Тригонометриялық теңсіздіктер. (Қорытынды сабақ). Алгебра, 10 сынып, сабақ жоспары. 5 сабақ.


Қысқа мерзімді жоспар

10. 2В бөлім: Тригонометрия

Мектеп: Павлодар қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімніңаты-жөні: Арғынбай Ш.С.

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатысқандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Тригонометриялық теңсіздіктер (Қорытынды сабақ)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.2.3.18 – тригонометриялық теңсіздіктерді шығара алу

Сабақтың мақсаты

Оқушылар тригонометриялық теңсіздіктерді шығару тәсілдерін қолдану

Жетістік критерийлері

Оқушылар:

- тригонометриялық теңсіздіктерді шығару тәсілін анықтайды;

- түрлендірулер жасайды;

- қарапайым тригонометриялық теңсіздіктерді шығарады;

- теңсіздіктің шешімін анықтайды.

 Тілдік мақсаты

 

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Бұрыш, синус, косинус, тангенс

арксинус, арккосинус, арктангенс

тригонометриялық тепе-теңдік, алмастыру.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

Синус/косинус/тангенс ..... үшін пайдаланылады.

Бұрыштың синусы/косинусы/тангенсы .... тең.

sin α теңдеуін жазу.

.... көрсету үшін тиісті тригонометриялық алмастыруларды пайдалану.

Теңдеудің шешімінің негізгі мәнін табу... .

Құндылықтарды дарыту

Құрмет құндылығын бір-бірін тындау, түсіну, ой бөлісу арқылы; ынтымақтастық құндылығын жұппен жұмыс, топтық жұмыс арқылы; ал еңбек және шығармашылық құндылығын өздігімен жұмыс жасау, басқалардың жұмысын бағалау арқылы жүзеге асады

Пәнаралық баайланыс

Физика

АКТ қолдану

дағдылары

Интербелсенді тақтаны қолдану

Бастапқы білім

Тригонометриялық функция, Тригонометриялық теңдеулер.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңі

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі

(3 минут)

Сыныпта жағымды психологиялық ахуал туғызу үшін «Clock Buddies» тренинг жүргізуге болады. Оқушылар әр цифрдың тұсына сыныптастарының есімін жазады. Мұғалім осы цифрларға қатысты әрекеттерді көрсеткеннен кейін, есімге сәйкес осы оқушыға жаңындап әрекетті орындайды. Оқушылар сыныпта еркін қозғалады.

1. Кол ұстасу (Shake hands)

2. Арқасынан қағу (Tap the back)

3. Күлімдеу (Smile)

4. Қол сілтеу (Wave hands)

5. Көз қысу (Wink)

6. Комплимент сыйлау (Give a compliment)

7. Тілек айту (Wish anything)

8. Массаж жасау (Give massage)

9. Арқамен түйісу (Rub the back)

10. Күлдіру (Make him smile)

11. Комплимент алу (receive a compliment)

Презентация

Жұптық жұмыс

(20 мин)

«Сағат бойынша достасу» стратегиясы. Оқушыларға сағат циферболаты таратылады. Оқушылар сыныпта еркін қозғалады. Циферболаттағы 12, 15, 18, 21-ге оқушылар басқа осы уақытта кезесе алатын, бос адамдардың есімдерін жазады. Кейін мұғалім айтқануақыт бойынша жұптасыр отырады және осы уақытқа сәйкес тапсырманы орындайды.

12.00

Қарапайым тригонометриялық теңсіздікті шешіңіз:

1. ; Ж: ;

2. Ж: ;

15.00

Негізгі тригонометриялық формулаларды қолдана отырып тригонометриялық теңсіздікті шешіңіз:

1. ;

2. ;

18.00

Жаңа айнымалы енгізу әдісі бойынша шыңарыңыз:

1. ;

2. ;

21.00

Тригонометриялық теңсіздіктер жүйесін шешіңіз:

1. ;

2.

Жетістік критерийлері

- түрлендірулер жасайды;

- қарапайым тригонометриялық теңсіздіктерді шығарады;

- теңсіздіктің шешімін анықтайды.

1-қосымша

Кезеңге рефлексия

(2 мин)

  • Не орындалды?
  • Не орындалмады?
  • Жұмыста не назарға алынбады және неге?

Коррекция жасау (қажет болған жағдайда)

Жеке жұмыс

(13 минут)

Жасырын дифференциация. Оқушылар суретте көрсетілген бағыт бойынша 3 есепті шығарады.

Ж:

Оқушылар жауабын берілген жауаптары бойынша бірден тексеріп отырады.

Жетістік критерийлері

- тригонометриялық теңсіздіктерді шығару тәсілін анықтайды;

- түрлендірулер жасайды;

- қарапайым тригонометриялық теңсіздіктерді шығарады;

- теңсіздіктің шешімін анықтайды.

2-қосымша

Сабақтың соңы

( 2 мин)

Рефлексия

Есіме түсті ………………………………..

Қиындықтар туындады ……………..

Білгім келеді ………………………...

Қолымнан келді ………………………………

Қалап едім ………………………….

Үй жұмысы

- Жеке жұмыстағы тапсырмада тігінен орналасқан есептерді таңдаған оқушылар, диагоналінен орналасқан тапсырманы орындайды.

- Диагоналінен таңдаған оқушылар горизонталь орналасқан тапсырманы алады.

- Горизонталь орналасқан тапсырманы таңдаған оқушылар үшін төмендегі тапсырмалар:

1

2

3 қосымша

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау тақырыпты жеке жұмыста және үй жұмысында жасырын түрде қолданылады.

Бағалау дескрипторлар арқылы жұзеге асырылады.

«Clock Buddies» тренинг жүргізу арқылы

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу