Бірнеше айнымалысы бар көпмүшенің түрі және сипаттамасы. Алгебра, 10 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10.3А Көпмүшелер

Мектеп: ФМБ НЗМ Алматы қаласы

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Бірнеше айнымалысы бар көпмүшенің түрі және сипаттамасы.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.2.1.1 симметриялы және біртекті көпмүшелерді анықтай біледі;

 Сабақ мақсаттары

  • Оқушы
  • бірнеше айнымалысы бар көпмүше ұғымын біледі, түрлерін анықтайды.
  • көпмүшелерге амалдар қолданады.

 Жетістік критерийлері

  • симметриялық көпмүшені, біртекті көпмүшені анықтайды және өзінің таңдауын негіздейді.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

көпмүшені көбейткіштерге жіктеген кезде қолданылатын қадамдарды сипаттау үшін математикалық терминдерді дұрыс пайдалану.

Пәнге тән лексика мен терминология:

Айнымалы

Переменная

Variable

Бірмүше

Одночлен

Monomial

Біртекті көпмүше

Однородный многочлен

Homogeneous polynomial

Коэффициент

Коэффициент

Coefficient

Көпмүше

Многочлен

Polynomial

Симметриялық көпмүше

Симметрический многочлен

Symmetric polynomial

Үлкен коэффициент

Старший коэффициент

Leading coefficient

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Көпмүшенің дәрежесін анықтаңыз.....

көпмүшені канондық түрде жазыңыз.....

үлкен коэффициентін анықтаңыз....

көпмүшені стандарт түрге келтіріңіз.....

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Білім ала білуі, жағдаятты талдау, жаңа жағдаяттарға бейімделу, топпен жұмыс істеу, өз жұмысының сапасына жауап беру, өз уақытын ұйымдастыра білу.

 Пәнаралық байланыстар

Физикалық және химиялық есептерді шығаруда меңгерген білімін қолданады.

 АКТ қолдану дағдылары

http://www.bilimland.kz/kk/content/structure/863-algebralyq_ornekterdi_turlendiru#lesson=10595 сілтеме бойынша ақпараттармен танысып, қосымша қарау.

Бастапқы білім

Алгебралық өрнектермен сенімді жұмыс жасау және квадраттық теңдеулерді шеше білу.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

Сынып дайындығын тексеру. Оқушыларды сабақ тақырыбымен және оқу мақсатымен таныстырып, ойлануды ұсыну.

Оқушылар сабақтан не күтетінін стикерге жазып, тақтаға қалдырады. Сабақ соңында өз жазуларына оралады.

Оқушылармен бірге оқу мақсаттарына сай жетістік критерилерін анықтау.

Сабақтың ортасы

10 мин

10мин

10 минут

Келесі сұрақтар бойынша мұғалім оқушылармен диалог жүргізіп, білімдерін жаңғыртады:

Көпмүше деп нені айтамыз?

Көпмүшенің ұқсас мүшелері және оларды жинақтау дегеніміз не?

Көпмүше дәрежесі деп нені айтамыз? Дәреже рационал сан бола ма?

Үлкен коэффициенті деген не?

Келесі қадамда бірнеше айнымалысы бар көпмүше анықтамасын айтып талдау қажет. Мысал ретінде екі-үш айнымалы бірнеше көпмүшені жазу. Олардың бірнеше айнымалының көпмүшесі екенін айту және түрлерін ажырату; симметриялы және біртекті көпмүшеге анықтама беру(16)

біртекті

көп айнымалы

симметриялы.

Жаттығулар қарастыру.

Тапсырма№1 көпмүшені стандарт түрде жазыңыз (таңдау бойынша екеуін шығарыңыз)

а) (2х-у-3)2+(х-Зу-1)2;

б)    (х - у - 2z - 1)2 + (2х+ у + z - З)2;

в)    (5х - у - 2)2 + 2(3х - у -1)2;

г)    (х - Зу + z - 2)2 - 3(2х + у - z + 1).

Тапсырма №2 көпмүше түрлерін анықтаңыз.

a) f(x,y) = x2 +xy + y2

b) f(x,y) = x4 + y4

c) f(a,b) = a4 -2a3b + 7ab3 + b4

d) f(r,s,t) = r2 + rt + st + s2 + + t2

Мұғалім ең бірінші болып берілген тапсырманы дұрыс орындаған екі-үш оқушыға сыныптастарын тексеріп, сұрақтарына жауап беріп түсіндіруді тапсырады.

Өздігінен орындауға тапсырма беріледі. Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы. Орындалған жұмыс мұғалімге тапсырылады. Қосымша 2

Презентация

http://mathworld.wolfram.com/Polynomial.html

Шыныбеков «Алгебра10»

Қосымша №1

Қосымша 2

Сабақтың соңы

5мин

Сабақ соңында оқушылар сабақтың басында стикерге жазылған мен осы сабақтан не күтемін деген сауалға жауап береді. Қойылған мақсат орындалды ма сол бойынша өз пікірін айтады.

Үй тапсырмасы

Қосымша карточка

Қосымша №3

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушы сабақ барысында сұрақтарға жауап беру, тапсырмаларды орындауда өзінің логикалық-математикалық, сөйлеу, танымдық қабілеттерін көрсетуге мүмкін. Талдау барысында қабілеті жоғары оқушыларға топқа өз ойын толық түсіндіруді ұсыну, тапсырмалар бойынша туындаған тағы қандай мәселелер болу мүмкіндігін қарастыру.

Енгізілетін жаңа ұғымдарға байланысты анықтамаларды талдаудан кейін орындалатын тапсырма оқушының түсінігінің қалыптасқанын бағалауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар оқулықтағы есепті шығаруда өзін өзі бағалау, ал жеке тапсырманы орындау өтілген жаңа ұғымның қаншалықты меңгерілгенін анықтап ұалыптастырушы бағалауды жүзеге асырып оқушы жетістігін анықтауға мүмкіндік береді.

Сыныпта жақсы жұмысқа бейімдейтін психологиялық климат және оқушыларға өз ойын еркін жеткізуге мүмкіндік туғызатын орта орнату

Кабинет ерекшелігін ескере отырып қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Оқушылар өздері стикерлерге жазған сабақтан күткен нәтижеге қол жеткізді. Берілген қалыптастырушы бағалау тапсырмасы симметриялы және біртекті көпмүшелерге тағы да тоқталу қажеттілі бар екендігін көрсетті. Оқушылар бір-бірінің есептерін тексеру барысында әділ болды және тақырыпты толық түсінуге мүмкіндік алды. Тапсырманы ерте орындаған оқушылар, сыныптастарының жұмысын тексере отырып көмек көрсетті.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: сабақтан күтетін нәтижені анықтау және оны сабақ соңында талдау сәтті өтті. Себебі әрбір оқушы өзінің жетістікке жету жолын және қаншалықты жеткендігін өздері қойған талапқа сай бағалай алды.

2: Тапсырмаларды орындау барысында өзара тексеру арқылы сыныптасына көмек көрсету және анықтамаларды сынппен талдау жақсы жүзеге асты.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Cимметриялы және біртекті көпмүшелер анықтамасын кеңейтіп беріп, әртүрлі тапсырмалармен толықтыру қажеттігі бар екенін қалыптастырушы бағалау жұмысы көрсетті.

Үй тапсырмасы

Қосымша карточка

Үй тапсырмасы

Қосымша карточка



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу