар

Бастапқы білім

10-сыныптың алгебра курсында өткен барлық ұғымдарды, қасиеттерін, формулаларын біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5 мин

  • Ұйымдастыру кезеңі.

Мұғалім оқушылармен амандасып, оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Оқушылар мен мұғалім бірлесе, 10-сыныптың 1-жартыжылдығында алгебра курсынан өткен материалдарға талдау жасайды. Оқушылар тізбектей келесі бөлімдердегі негізгі ұғымдарды, тұжырымдарды немесе формулаларды талдайды:

  • 10.1А бөлімі: Функция, оның қасиеттері және графигі
  • 10.1В бөлімі: Тригонометрикалық функциялар
  • 10.1.С бөлімі: Кері тригонометрикалық функциялар
  • 10.2.А бөлімі : Тригонометрикалық теңдеулер
  • 10.2.В бөлімі : Тригонометрикалық теңсіздіктер.
  • 10.2.С бөлімі : Ықтималдық

Мұғалім сабақ тақырыбы мен сабақ мақсатын айтады. Мқғалім бағалау критерийін айтады.

Презентация

1-3 слайдтар

Середина урока

5-12 мин

12-18 мин

18-25 мин

25-32 мин

32-39 мин

  • «Функция, оның қасиеттері және графигі» бөілімін қайталау.

Үш оқушыдан тұратын топқа №1 тапсырманы орындау ұсынылады. Мұғалім оқушыларды сырттай бақылай жүріп, қателесіп жатқан оқушыларды түзету жасайды. Егер барлық оқушыларға қиындық туған тапсырма болса, оқушылармен бірге тақтада талдайды. Тапсырмаларды орындап болған соң, үш оқушы бір-біріне бағалау жүргізіп, кері байланыс жасайды.

Бағалау критерийі:

Оқушылар

Функцияның графигі арқылы:

  • функцияның анықталу облысын анықтайды.
  • функцияның мәндер облысын анықтайды.
  • функцияның шектерін анықтайды.
  • функцияның периодтылығын анықтайды.
  • функцияның жұп (тақтылығы).
  • функцияның монотондылық аралықтары, экстремумдары.

«Тригонометриялық функция бөлімін қайталау».

Мұғалім оқушылармен бірге у = sinx және y = tgx тригонометриялық функциялардың қасиеттерін қайталайды. Оқушылар у = соsx және y = сtgx функцияларының қасиеттерін өздері анықтайды.

  • «Кері тригонометриялық функциялар» бөлімін қайталау.

Мұғалім мен оқушылар бірге кері тригонометриялық функциялардың қасиеттерін қайталайды. №2,№3 тапсырмаларды орындайды, №2 тапсырма ауызша, №3 тапсырма жазбаша орындалады.

Мұғалім оқушылардың жұмысын критерий бойынша анықтап, кері байланыс береді.

Бағалау критерийі:

Оқушылар

  • Кері тригонометриялық функциялардың мәндерін дұрыс анықтайды.
  • Кері тригонометриялық функциялардың мәндерін дұрыс есептейді.

  • «Тригонометриялық теңдеулер» бөлімін қайталау.

Оқушылар мұғаліммен бірге қарапайым тригонометриялық теңдеулердің шешу жолдарын қарастырады. №4 тапсырманы жұпта орындайды.

Мұғалім оқушылардың жұмысын критерий бойынша бағалап, кері байланыс береді.

Бағалау критерийі

Тригонометриялық өрнектерді дұрыс түрлендіреді.

  • Тригонометриялық теңдеулерді қарапайым тригонометриялық теңдеулерге келтіреді.
  • Қарапайым тригонометриялық теңдеулерді шығарады.
  • Шартты қанағаттандыратындай теңдеудің түбірлерін көрсетеді.

  • «Тригонометриялық теңсіздіктер» бөілімін қайталау.

Оқушылар мұғаліммен бірге қарапайым тригонометриялық теңсіздіктерді шешу жолдарын қарастырады. Оқушылар жұпта №5 тапсырманы орындайды. Мұғалім оқушылардың жұмысын критерий бойынша бағалап, кері байланыс береді.

Бағалау критерийі:

Оқушылар

  • Тригонометриялық өрнектерді дұрыс түрлендіреді.
  • Тригонометриялық теңсіздіктерді қарапайым тиригонометриялық теңсіздіктерге келтіреді.
  • Қарапайым тригонометриялық теңсіздікті шығарады.

Қосымша 1

Презентация

4-5 слайдтар

Презентация

6-9 слайдтар

Презентация

10-16 слайдтар

Қосымша 1

Презентация

17-18 слайдтар

Презентация

19-23 слайдтар

Қосымшае 1

24 слайд

Презентация

25-28 слайдтар

Қосымша 1

29 слайд

Конец урока

39-40 мин

  • Сабақты қорытындылау. Рефлексия.

Оқушыларға келесі сұрақтарды қоямыз:

  • -Не білдім, нені үйрендім?
  • -Не түсініксіз болды?
  • -Нені жақсартуым керек!

Оқушылар сұрақтарға ауызша немесе жазбаша жауап береді.

Презентация

30 слайд

Стикерлер

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Бұл сабақта денгейленген тапсырмалар қолданылады.

оқушылардың сабақ барысында бір-бірін белгілі бір критерийлер бойынша бағалайды.

Сонымен қатар мұғалімнің қалыптастырушылық бағалауы орын алады.

Денсаулық сақтау технологиялары.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу