Функцияның кесіндідегі ең үлкен және ең кіші мәндері. Алгебра, 10 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: | Мектеп: | |||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||
Сынып: 10 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақ тақырыбы | Функцияның кесіндідегі ең үлкен және ең кіші мәндері | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 10.4.3.3 - функцияның ең үлкен (ең кіші) мәндерін табуға байланысты қолданбалы есептер шығару | |||||
Сабақ мақсаттары | Функцияның ең үлкен (ең кіші) мәндерін табуға байланысты қолданбалы есептер шығару | |||||
Бағалау критерийлері | Оқушы оқу мақсатына жетеді, егер:
функцияның кесіндідегі ең үлкен (ең кіші) мәндерін табуға байланысты әртүрлі есептерді шешу; | |||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: туындының геометриялық және физикалық мағынасын түсіндіреді; туындыларды табу және бірінші ретті туынды арқылы функцияны зерттеу бойынша әрекеттер туралы түсініктеме айта алады. Бөлім бойынша лексика мен терминология
-функцияны зерттеу. Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер - Егер мен осы функцияны дифференциалдасам, онда... - Егер мен оны қайтадан дифференциалдасам, онда..... - Функцияның монотондылық аралықтарын табу үшін, ...қажет -Графикке жанаманың теңдеуін табу үшін...
| |||||
Құндылықтарды дарыту | Ұжымдылық, шыдамдылық, жауапкершілікке, академиялық әділдікке тәрбиелеу. | |||||
Пәнаралық байланыстар | Тақырыптың әмбебаптығын өмірдегі функциялардың қолданылу мысалдары арқылы түсіндіру. | |||||
АКТ қолдану дағдылары | Интерактивтік құралдарды қолдану, интернет ресурстар | |||||
Бастапқы білім | Функцияның нүктегі шектерін анықтау және білу, шектердің қасиеттерін қолдана алу, алгебралық және тригонометриялық өрнектерді түрлендіре алу. | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы 2 мин |
| |||||
Сабақтың ортасы 5 мин 8 мин 12 мин 15 мин |
3.1.Ұжымдық жұмыс Слайдтарда берілген ең үлкен (ең кіші) мәндерін табуға байланысты әртүрлі есептерді қарастыру. Анықтаманы атап өту: Белгілі бір шама ең үлкен және ең кіші мәндерді қабылдайтын шарттарды анықтау қажет болған есептерді әдетте экстремум немесе «максимум және минимум » есептері деп атайды. Экстремумға есеп шығару үшін, қажет:
3.2.Ұжымдық жұмыс Есептер шығару Тіктөртбұрышты жер учаскесінің бір жағы теңіздің жағалауы, ал қалған үшеуі ұзындығы 600 м болатын белбеумен қоршалған. Осы учаскенің, ауданы ең үлкен болуы үшін, қабырғалары қандай болуы қажет? Шешуі: Функцияны жазайық S(X)=X*(600-2X)=600X-2X² Туынды табайық S‘(X)=600-4X Стационарлы нүктелерді табайық S’(X)=0 600-4X=0 -4X=-600 X=150 Х=150 болғанда, функцияның мәнін табайық S(150)=150*(600-2*150)=4500 (м²) 3.3.Жұптық жұмыс1. 25 х 40 см өлшемі бар тіктөртбұрыш қалақшаның ең үлкен көлемі болатын ашық қорабын жасау қажет. Шешуі: х арқылы бұрыштары кесілетін қабырғаларды белгілейік. Қораптың табаны тіктөртбұрыш болады, қабырғалары а = 25 – 2х және в = 40 – 2х болатын. Қораптың биіктігі х тең. V = (25 – 2х)(40 – 2х)х, яғни х тен тәуелді функция болады. у = (25 – 2х)(40 – 2х)х = 4х3 – 130х2 + 1000х ММЖ: (0; 12,5). Функцияның экстремумдарын табайық. у' = (4х3 – 130х2 + 1000х)' = 12х2 – 260х + 1000 12х2 – 260х + 1000 = 0 х=162/3 сындық нүктесі анықталу облысына кірмейді – Х2 = 5 V(5) = 2250см3.
Деңгейлік тапсырма (деңгейі жоғары оқушыларға арналған) Берілген цилиндрлік формадағы консервлі банканы дайындау үшін қалайының шығындары қандай жағдайларда ең аз болады? Табанының диаметрінің биіктікке қатынасын табыңыз. | |||||
Сабақтың соңы 2 мин | 4.Жалпы бағалу. Рефлексия. Дескрипторлармен жұмыс жасау | |||||
Үй жұмысы 1 мин | Жарнама тақтасы тіктөрбұрыш пішінді және S = 9 м². Периметрі ең кіші болатын тіктөрбұрыш түрдегі тақтаны табыңыз. Жауабы : 12 м Сымды 48 метр болатын тіктөртбұрыш болатындай етіп бүктейді. Ауданы ең үлкен болатындай тіктөртбұрыштың қабырғаларының ұзындығы қандай болу қажет? Жауабы: 12 см | |||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
Ұжымдық жұмыс арқылы оқушылар есепті талдап, қорытынды жасайды Жұптық жұмыс арқылы оқушылар бір-біріне көмектеседі. Жұбының ойын тыңдап, өз идеясын айтады.математикалық тіл байлығы артады. Жеңіл есептен күрделіге ауысу көзделеді. | Бірін-бірі бағалау, мұғалімнің бағалауы | Қауіпсіздік техникасы ережелерін еске түсіреді. | ||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. | |||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?