Туындының көмегімен функцияны зерттеу және графигін салу. Алгебра, 10 сынып, қосымша материал.
Ұжымдық жұмыс
Суреттерде (а ; б) интервалында анықталған f(x) функциясының графиктері берілген. у=f(x) функциясының туындысы нөлге тең болатын нүктелердің санын анықтаңыздар.
Суретте (-7; 5) аралығында анықталған y = f(x) функциясының туындысының графигі кескінделген. [-6; 4] кесіндісіндегі f(x) функциясының экстремум нүктесін табыңыздар.
Суретте (-11; 3) аралығында анықталған y = f(x) функциясының туындысының графигі кескінделген. f(x) функциясының өсу аралығын табыңыздар және жауапқа ең ұзақ аралықтың ұзындығын атаңыздар.
Суретте (-13; 10) интервалында анықталған y = f(x) функциясының туындысының графигі кескінделген.
[-11; 8] кесіндісіндегі f(x) функциясының экстремум нүктелерінің санын табыңыздар.
Суретте (-18; 6) интервалында анықталған y = f(x) функциясының туындысының графигі кескінделген.
[-15; 5] кесіндісіндегі f(x) функциясының минимум нүктелерінің санын табыңыздар.
Кестеде берілген у=f(x) функциясының туындысының мәліметтерін қолданып келесі тапсырмаларды орындаңыздар:
- у=f(x) функциясының өсу аралығын;
- у=f(x) функциясының кему аралығын;
- у=f(x) функциясының максимум нүктелерін;
- у=f(x) функциясының минимум нүктелерін табыңыздар.
Дескрипторлар
- Функцияның туындысын табады және мәліметтерді қолданады
- Функцияның монотонды аралықтарын табады
- Функцияның экстремум нүктелерін табады
- Функцияның графигі мен оның туындысының графигінің арасындағы байланысты түсінеді
5.Жұптық жұмыс
Берілген функциялар өспелі екенін дәлелдеңіздер:
- y=cosx+2x
- y=x5+3x3+7x+4
- y=sinx+x3+x
- y=x5+4x3+8x-8
Дескрипторлар
- Функцияның туындысын табады және мәліметтерді қолданады
- Функцияның монотонды аралықтарын табады
6.Жұппен жұмыс
Функцияны зерттеп, графигінің эскизін салыңыздар:
Дескрипторлар
- Анықталу облысын табады;
- Асимптоталарын табады;
- Координата осьтерімен қиылысу нүктелерін табады;
- Монотонды аралықтарын, экстремум нүктелерін табады
- Эскизін салады
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?