Функцияның кесіндідегі ең үлкен және ең кіші мәндері. Алгебра, 10 сынып, сабақ жоспары. 1 сабақ.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10.4А Туындының қолданылуы

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Функцияның кесіндідегі ең үлкен және ең кіші мәндері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.4.3.3 - функцияның ең үлкен (ең кіші) мәндерін табуға байланысты қолданбалы есептер шығару

 Сабақ мақсаттары

функцияның ең үлкен (ең кіші) мәндерін табуға байланысты қолданбалы есептер шығару дағдыларын жетілдіру.

 Бағалау критерийлері

- функцияның кесіндідегі ең үлкен (ең кіші) мәндерін таба алады;

- функцияның кесіндідегі ең үлкен (ең кіші) мәндерін табуға байланысты әртүрлі есептерді шешеді;

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар: туындының геометриялық және физикалық мағынасын түсіндіреді; туындыларды табу және бірінші ретті туынды арқылы функцияны зерттеу бойынша әрекеттер туралы түсініктеме айта алады.

Бөлім бойынша лексика мен терминология

  • стационарлық, кризистік нүктелер;
  • экстремум нүктелері және функцияның экстремумдары;
  • кесіндідегі функцияның ең үлкен және ең кіші мәндері;
  • функцияны зерттеу.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

- Функцияның монотондылық аралықтарын табу үшін, ...қажет

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Туындының көмегімен функцияны зерттеу арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру.

 Пәнаралық байланыстар

Физика, геометрия

 АКТ қолдану дағдылары

Интернет ресурстарды пайдалану

Бастапқы білім

Функцияның туындысын табу

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2 мин

Ұйымдастыру кезеңі

  • Амандасу.
  • Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен, бағалау критерийлерімен таныстыру.

Ұзақ мерзімді жоспар

Сабақтың ортасы

15 мин

3 мин

15 мин

  • Өткен білімін жаңғырту. Тақтамен жұмыс

Функцияның берілген кесіндідегі ең үлкен және ең кіші мәнін табыңыз.

Дескрипторлар:

  • функцияның туындысын табады;
  • кризистік нүктелерін табады.

- берілген кесіндіге тиісті кризистік нүктелердегі функцияның мәнін табады;

- кесінді ұштарындағы функцияның мәнін табады;

- алынған мәндерден функцияның ең үлкен және ең кіші мәнін табады.

  • Жаңа ақпаратты түсіндіру. Функцияның ең үлкен және ең кіші мәнін табу әдісі арқылы есептерді шешу.

Есептерді шешудің негізгі үш кезеңі бар:

  • формализация (бастапқы есепті математика тіліне аудару);
  • алынған математикалық есепті шешу;
  • табылған шешімді интерпретациялау (оны бастапқы есеп терминдерінде математика тілінен аудару);
  • Оқушылардың қабілеттерін қалыптастыру. Ұжымдық жұмыс

Дескрипторлар:

  • x параметрін таңдаңыз, ;
  • f(x) функциясын ізделінді шама х параметрі арқылы жазады;
  • функцияның туындын табады;
  • кризистік нүктелерін табады;
  • берілген кесіндіге тиісті кризистік нүктелердегі функцияның мәнін табады;

табылған шешімді тапсырма шартына байланысты интерпретациялау.

Алгебра және анализ бастамалары, 10-сынып, Шыныбков А.Н., 2014

https://pandia.ru/text/78/143/56373.php

Алгебра және анализ бастамалары, 10-сынып, Шыныбков А.Н., 2014

Сабақтың соңы

  • мин
  • Үй тапсырмасын беру.
  • 18 санын квадраттарының қосындысы ең кіші болатындай екі оң сандардың қосындысы түрінде келтіріңіз.
  • Аудандары 100 м2 болатын барлық тіктөртбұрыштардың ішінен периметрі ең кішісінің табыңыз.
  • Кері байланыс

Мен бүгін сабақта не білдім?

Мен өздігімнен шеше аламын ба?

Маған әліде қандай жұмыс жасауым керек ?

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау қабілеті жоғары оқушылардың топтық жұмыста қабілеті төмен оқушыларға көмектесуі арқылы жүзеге асады.

Өзін-өзі, бірін – бірі бағалау орын алады.

Сабақ басында оқушылар қауіпсіздік техникасымен таныстырылады.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу