Функцияның кесіндідегі ең үлкен және ең кіші мәндері. Алгебра, 10 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10.4А Туындының қолданылуы

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Функцияның кесіндідегі ең үлкен және ең кіші мәндері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.4.3.3 - функцияның ең үлкен (ең кіші) мәндерін табуға байланысты қолданбалы есептер шығару

 Сабақ мақсаттары

Функцияның ең үлкен (ең кіші) мәндерін табуға байланысты қолданбалы есептер шығару

Бағалау критерийлері

Оқушы оқу мақсатына жетеді, егер:

  • берілген кесіндіде функцияның ең кіші және ең үлкен мәнін табады;
  • аралықта функцияның ең кіші және ең үлкен табуға байланысты есептерді шығарады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар: туындының геометриялық және физикалық мағынасын түсіндіреді; туындыларды табу және бірінші ретті туынды арқылы функцияны зерттеу бойынша әрекеттер туралы түсініктеме айта алады.

Бөлім бойынша лексика мен терминология

  • аргументтің өсімшесі;
  • функцияның өсімшесі;
  • көлбеу бұрышының тангенсі (градиент);
  • функцияның графигіне жанама және нормаль;
  • дифференциал;
  • дифференциалдау;
  • дифференциалдау ережелері;
  • стационарлық, кризистік нүктелер;
  • экстремум нүктелері және функцияның экстремумдары;
  • кесіндідегі функцияның ең үлкен және ең кіші мәндері;
  • функцияны зерттеу.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

- Егер мен осы функцияны дифференциалдасам, онда...

- Егер мен оны қайтадан дифференциалдасам, онда.....

- Функцияның монотондылық аралықтарын табу үшін, ...қажет

- Графикке жанаманың теңдеуін табу үшін...

- Қосындының туындысы ...тең.

Құндылықтарды дарыту

Ұжымдылық, шыдамдылық, жауапкершілікке, академиялық әділдікке тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі, физика.

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивтік құралдарды қолдану, интернет ресурстар.

Бастапқы білім

Функцияның нүктегі шектерін анықтау және білу, шектердің қасиеттерін қолдана алу, алгебралық және тригонометриялық өрнектерді түрлендіре алу.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

  • мин

1. Оқушылармен амандасу.

2. Тақырыпты, сабақ мақсатын, бағалау критерийлерін анықтау.

Сабақтың ортасы

10 мин

25 мин

3. Алғашқы білімдерін қайталау.

Жеке жұмыс. WALK AROUND ACTIVITY.

Карточкалар сыныптың қабырғасында ілініп тұр. Оқушылар кез келген есептен шығаруды бастайды. Жауабын басқа карточкадан табады да тізбектеп келесі есепті шығарады. Сонында Теңіз сөзі шығу керек.

Бағалау стратегиялар: өз-өзін бағалау, мұғалімнің бағалауы.

Дифференциация принципі: күрделіну. Тапсырмалардың күрделілігі жеңілден қиынға дейін өзгереді. Оқушылар бірнеше қадамдан тұратын есептерді шығарады. Тапсырмалалар «қолдану», «анализ» және «синтез» деңгейлеріне алынған.

4. Білім және білік дағдыларын бекіту.

1. Электр тізбегінің учаскесі R1 және R2 тиісті кедергілерімен параллель қосылған екі өткізгіштен тұрады. Егер осы өткізгіштерді тізбектеп жалғау кезінде кедергі 100 Ом болса, барлық учаске тізбегінің максималды кедергісін анықтаңыз.

2. Компанияның өткен жылғы жалпы төлемдері мұнда t – айлар, функция арқылы сипатталады. Қандай айда ең төмен төлемдер күтіледі?

3. Интернет порталдағы кадрлар жиілігі тәулік уақытына байланысты және , мұнда t - тәулік уақыты(және сағат), функциямен сипатталады. Кадрлардың жиілігі ең аз болатын уақытты анықтаңыз.

Дескриптор

+/-

1

х параметрін таңдайды

белгісіз шамаларды х арқылы өрнектейді

f(х) функцияны жазады

функцияның туындысын табады

кризистік нүктені табады

берілген интервалға тиісті кризистік нүктеден функцияның мәнін табады

Есептің шартына бойынша табылған шешіміне интерпретация жасайды

Бағалау стратегиялар: бірін-бірі бағалау, мұғалімнің бағалауы.

https://bilimland.kz/ru/subject/algebra/10-klass/primenenie-proizvodnoj-pri-reshenii-prakticheskix-zadach

Алгебра и начала анализа 10-11 классы_Задачник_Мордкович_2001.

Сабақтың соңы

2 мин

5. Жалпы бағалу. Рефлексия. Дескрипторлармен жұмыс жасау

Үй жұмысы

1 мин

1. Дене температурасы заңға байланысты өзгереді.

a) Дене температурасының өзгеру жылдамдығы =1c уақыт кезінде қандай?

b) Қандай уақытта температураның өзгеру жылдамдығы 4°секундына тең?

2. Шеңберге радиусы 30 см тең ең үлкен ауданы тіктөртбұрыш салынған. Оның өлшемдерін табыңыз.

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Ұжымдық жұмыс арқылы оқушылар есепті талдап, қорытынды жасайды

Жұптық жұмыс арқылы оқушылар бір-біріне көмектеседі. Жұбының ойын тыңдап, өз идеясын айтады.математикалық тіл байлығы артады.

Жеңіл есептен күрделіге ауысу көзделеді.

Бірін-бірі бағалау, мұғалімнің бағалауы

Қауіпсіздік техникасы ережелерін еске түсіреді.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу