Функцияның кесіндідегі ең үлкен және ең кіші мәндері. Алгебра, 10 сынып, сабақ жоспары. 2 сабақ.


Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Функцияның кесіндідегі ең үлкен және ең кіші мәндері.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

функцияның ең үлкен (ең кіші) мәндерін табуға байланысты қолданбалы есептер шығару

 Сабақ мақсаттары

10.4.3.3 - функцияның ең үлкен (ең кіші) мәндерін табуға байланысты қолданбалы есептер шығару

 Бағалау критерийлері

Оқушы оқу мақсатына жетеді, егер:

  • функцияның кесіндідегі ең үлкен (ең кіші) мәндерін таба алады;
  • функцияның кесіндідегі ең үлкен (ең кіші) мәндерін табуға байланысты әртүрлі есептерді шешу;

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар: туындының геометриялық және физикалық мағынасын түсіндіреді; туындыларды табу және бірінші ретті туынды арқылы функцияны зерттеу бойынша әрекеттер туралы түсініктеме айта алады.

Бөлім бойынша лексика мен терминология

  • аргументтің өсімшесі;
  • функцияның өсімшесі;
  • көлбеу бұрышының тангенсі (градиент);
  • функцияның графигіне жанама және нормаль;
  • дифференциал;
  • дифференциалдау;
  • дифференциалдау ережелері;
  • стационарлық, кризистік нүктелер;
  • экстремум нүктелері және функцияның экстремумдары;
  • кесіндідегі функцияның ең үлкен және ең кіші мәндері;

-функцияны зерттеу.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

- Егер мен осы функцияны дифференциалдасам, онда...

- Егер мен оны қайтадан дифференциалдасам, онда.....

- Функцияның монотондылық аралықтарын табу үшін, ...қажет

-Графикке жанаманың теңдеуін табу үшін...

  • - Қосындының туындысы ...тең.

 Құндылықтарды дарыту

Ұжымдылық, шыдамдылық, жауапкершілікке, академиялық әділдікке тәрбиелеу.

 Пәнаралық байланыстар

Физика, география

 АКТ қолдану дағдылары

Интерактивтік тақта және интернет ресурстар

Бастапқы білім

Функцияның тындысын табу

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2 мин

  • Оқушылармен амандасу
  • Тақырыпты, сабақ мақсатын, бағалау критерийлерін анықтау.
  • Үй жұмысын тексеру

Сабақтың ортасы

26 мин

10 мин

  • 3. Дағдыларын қалыптастыру.

Іскерлік кездесулер

9 сағатта кездесу

Нан тасуға арналған науананың табанының периметрі 260 мм тең. Табанының ауданы ең үлкен болу үшін оның өлшемдері қандай болуы қажет ?

12 сағатта кездесу

Айналмалы пештің табанының ауданы 4 м2 . Табанының периметрі ең кіші болу үшін, пештің табанының өлшемдерін қандай болуы қажет?

15 сағатта кездесу

Барлық тіктөртбұрыштардың ішінен ауданы 1600 кв. м периметрі ең кіші болатын тіктөртбұрышты табыңыз.

18 сағатта кездесу

Учаскеде өсірілген құлпынайды оқушылар кораптарда балабақшаға жібереді, қорап тіктөртбұрышты параллелепипед тәрізді табанында шаршы орналасады және бүйір қырының периметрі 72 см тең. Сыймдылығы ең үлкен болатын, қораптың өлшемдері қандай болуы қажет?

Жеке жұмыс (деңгейлері жоғары оқушыларға арналған)

Қосымша есептер

  • R радиусымен берілген шардан цилиндрды қиып алу қажет. Цилиндрдың өлшемдері қандай ?

Жауабы:ц

  • Дөңгелек аймақтың а радиусымен берілген центріне қандай h биіктігімен шам ілу қажет, осы аймақтың шекаралары максималды жарықтандырылса.

Жауабы:.

Сабақтың соңы

2 мин

4.Жалпы бағалу. Рефлексия. Дескрипторлармен жұмыс жасау

Үй жұмысы

  • Көлемі V= 32м3 болатын квадраттық түбімен ашық бассейнның қабырғаларын және түбін өңдеу үшін ең аз материал кететіндей қылып, өлшемдерін табыңыз.

Жауабы:

  • Картонның шаршы парағынан қабырғасы а тең, бұрыштарынан бірдей шаршы қиып алынады және крест түріндегі фигурадан тіктөртбұрышты қорап жасалынып алынады. Қораптың көлемі ең үлкен болатындай қиып алынған шаршының қабырғасы қандай болуы қажет?

Жауабы:

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Жұптық жұмыс арқылы оқушылар бір-біріне көмектеседі. Жұбының ойын тыңдап, өз идеясын айтады.математикалық тіл байлығы артады.

Жеңіл есептен күрделіге ауысу көзделеді.

Бірін-бірі бағалау, мұғалімнің бағалауы

Қауіпсіздік техникасы ережелерін еске түсіреді.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу