Функцияның кесіндідегі ең үлкен және ең кіші мәндері. Алгебра, 10 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10.4А Туындының қолданылуы | Мектеп: | ||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||
Сынып: 10 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||
Сабақ тақырыбы | Функцияның кесіндідегі ең үлкен және ең кіші мәндері | ||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 10.4.3.3 - функцияның ең үлкен (ең кіші) мәндерін табуға байланысты қолданбалы есептер шығару | ||||||
Сабақ мақсаттары | функцияның ең үлкен (ең кіші) мәндерін табуға байланысты қолданбалы есептер шығару дағдыларын жетілдіру. | ||||||
Бағалау критерийлері | - функцияның кесіндідегі ең үлкен (ең кіші) мәндерін таба алады; - функцияның кесіндідегі ең үлкен (ең кіші) мәндерін табуға байланысты әртүрлі есептерді шешеді; | ||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: туындының геометриялық және физикалық мағынасын түсіндіреді; туындыларды табу және бірінші ретті туынды арқылы функцияны зерттеу бойынша әрекеттер туралы түсініктеме айта алады. Бөлім бойынша лексика мен терминология
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер - Функцияның монотондылық аралықтарын табу үшін, ...қажет | ||||||
Құндылықтарды дарыту
| Туындының көмегімен функцияны зерттеу арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру. | ||||||
Пәнаралық байланыстар | Физика, геометрия | ||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интернет ресурстарды пайдалану | ||||||
Бастапқы білім | Функцияның туындысын табу | ||||||
Сабақ барысы | |||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||
Сабақтың басы 2 мин | Ұйымдастыру кезеңі
| Ұзақ мерзімді жоспар | |||||
Сабақтың ортасы 15 мин 3 мин 15 мин |
1) Берілген суреттегі графиктен f функциясының экстремум Функция кесіндіде ең үлкен (ең кіші) мәнге ие болатын нүктелерді графиктен таңдап көрсетіңіз. а) [-4; -2], b) [1; 5], c) [- ], d) ]. 2) Функцияның берілген кесіндідегі ең үлкен және ең кіші мәнін табыңыз.
Дескрипторлар:
- берілген кесіндіге тиісті кризистік нүктелердегі функцияның мәнін табады; - кесінді ұштарындағы функцияның мәнін табады; - алынған мәндерден функцияның ең үлкен және ең кіші мәнін табады.
Есептерді шешудің негізгі үш кезеңі бар:
952. Үш еселенген біріншісі және екіншісінің кубының қосындысы ең кіші болатындай, 3 санын оң екі қосылғыштың қосындысы түрінде көрсетіңіз. 953. Тіктөртбұрыштың периметрі 56 см. Егер осы тіктөртбұрыштың ауданы ең үлкен болса, онда қабырғаларының ұзындығы қандай болады? 954. Ұзындығы 200 м болатын тіктөртбұрыш пішінді жер бөлігін қоршау керек. Оның ауданы ең үлкен болуы үшін, онда осы тіктөрбұрыштың өлшемдері қандай болуы тиіс? 318.Табаны 60 см, бүйір қабырғасы 50 см теңбүйірлі үшбұрышқа ауданы ең үлкен тік төртбұрыш іштей сызылған. Тік төртбұрыштың екі төбесі- үшбұрыштың табанында, ал қалған екеуі бүйір қабырғаларында жатады. Тік төртбұрыш қабырғаларының ұзындықтарын тап. 319. Жуан бөренеден қимасының ауданы ең үлкен тік төртбұрыш болатын тіреу кесіп алынған. Егер бөрененің көлденең қимасының радиусы 20 см болса, тіреудің көлденең қимасының өлшемдері қандай болады? Дескрипторлар:
табылған шешімді тапсырма шартына байланысты интерпретациялау. | Алгебра және анализ бастамалары, 10-сынып, А.Әбілқасымова, 2010 | |||||
Сабақтың соңы
|
1) Бірінші қосылғыш пен екінші қосылғыштың кубының көбейтіндісі ең үлкен болатындай, 5 санын оң екі қосылғыштың қосындысы түрінде көрсетіңіз. 2) Тік төртбұрыштың периметрі 72 см. Егер осы тік төртбұрыштың ауданы ең үлкен болса, онда қабырғаларының ұзындығы қандай болады? 3) Ұзындығы 240 м болатын тік төртбұрыш пішінді жер бөлігін қоршау керек. Оның ауданы ең үлкен болуы үшін, онда осы тік төрбұрыштың өлшемдері қандай болуы тиіс?
| ||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||
Саралау қабілеті жоғары оқушылардың топтық жұмыста қабілеті төмен оқушыларға көмектесуі арқылы жүзеге асады. | Өзін-өзі, бірін – бірі бағалау орын алады. | Сабақ басында оқушылар қауіпсіздік техникасымен таныстырылады. | |||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?