Кері тригонометриялық функциялар, олардың қасиеттері және графигі. Алгебра, 10 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Сабақ: 10.1.С Кері тригонометриялық функциялар.

Өзара бірлесіп оқып үйрену сабағы

Тақырыбы: Кері тригонометриялық функциялар, олардың қасиеттері және графигі

Мектеп: Өскемен қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалім аты-жөні:

Раисова Бакытгуль Токтасыновна

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу бағдарламасына сілтеме

10.2.3.4 кері тригонометриялық функциялардың анықтамаларын және қасиеттерін біледі;

10.2.3.5 кері тригонометриялық функциялардың графиктерін салады;

Сабақтың оқу мақсаттары

- Функциялардың графиктерін түрлендіруді еске түсіре отырып, кері тригонометриялық функциялардың графиктерін түрлендіруді орындай алу үшін оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру.

- Ойлау дағдыларының, шығармашылық қабілеттерінің, пәнге қызығушылықтарын арттыруға ықпал ету.

- Зерттеушілік дағдыларының дамуына, ғылыми дүниетанымдарының қалыптасуына ықпал ету.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар тригонометрия ұғымын, оған қатысты терминологияны таниды.

Арнайы лексика және терминология

Кері тригонометриялық функция, кері тригонометриялық функция графигі, кері графикті түрлендіру: созу, сығу, оңға және солға жылжыту, кері тригонометриялық өрнектің мәндері.

Диалог жүргізу мен жазуға қажетті сөздер қоры

Кері тригонометриялық функцияның анықталу облысы

Мәндер облысы

Ең үлкен, ең кіші мәндері

Үш тілде терминдермен таныстыру

Қосымша №1

Жетістік критерийлері:

Жетті:

  • кері тригонометриялық функциялардың графиктерін сызады, түрлендіреді.
  • кері тригонометриялық функциялардың қасиеттерін біледі, қолдана алады.

Дифференцация

Барлық оқушылар:

- кері тригонометриялық функциялардың графиктерін сызады.

- кері тригонометриялық функциялардың қасиеттерін біледі, қолдана алады.

- кері тригонометриялық функциялардың графиктерін түрлендіреді.

Көптеген оқушылар:

- кері тригонометриялық функциялардың графиктерін формуласымен сәйкестендіреді.

Кейбір оқушылар:

- күрделі кері тригонометриялық функциялардың графиктерін түрлендіреді.

Құндылықтарды дарыту

Жауапты азаматтық позиция, өмір бойы оқу, академиялық шыншылдық, ынтымақтастық, өзіне және айналадағы адамдарға құрмет

Пәнаралық байланыстар:

Физика

АКТ қолдану дағдылары

Презентация

Бастапқы білім

Тригонометриялық функциялар

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңдері

Сабақта орындалатын іс-әрекеттер

Сабақ ресурстары

Сабақтың басы

2 минут

Starter «False-True». Кері тригонометриялық өрнектердің мәндері / 2 минут/

Мақсаты: Кері тригонометриялық өрнектердің мәндерін еске түсіру

Қосымша №2

«False-True» карталары;

Таратпа қағаздар

Сабақтың

ортасы

35 минут

Білу мен түсіну

Қолдану

Теориялық бөлім

Жаңа тақырып: Арксинус функциясының графигін түрлендіру, анықталу облысы мен мәндер облысын табу /10 минут/ Қосымша №3 (презентация)

Мақсаты: оқушылар арксинус функциясының анықтамасын, графигін сызу, графигін түрлендіру

Жұптық жұмыс – өзара оқыту

-Әр жұпқа 4 тапсырмадан беріледі. / 10 минут/

Қосымша №4

Мақсаты: Жұпта оқушылар қалған үш кері тригонометриялық функциялардың графиктерін түрлендіре алу, сыныптастарына түсіндіре алу, яғни бірлесіп оқуды жүзеге асыру

Практикалық бөлім

Жеке жұмыс / 15 минут/ Қосымша №5

Мақсаты: Жаңа тақырыпты бекіту, қорытындылау, есеп шығаруда қолдану

Презентация

Таратпа қағаздар

Маркерлік парақшалары

Сызғыш, өшіргіш, қарындаш, маркер

Презентация

Таратпа қағаздар

Сабақтың

соңы

3 минут

Үйге тапсырма. 65-68 бетті оқу

  • Анықталу облысын тап

  • Мәндер облысын тап

Кері байланыс / 3 минут/

Стратегия «Плюмин» парағын толтыру Қосымша №6

Шыныбеков Ә.Н. Алгебра және анализ бастамалары 10 сынып,

Таратпа қағаздар

Қосымша ақпарат

Саралау – қосымша қолдауды қалай көрсетесіз? Үлгерімі жақсы оқушыларға қиын есептерді қалай қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқуда оқушылар жетістіктерін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Сілтемелер

Денсаулық жағдайын тексеру

АТ құндылықтар

Өткен материалды қайталау мен тапсырмаларды орындау барысында саралау жүзеге асырылады. Тапсырмалар оқушылардың қабылдау ерекшеліктеріне, тапсырма қиындығына байланысты, оқушының іс-әрекетін ұйымдастыру формалары: топпен, жұппен және жекеше жұмыс түрлеріне сай ұсынылды.

Қосымша №3 парағындағы бағалау критерийлері және дескрипторларына сай өздері бағалайды. Бақылау және комментарий жасау, ауызша немесе жазбаша сұрақтар арқылы бағалау жүреді. Жұппен, топпен жұмыста әрбір оқушының қатысуы қадағаланады.

Сабақта барлық оқушыларға жағымды әсер ету үшін жағдай жасалды.

Оқушылардың зерттеушілік қасиеттерінің дамуына, өзара бірлесіп жұмыс атқаруына, бірін-бірі тыңдап, көмекке келу немесе сөз саптау, түсініктеме беру, сурет арқылы беруге баса назар аударылады.

Талқылау

Сабақ мақсаты іске асырылды ма?

Сабақ мақсаты толығымен іске асырылды

Оқыту мақсаты іске асырылды ма?

Оқушылар оқыту мақсатына толығымен жетті

Бүгін оқушылар немен танысты?

Кері тригонометриялық функциялар ұғымымен

Кері тригонометриялық функциялар графиктерін сызды

Анықтамасын білді

Қасиеттерін білді

Саралау жүзеге асты ма?

Саралау жүзеге асты

Уақыт жетті ме?

Уақыт жоспар бойынша жетті

Қандай өзгерістер жоспарға енгізілді және неге?

Енгізілген жоқ

Қорытынды баға

Оқытуда және оқуда қандай 2 нәрсе өте жақсы өтті?

Оқушылар өзара бірлесіп оқып үйрену арқылы жаңа тақырыпты өте жақсы меңгерді. «ЖИГСО» әдісі бойынша жүргізілген топтық жұмыс сәтті өтті

Оқытуда және оқуда қандай нәрселер сабақты жақсартар еді?

Осы сабақта сынып пен оқушылар туралы мен не білдім, келесі сабақта маған не көмектеседі?

Сынып оқушылары өте тату, топпен жұмыс істеуде бір-бірінін мұқият тыңдап, сұрақтар қойып, қолдап отырады.

Келесі сабақтарда топқа оқушыларды өз қалауларымен де бөлуге болады. Өйткені әр оқушы кез келген топта жақсы қарым-қатынаста жұмыс істей алады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу