Функцияның кесіндідегі ең үлкен және ең кіші мәндері. Алгебра, 10 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10.4А Туындының қолданылуы

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Функцияның кесіндідегі ең үлкен және ең кіші мәндері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.4.3.3 - функцияның ең үлкен (ең кіші) мәндерін табуға байланысты қолданбалы есептер шығару

 Сабақ мақсаттары

Функцияның ең үлкен (ең кіші) мәндерін табуға байланысты қолданбалы есептер шығару

Бағалау критерийлері

Оқушы оқу мақсатына жетеді, егер:

  • берілген кесіндіде функцияның ең кіші және ең үлкен мәнін табады;
  • аралықта функцияның ең кіші және ең үлкен табуға байланысты есептерді шығарады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар: туындының геометриялық және физикалық мағынасын түсіндіреді; туындыларды табу және бірінші ретті туынды арқылы функцияны зерттеу бойынша әрекеттер туралы түсініктеме айта алады.

Бөлім бойынша лексика мен терминология

  • аргументтің өсімшесі;
  • функцияның өсімшесі;
  • көлбеу бұрышының тангенсі (градиент);
  • функцияның графигіне жанама және нормаль;
  • дифференциал;
  • дифференциалдау;
  • дифференциалдау ережелері;
  • стационарлық, кризистік нүктелер;
  • экстремум нүктелері және функцияның экстремумдары;
  • кесіндідегі функцияның ең үлкен және ең кіші мәндері;
  • функцияны зерттеу.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

- Егер мен осы функцияны дифференциалдасам, онда...

- Егер мен оны қайтадан дифференциалдасам, онда.....

- Функцияның монотондылық аралықтарын табу үшін, ...қажет

- Графикке жанаманың теңдеуін табу үшін...

- Қосындының туындысы ...тең.

Құндылықтарды дарыту

Ұжымдылық, шыдамдылық, жауапкершілікке, академиялық әділдікке тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі, физика.

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивтік құралдарды қолдану, интернет ресурстар.

Бастапқы білім

Функцияның нүктегі шектерін анықтау және білу, шектердің қасиеттерін қолдана алу, алгебралық және тригонометриялық өрнектерді түрлендіре алу.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

  • мин

1. Оқушылармен амандасу.

2. Тақырыпты, сабақ мақсатын, бағалау критерийлерін анықтау.

Сабақтың ортасы

5 мин

25 мин

3. Алғашқы білімдерін қайталау.

1) Жеке жұмыс.

а) Оқушылар сәйкестікке тапсырманы орындайды. Өз-өзін дескриптор бойынша бағалайды.

4. Білім және білік дағдыларын бекіту.

1. Берілген аралықта берілген функцияның ең кіші және ең үлкен мәнін табыңыз:

2. А, В және С станциялары АВС бұрышы 60° тең болатындай орналасқан. А-дан В-ға автомобиль жылдамдығымен, ал В-дан С-ға дейін поезд жылдамдығымен шыққан. Егер қозғалыс бір уақытта басталса және |AB|=200 км болса, поезд мен автомобиль арасындағы қашықтық қанша уақыттан кейін ең аз болады?

3. Кітаптың бір бетінің баспа мәтіні (жолдар арасындағы аралықтармен бірге) 400-ге дейін болуы тиіс . Беттің жоғарғы және төменгі жиектері ені 2 см, бүйірлері - 4 см болуы тиіс. Тек қағазды үнемдеуге байланысты беттің ең тиімді өлшемдері қандай?

4. Қиылысу жолдарымен қиылысқа қарай екі автокөлік қозғалады. Әр автокөлік жол қиылысына дейін бір км. Автомобильдер сәйкесінше 30 және 40 км/сағ жылдамдықпен қозғалады. Автомобильдер бір-бірінен ең аз қашықтықта және қай жерде болғанда табыңыз.

Бағалау стратегиялар: өз-өзін бағалау, мұғалімнің бағалауы.

Дифференциация принципі: күрделіну. Тапсырмалардың күрделілігі жеңілден қиынға дейін өзгереді. Оқушылар бірнеше қадамдан тұратын есептерді шығарады. Тапсырмалалар «қолдану», «анализ» және «синтез» деңгейлеріне алынған.

https://spravochnick.ru/matematika/funkcii_i_sposoby_zadaniya_funkciy/reshenie_zadach_na_nahozhdenie_naibolshih_i_naimenshih_znacheniy/

Сабақтың соңы

2 мин

5. Жалпы бағалу. Рефлексия. Дескрипторлармен жұмыс жасау

Үй жұмысы

1 мин

1. Берілген аралықта берілген функцияның ең кіші және ең үлкен мәнін табыңыз:

2. 16 санын квадраттарының қосындысы ең кіші болатындай екі оң санның көбейтіндісі түрінде келтіріңіз.

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Ұжымдық жұмыс арқылы оқушылар есепті талдап, қорытынды жасайды

Жұптық жұмыс арқылы оқушылар бір-біріне көмектеседі. Жұбының ойын тыңдап, өз идеясын айтады.математикалық тіл байлығы артады.

Жеңіл есептен күрделіге ауысу көзделеді.

Бірін-бірі бағалау, мұғалімнің бағалауы

Қауіпсіздік техникасы ережелерін еске түсіреді.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.



Толық нұсқасын 28 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
Пікір жазу