Туындының геометриялық және физикалық мағынасы. Алгебра, 10 сынып, сабақ жоспары.


 Қысқа мерзімді жоспар 

Сабақ жоспары 

 

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 

10.3В бөлім: Кисап 

Мектеп:  

Күні: 

Мұғалімнің аты-жөні:Мендекина Б.Қ 

Сынып: 10 сынып 

Қатысқандар саны: 

Сабақ тақырыбы:  

Туындының геометриялық және физикалық мағынасы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 

10.4.2.1 туындының геометриялық мағынасын білу;

10.4.2.2 туындының физикалық мағынасын білу;

10.4.3.1 туындының физикалық мағынасына сүйене отырып, қолданбалы есептер шығару;

10.4.3.2 туындының геометриялық мағынасын қолданып есептер шығару

Сабақ мақсаттары 

GeoGebra бағдарламасының көмегімен функция графигі мен оның градиентінің графигі арасындағы байланысты түсіндіру;

Туындының геометриялық және физикалық мағынасына есептер шығарту

 Жетістік  

 критерийлері  

- туындының геометриялық және физикалық мағыналарын біледі;

- функция графигі мен оның градиентінің графигі арасындағы байланысты түсінеді;

- туындының геометриялық және физикалық мағынасын қолданып есептер шығарады

 Тілдік  мақсаттар 

Тілдік емес пәндер үшін құрастырылады

  • туындының геометриялық және физикалық мағынасын түсіндіреді;

Тілдік мақсаттарды, лексика мен тіркес мысалдарын қоса анықтаңыз

  • көлбеу бұрышының тангенсі (градиент);
  • лездік жылдамдық
  • орташа жылдамдық
  • дифференциалдау ережелері;

 Құндылықтарды дарыту  

  

  

 Топтық, жұптық жұмыстарда өз ара ынтымақтастықтың болуы, жұмыстағы жауапкершілік дағдыларын қалыптастыру. Графиктерді әдемі безендіру арқылы ұқыптылыққа тәрбиелеу.

   Мектептің миссиясымен  

пайымдауын жүзеге асыру және  ГГ 

 Қазақстан математик ғалымы А. Жумаділдаевтің математика жайлы сөзін мысалға келтіріп математикаға қызығушылық ояту. Ғалым туралы мәләмет беру.

 Пән аралық байланыстар 

Туынды - математиканың ең маңызды ұғымдарының бірі, ол функцияларды зерттеуге және олардың графиктерін салуға мүмкіндік береді. Бұл бөлімде алынған білім физикада, мысалы, жылдамдықтың математикалық моделі ретінде, жұмыс, жіңішке өзекшенің(стержень) массасы, жылу, қысым және тағы басқа физикалық шамаларда қолданылады.

 АКТ қолдану дағдылары  

GeoGebra бағдарламасы

Бастапқы білім  

 

Градиент анықтамасын, орташа жылдамдық, лездік жылдамдықты білу

Сабақ барысы  

Сабақтың жоспарланған кезеңдері  

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет   

 

Ресурстар 

Сабақтың басы  

5 мин

Сабақ мақсатымен таныстыру.

 Үй жұмысын тексеру

 

Сабақтың ортасы   

 2 мин 

 

 

 

10 мин 

 

 

 

 

10 мин 

10 мин

3 мин

Градиенттің, жылдамдық пен үдеудің формулаларын еске түсіру

Сәйкестендіру тестісін алу. Өз ара бағалау жасату.

1.Қозғалыстағы дененің жүрген жолынан уақыт бойынша алынған бірінші туындысы?

а) жылдамдық

ә) үдеу

б) қашықтық

2.Жылдамдықтың уақыт бойынша алынған туындысы?

а) күш

ә)қуат

б) үдеу

3.Туындының геометриялық мағынасы ?

а) функцияның графигіне жүргізілген

жанаманың бұрыштық коэффициенті

ә)функцияның графигіне жүргізілген

жанама

б) Туынды

Туындының физикалық мағынасы?

а) салмақ

ә)лездік жылдамдық

б) тығыздық

Функцияның туындысының табу амалы?

а) интегралдау

ә)өсімше

б) дифференциалдау

GeoGebra бағдарламалық қамтамасыз етуді қолданып функция мен оның графигінің арасындағы байланысты түсіндіру.

Мысал келтіру арқылы графиктің сызылуын көрсету.

Ж.Ж Оқушыларға GeoGebra бағдарламасында жұптық жұмыс жасату тапсырмаларын беру. Функция мен оның градиенті арасынды байланысты көрсету

1-жұп. Y=x3+3

2- жұп. Y=x4+2

3-жұп. Y= x2+5x-6

4-жұп. Y=x2-3x+1

Графиктерді шығарып, безендіру

Қазақстан математик ғалымы А. Жумаділдаевтің математика жайлы сөзін мысалға келтіріп математиканың өте қызық пән екенің айта кету

«Математика - это не интересно. На самом деле в ней есть вдохновения, есть красота, есть мысль» А. Жумадильдаев.

Топтық жұмыс. Емтихан есептерінің үлгісінде мысал беру.

Есептердің бағалау крийтерилерін құру

1-топ.

1 мысал.

Жеңіл атлетикадан жарыстарда жерден h метр биіктіктен найза лақтырды, ереже бойынша: h (t) = 20t - 5t2 + 2, мұндағы t

секундпен берілген уақыт.

a. Кез келген t уақытта биіктіктің өзгеру жылдамдығын табыңыз.

б. Биіктіктің өзгеру жылдамдығын табыңыз:

   i) t = 1

   ii) t = 2

   iii) t = 3.

с. Неліктен өзгерістің жылдамдығы бастапқыда оң, содан кейін нөлге, содан кейін алғашқы 3 секунд ішінде теріс болатынын түсіндіріңіз.

d. Найза 17 метр биіктікке жеткен кезде биіктіктің өзгеру жылдамдығын анықтаңыз.

Шешуі:

a. h (t) = 20t - 5t2 + 2. Биіктіктің өзгеру жылдамдығы:

h '(t) = 20 - 10t

b. i) h '(1) = 20 - 10 (1) = 10 м / с

ii) h '(2) = 20 - 10 (2) = 0 м / с

iii) h '(3) = 20 - 10 (3) = -10 м / с

c. Өзгерістердің жылдамдығы бойынша: оң өсуін, нөль өспейтінін және кемімейтінін (тыныштық жағдайын), ал теріс кемуін білдіреді.

с. Найза алғашқы 2 секунд ішінде биіктікке көтеріледі. t = 2 секунд болғанда, найза максималды биіктікке жетеді. t> 2 болғанда найза төменге қозғалады.

d ) h = 17 –ні h (t)-ға қойып найзаның 17 метр биіктікке көтерілу уақытын табыңыз.

20t - 5t2 + 2 = 17

-5t2 + 20t - 15 = 0

t = 1 немесе t = 3

Алғашында ол 17 м-ге жетеді, бұл t –ның кіші мәні. t = 1 с болғанда ол 17 м-ге жетеді

h '(1) = 20 - 5 (1) 2 = 15 м / с

Биіктіктің өзгеру жылдамдығы 15 м / с.

ІІ топ. 2-мысал.

3) абсциссасы х= - болатын нүктеде жүргізілген жанаманың абсцисса осімен қандай бұрыш жасайтынын табыңдар.

4) Жанамасы абсисса осіне параллель болатындай y= 0,5x2+3 қисығы нүктелерінің координаталарын табыңдар.

Әр топ өз мысалдарының шығарылуын жазып, постерлерін қорғайды.

Топтар бағалау критерийлерін құрып, бірін бірі бағалайды. Әдемілікке, ұқыптылыққа көңіл бөлу.

Бекіту тапсырмасы. Өздік жұмыс жасату (қосымша1)

Өзіндік бағалау жасау. Дайын жауаптар беріледі.

Рефлексия. Сабақ мақсаттарының тұсына түсінгедер жасыл стикер, түсінбегендер қызыл стикерге жазып іліп кетеді

 Bilimland

Видеоматериал

конспект

 

 

 

Ә.Н.Шыныбеков

10-сынып

Оқулығы

Алгебра және анализ бастамалары

Алматы: Атамұра,2006

Сабақтың соңы 

  Үй жұмысы Bilimland Жұмыс парағы. Туындының геометриялық мағынасы.

 

 

Саралау–оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? 

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? 

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы 

Саралау іріктелген тапсырмалар,  нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу 

 

Қалыптастырушы бағалау, тест тапсырмалары.Өзін өзі бағалау. 

Денсаулық сақтау технологиялары. 

Сергіту сәттерімен белсендііс-әрекет түрлері. 

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары 

Сабақ бойынша рефлексия 

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылғанба? Оқушылардың барлығы ОМ қолжеткізді ме?  

Жеткізбесе, неліктен?  

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?  

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?  

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? 

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.   

 

Жалпы баға 

 

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі  (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 

1: 

 

2: 

 

Сабақтыжақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)? 

1:  

 

2: 

Сабақбарысындасыныптуралынемесежекелегеноқушылардыңжетістік/қиындықтарытуралыненібілдім, келесісабақтарда неге көңілбөлу қажет? 

Ө.Ж

  • функциясының графигіне х=-3 нүктесінде жүргізілген жанаманың көлбеулік бұрышының тангенсін табыңыз.

Жауабы: α=0

  • 3. функциясының графигіне қандай нүктеде жүргізілген жанама Ох осімен 450 бұрыш жасайды?

Жауабы: (1,1)

  • Нүкте х(t)=4t2+5t4 заңы бойынша түзу зызықты қозғалып келеді. Кез келген t уақыт мезетіндегі жылдамдықты есептеуге арналған формуланы жазып, дененің t=2с мезетіндегі жылдамдығын және үдеуін табыңдар.

Жауабы: 176м/с, 248м/с2

  • Нүкте түзу бойымен бастапқы нүктеден s(t)=t2/2- 2/√t заңымен қозғала отырып s жол жүреді. Қозғалыс басталғанан кейін 4с өткенде жылдамдық қандай болады?

Жауабы: 4,125м/с



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу