Бір айнымалысы бар көпмүшенің жалпы түрі. Алгебра, 10 сынып, сабақ жоспары. 1 сабақ.


Қысқа мерзімді жоспар:

Мектеп: Астана қ. НЗМ

Күні: 10.3А Көпмүшелер

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатысқандар саны:

Сабақ тақырыбы

Бір айнымалысы бар көпмүшенің жалпы түрі

Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.2.1.4 - бір айнымалысы бар көпмүшенің бас коэффициентін, дәрежесін және бос мүшесін табу;

 Сабақ мақсаттары

көпмүше ұғымымен танысу, көпмүшені стандарт түрде жазу және оның дәрежесін анықтау

 Бағалау критерийлері

Көпмүше дәрежесі, стандарт түрі, бос мүшесі, коэффициенті ұғымдарына анықтама береді

Көпмүше дәрежесі, стандарт түрі, бос мүшесін анықтайды

 Тілдік мақсаттар

Көпмүшенің дәрежесі, коэффициенттері, бос мүшесі, мүшелері терминдерін анықтау.

Диалог жүргізу:

Көпмүшенің ұқсас мүшелері және оларды жинақтау дегеніміз не?

Көпмүше дәрежесі деп нені айтамыз? Дәреже рационал сан бола ма?

Үлкен коэффициенті деген не?

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Оқу, өз бетімен ақпаратты табу, жағдайды талдау, жаңа жағдайларға икемделу, мәселелерді қою және шешім қабылдау, жұпта жұмыс істеу, өз жұмысының сапасына жауап беру, өз уақытын ұйымдастыра білу;

 Пәнаралық байланыстар

Геометрия

 АКТ қолдану дағдылары

Презентация

Бастапқы білім

Симметриялы және біртекті көпмүше.

Сабақбарысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Ресурстар

5 мин

10 мин

10 мин

5 мин

15 мин

Оқу мақсаттарына сай жетістік критерийлерін анықтау.

Оқушылар сабақтан не күтетінін стикерге жазып, тақтаға қалдырады. Сабақ соңында өз жазуларына оралады.

Оқушылармен бірге оқу мақсаттарына сай жетістік критерийлерін анықтау.

Келесі сұрақтар бойынша мұғалім оқушылармен диалог жүргізіп, білімдерін жаңғыртады:

Көпмүшенің ұқсас мүшелері және оларды жинақтау дегеніміз не?

Көпмүше дәрежесі деп нені айтамыз? Дәреже рационал сан бола ма?

Үлкен коэффициенті деген не?

Көпмүшенің дәрежесі, коэфициенттері, бос мүшесі, мүшелері терминдерін презентация бойынша анықтап алу.

Келесі тапсырманы орындау

Көпмүше

Стандарт түрі

Үлкен коэфициенті

Дәрежесі

Бос мүше

Жоғарыдағы ұғымдармен толығырақ танысу үшін ағылшын тіліндегі видео ақпаратты көрсетіп, сыныппен талқылаңыз.

Негізгі ұғымдарды дәптерге түсіріп отыру.

Топпен жұмыс

Оқушыларды екі топқа бөліп, әр оқушыға көпмүшенің 1 мүшесін беріңіз, олар топта стандарт көпмүше құрып, ретпен тұру қажет. Оқушыларға көпмүше дәрежелерін лента түрінде өсу ретімен тізбектей орналастыруға көпмүшелер жазылған үлестірмелерді ұсыныңыз. Топпен тексеру.

-14

5

Келесі түрдегі тапсырмаларды орындау.

Тапсырма№1:

1. көпмүшелігі берілген. Оның дәрежесі неге тең? Оның жоғарғы коэффициенті және бос мүшесі неге тең?

2. Үшінші дәрежелі екі көпмүшелердің қосындысы екінші дәрежелі көпмүше бола ала ма? Мысал келтіріңіз.

3. Коэффициенттері төмендегідей болып берілген көпмүше құрыңыз:

А) Б) 1, 3, 0, 0, 1.

Тапсырма№2:

Көпмүшенің дәрежесі мен коэффициенттерін жазыңыз. Бас коэфициенттен бастаңыз. Көпмүшенің коэффициенттерінің қосындысын табыңыз.

Q(x) = 2x3 -x+4

F(x) = 2x4+5x2-1

Тапсырмаларды орындағанна кейін тапсырма жауаптарын көрсетіңіз, оқушылар келесі критерийлер бойынша өздерін бағалайды:

Бағалау критерийлері

Ия

Жоқ

Көпмүше дәрежесі, стандарт түрі, бос мүшесі, коэффициенті ұғымдарына анықтама береді

Көпмүшені стандарт түрге келтіре алады

Көпмүше дәрежесін анықтайды

Көпмүше бос мүшесін анықтайды

Презентация

https://www.youtube.com/watch?v=ffLLmV4mZwU

5 мин

Қорытынды

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет

Үй жұмысы

Тапсырма 1

р(х) көпмүшесінің дәрежесін, үлкен коэффициентін және бос мүшесін анықтаңыз:

  р(х) = (х2 -х + 1)(х2 + х + 1)(х4 - х2 + 1)(х8 - х4 - 1) + (х- 1)16.

Тапсырма 2. Көпмүшені стандарт түрде жазыңыз

а) (х + 1)(х - 1)(х - 2);

б)   (х + 1)2(х - 2) - (х + 1)(х - 2)2,

Саралау–оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу

Қалыптастырушы бағалау, тест тапсырмалары.Өзін өзі бағалау.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттерімен белсендііс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылғанба? Оқушылардың барлығы ОМ қолжеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу