Көпмүшені көпмүшеге «бұрыштап» бөлу. Алгебра, 10 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: 10.3А Көпмүшелер

Мектеп:

Мерзімі:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Сабаққа қатысқандар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы:

Көпмүшені көпмүшеге «бұрыштап» бөлу

Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.2.1.7 көпмүшені көпмүшеге "бұрыштап" бөледі;

 Сабақ мақсаттары

«Көпмүшелер» туралы білімдерін еске түсіру, көпмүшені көпмүшеге бұрыштап бөлу дағдыларын қалыптастыру

Бағалау критерийлері

Оқушылар оқу мақсаттарына жетеді, егер:

- көпмүшені көпмүшеге бұрыштап бөлу алгоритмін біледі;

- көпмүшені көпмүшеге бұрыштап бөле алады

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Көпмүшені көпмүшеге бөлу барысында математикалық терминдерді орынды қолданады.

Пәнге байланысты қолданылатын лексика және терминология:

Көпмүше

polynomial

Айнымалы

variable

Стандарттық түр

standard form

Канондық түр

canonical form

Көпмүшенің дәрежесі

Power of polynomial

Көпмүшенің бос мүшесі

free term of the polynomial

Қолданылатын сөз тіркестері:

Коэффициент, айнымалы, түбір, қалдық, бөлінді, көпмүше, сызықтық көпмүше, квадраттық көпмүше n дәрежелі көпмүше.

Көпмүшені көпмүшеге бөлу үшін ...

Көпмүшені көпмүшеге бұрыштап бөлу барысында ...

Көпмүшені көпмүшеге бөлгендегі қалдық ...

Толымсыз бөлінді дегеніміз ...

 Құндалықтарды дамыту

Сабақ барысында оқушылардың бірігіп орындауға берілген тапсырмаларды өзара талдауы жасауы, миға шабуыл оқушыларды ынтымақтастыққа баулиды.

Еңбек және шығармашылық – жұппен жұмыс, есептер шығару.

 Пәнаралық байланыс

Физика пәнімен байланыс орнатылады. Көпмүшені көпмүшеге бөлу барысында көпмүшенің дәрежелерімен жұмыс жүреді, яғни «көпмүшені стандарт түрде жазу» физика пәнінің формулаларын қорытып шығару барысында қолданылады.

 АКТ қолдану дағдылары

Интернет ресурстарды қолдана білу біліктілігі, интерактивті тақтаны қолдану.

 Бастапқы білім

Алдыңғы сабақтарда өтілген көпмүшені стандарт түрде жаза білу дағдыларын еске түсіру, төменгі сыныптан білетін дәрежелі өрнектерді көбейту және бөлу дағдыларын бекіту, төменгі сыныптардан толымсыз бөлінді туралы алған мағлұматтары мен қалдықпен бөлу ережелерін қолдану дағдыларын қарқындату.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы 3 минут

  • Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Сабақтың тақырыбы айтылған кейін, оқушылармен біріге отырып, сабақтың мақсатын анықтау.
  • Сабақ соңында оқушы нені білуі керектігі де анықталады, яғни жетістік критерийі оқушылармен бірге талданады.

Сабақтың ортасы

5 минут

5 минут

10 минут

5 минут

10 минут

5 минут

Сабақтың мақсатын ескере отырып оқушылардың көпмүшені көпмүшеге бөлу туралы білімдерін қалыптастыру мақсатында оларды талдауға, проблемалық жағдайды шешуге итермелейтін және бұрынғы білімдерін қолдануына мүмкіншілік беретін тапсырма ұсынылады.

1. Миға шабуыл

Оқушыларға көпмүшелер жазылған таратпа материалдар беріліп, көпмүшенің бірін екіншісіне бөлу ұсынылады.

Бағалау: жауаптарды толық тыңдау, керекті жерінде негіздеуді талап ету.

2.Жаңа тақырыпты игеру

«Миға шабуыл» бойынша оқушылардың жасаған талдауларын негізге ала отырып, сол алынған жауаптарға түзетулер енгізе отырып, жаңа сабақты түсіндіру.

Оқушылардың жаңа сабақты, яғни көпмүшені көпмүшеге бұрыштап бөлу алгоритмін есте сақтау мүмкіншілігін арттыру мақсатында төменгі сынып материалдары және алдыңғы сабақ материалдарымен байланыс орнату. Оқушының берілген көпмүшені стандарт түрде жаза алатына көз жеткізу және төменгі сыныптан өздері қанық білетін санды санға бұрыштап бөлуге негіздеу (кейбір оқушылардың кемшіліктері бар екендігі аңғарылса, түртіп алу және жеке жұмысты жоспарлау, не сабақ барысында қосымша тапсырма беру арқылы, немесе үйге жеке тапсырма, немесе қосымша сабаққа шақыру арқылы).

Жаңа тақырыпты түсіндіру барысында теориялық білімге көңіл бөлінеді, оқушылардың ережені дәптерлеріне жазып отырулары қадағаланады және тақтаға мысал арқылы теориялық білімді қолдану дағдылары қалыптастырылады.

Теориялық білім

Көпмүшелерді қалдықпен бөлу үшін «бұрыштап бөлу» тәсілі қолданылады.

Кез келген және көпмүшелері үшін және көпмүшелері табылып, теңдігі орындалады. Мұнда -тің дәрежесі -тің дәрежесінен кіші немесе болады. көпмүшесі -ті көпмүшесіне бөлгендегі толымсыз бөлінді деп айтады.

Мысал.

көпмүшесін көпмүшесіне қалдықпен бөлу керек.

Осыдан - толымсыз бөлінді,, ал қалдық болатынын көреміз. Сонда

Жаңа білімдерін бекіту.

Жұппен орындауға тапсырма.

10 сынып Ә.Н.Шыныбеков «Алгебра және анализ бастамалары» оқулығынан №797 (2;4) тапсырма.

Өзара бағалау: оқушылар басқа жұп құрайды, тапсырманы тексеру барысында бір-біріне ұсыныс жасайды. Мұғалім бақылайды.

Жеке тапсырма

11.2.1.2 көпмүшені көпмүшеге "бұрыштап" бөлу оқу мақсатына жету деңгейін тексеру мақсатында (1-2) – міндетті деңгей, ал үшінші тапсырма – үлгерімі жоғары оқушыларға.

Формативті бағалау тапсырмалары:

  • көпмүшесін көпмүшеге бөліңіз:
  • көпмүшені көпмүшесіне бөліп, толымсыз бөлінді мен қалдықты табыңыз.
  • көпмүшесі мен көпмүшелеріне қалдықсыз бөлінетіндей m мен n-ді табыңыз.

Бағалау: тақтада дұрыс жауаптары көрсетіледі де, сол жауаптарды негізге ала отырып, оқушы өзін-өзі тексереді.

Шығармашылыққа баулу.

Оқушыларды шығармашылыққа баулу мақсатында олардың алдыңғы жұмыстардан жеткен жетістері ескеріле отырып дифференциалданған тапсырма ұсынылады. Оқушылардың тапсырманы орындау барысында зерттеу жұмысымен айналысуына жағдай тудырылады.

Шығармашылыққа баулу тапсырмасы: Үлгерімі орташа оқушы үшін:

көпмүшесін көпмүшесіне қалдықпен бөліңіз.

Үлгерімі жоғары оқушылар үшін:

көпмүшесі p мен q-дің қандай мәндерінде көпмүшесіне қалдықсыз бөлінеді?

10 сынып Ә.Н.Шыныбеков «Алгебра және анализ бастамалары»

10 сынып Ә.Н.Шыныбеков «Алгебра және анализ бастамалары»

Сабақтың соңы

2 минут

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет

Дифференциацияны сабақта қалай қолданасыз, қандай көмек көрсетесіз? Деңгейі жоғары оқушылардың алдына қандай мақсат қоясыз?

Бағалау – оқушылардың білімді игеру деңгейін қалай тексересіз?

Денсаулық және қауіпсіздік ережесін сақтау

Сабақта әр түрлі деңгейдегі тапсырмаларды қолдану

Бағалау

Оқушылардың өзін-өзі бағалауы. Сабақтың өн бойында мұғалімнің қалыптастырушылық бағалауы – мұғалім жұмыстардың орындалуын қадағалайды.

Оқушылармен көзге жаттығу жасау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жетпесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпым баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлуқажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу