Құрамында кері тригонометриялық функциялары бар өрнектерді ықшамдау және мәнін табу. Алгебра, 10 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Тригонометрия

Мектеп: Шымкент қаласы химия- биология бағытындағы Назарбаев Зияткеркерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Жуматаева М.Т.

мұғалім

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Құрамында кері тригонометриялық функциялары бар өрнектерді ықшамдау және мәнін табу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.1.3.4 - құрамында кері тригонометриялық функциялары бар өрнектердің мәндерін табу.

 

Сабақ

мақсаттары

Оқушыларға алдыңғы меңгерілген білім: кері тригонометриялық функциялардың қасиеттері және тригонометриялық функциялардың келтіру, екі еселенген аргумент формулаларын қолдана отырып, кері тригонометриялық функциялар қатысқан өрнектерді ықшамдауды үйрету

Бағалау критерийлері

Білу және түсіну

-Кері тригонометриялық функциялардың қасиеттерін біледі;

-екі еселенген аргумент формуласын біледі;

-келтіру формулаларын біледі;

Қолдану

-Кері тригонометриялық функциялардың қасиеттерін, екі еселенген аргумент формуласын,

келтіру формулаларын есеп шығаруда қолдана алады және тапсырманың 80% дұрыс болған жағдайда сабақтың мақсатына жетеді

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

екі еселенген аргумент формулаларын, сонымен қатар есепті шешу алгоритмін және кері тригонометриялық функциялардың қасиеттерін ауызша баяндай алады.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Арксинус, арккосинус, арктангенс, арккотангенс, анықталу облысы, мәндер облысы, қосу формулалары, екі еселенген аргумент формуласы.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

жаңа айнымалы енгізейік.....

арксинус және арктангенс функциялары тақ функция болғандықтан....

арккосинус және арккотангенс функциялары жұп та, тақ та емес, сондықтан....

екі еселенген аргумент формуласын еске түсіретін болсақ, онда...

 Құндылықтарды

 дарыту

оқушыларға бір-бірінің жұмысын тексерту, бір-біріне кері байланыс беру арқылы Ынтымақтастық, Ашықтық құндылықтарын қалыптастырамын.

 Пән аралық байланыстар

Геометрия пәні

 АКТ қолдану

  Дағдылары

Презентация, http://www.math.kent.edu/~darci/forstudents/trig/handouts/inversetrig_all.pdf

http://www.bovali.narod.ru/file/obratn.pdf

интернет ресурстары қолданылады

Бастапқы білім

Кері тригонометриялық функцияның қасиеттері және графигі. Тригонометриялық функциялардың қосу формуласы және екі еселенген аргумент формулалары.

Сабақ барысы.

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған

іс-әрекет

Ресурстар

Басталуы

I Ұйымдастыру кезеңі(2 минут): Сәлемдесу. Оқушыларды түгелдеу. Оқушыларда сабаққа қажетті құралдардың болуын қадағалау.

II Миға шабуыл(7 минут):

Калькулятордың көмегінсіз, төмендегі өрнектердің мәнін анықтайды(бірлік шеңберді қолдануларына болады).

Оқушыларға тапсырманы орындауға 3 минут уақыт беремін, тапсырманы орындап болғаннан соң өзара бағалауды қолдана отырып, бір-бірінің дәптерін тексеруді сұраймын. Оқушылардың қолына дұрыс жауаптар таратылып беріледі. Оқушылар бір-бірінің жұмысын төмендегі дұрыс жауаппен салыстыра отырып тексеріп шығады.

Жоғарыдағы тапсырмаларды орындату арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатын жариялаймын.

Қосымша-1

Қосымша-2

Сабақтың ортасы

Жаңа сабақ(10 минут):

Оқушыларға түркі сұрақтар қою арқылы:

  • Тригонометриялық функциялардың екі еселенген аргумент формулаларын;
  • Кері тригонометриялық функциялардың анықталу облысы және мәндер облысын;
  • Кері тригонометриялық функциялардың қасиеттерін

еске түсіремін.

Оқушылардың бүгінгі тақырыпты меңгеруге қажетті білімдерін қалыптастырып болғаннан соң(еске түсіріп), кері тригонометриялық функциялары бар өрнектерді ықшамдауға мысалдар қарастырамын(сыни тұрғыдан ойлауын қажет ететін түрткі сұрақтар көмегімен есептің шешімін оқушылармен бірге шығару).

Жаңа сабақты бекіту(15минут):

Оқушылардың бүгінгі сабақты меңгергендігін тексеру мақсатында жеке жұмыс ұйымдастырылады. Тапсырманы орындап болғаннан соң бағалау критерийі таратылып беріледі. Оқушылар дәптерлерін алмастырып, бір-бірінің жұмысын тексеруді бастайды. Егер бағалау критерийіне сай тапсырманың 80%-ы дұрыс орындалған болса, оқушы сабақтың оқу мақсатына қол жеткізеді.

Бағалау критерийі:

Тапсырма№

Бағалау критерийі

Дұрыс анықтаған

Дұрыс анықтамаған

№1

№2

№3

№4

№5

№6

Жалпы:

27

Жинағаны:

Қосымша-3

Қосымша-4

Сабақтың соңы

Кері байланыс:

«Менің сөзім» стратегиясы

Мақсаты: оқушылардың сабақ бойынша түсінгендерін бағалау. Оқу материалын қайталау

Сипаттамасы: сыныптан бір оқушы тұрып сабақта не болғанын қорытындылап айтады. Айтып болғаннан соң басқа бір оқушының атын атайды. Сөзді сол оқушы жалғастырып сабақ бойынша рефлексия жасайды.

Үй тапсырмасы:

Кері тригонометриялық функциялар қатысқан өрнектерді ықшамдауға арналған тапсырмаларды үйге беру, тапсырманың орындалуына бағыт-бағдар беру.

Қосымша-5

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілеті жоғары оқушыларға сыни тұрғыдан ойлауды қажет ететін тапсырмаларды орындау барысында өзінің ой пікірлерін айтқызамын және оның басқа оқушыларға үлгі болуына басқа оқушылардың үлгілі оқушыға қарап сап түзуіне немесе өзіндік үлгі болуларына жағдаяттар туғызамын.

Оқушыларды үй жұмысын тексеру барысында өзара бағалауды және өзін өзі бағалауды, сабақ барысында ерекше қабілет көрсеткендерге мадақтауды, мотивациялау мақсатында жеке дара жетістіктерімен ынталарын ескеріп ауызша бағалауды қолданамын.

Оқу процесінің барлық күйзеліс түзуші факторларын алып тастау мақсатында әр оқушы өзін еркін ұстауына, көңіл күйінің көтеріңкі болуларына жағдай туындатамын. Ол қызықты математикалық сұрақтардан, мадақтаудан тұрады.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
Пікір жазу