y=сtgx функциясы және оның қасиеттері. Алгебра, 10 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар ӘБ жетекшісі: _______________

10.1В бөлім: Тригонометриялық функциялар

Шымкент қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

y=сtgx функциясы және оның қасиеттері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына

сілтеме)

10.1.3.1 тригонометриялық функцияларының анықтамаларын біледі, қасиеттерін қолдана отырып графиктерін салады;

 Сабақ мақсаттары

  • y=сtgx функциясының графиктерін салу жолын меңгеру.
  • тригонометриялық функциялардың графигін салып қасиеттері бойынша зерттей алу.

 Кәсіби даму мақсаты

Оқушылардың үй жұмысымен өзіндік жұмыстарды орындау дағдылары бойынша қадамдық әдістемелік ұсыныстар (математика пәнінен).

 Бағалау критерийлері

Білу және түсіну:

Тригонометриялық функциялардың графигін салады

Қолдану:

Тригонометриялық функцияларының қасиеттерін :

функциялардың анықталу облысы мен мәндер жиынын

анықтай алады, функция периодтылығын, тригонометриялық функциялардың жұп немесе тақтығын, тригонометриялық функциялардың монотонды аралықтарын сипаттайды.

 Тілдік мақсаттар

Тілдік мақсат:

Оқушылар:

  • бір бұрыштың тригонометриялық функцияларының тәуелділігін қолданады;
  • тригонометриялық функциялардың графигін салады;
  • функциялардың графиктерін түрлендіруді орындайды;

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

  • Бірлік шеңбер, ширек, радиус, радиус-вектор, тригонометриялық функция мәндерінің кестесі, тік бұрышты үшбұрыш, гипотенуза, катет, тік бұрыш, жазық бұрыш, синус, косинус, тангенс, т.б. асимптоталар; функцияның тақтығы/жұптығы; максимум және минимум нүктелері; период; амплитуда;

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

  • y = а sin x графигі ордината осімен сығылады, егер …
  • y = a cos x графигінің ордината осімен созылуы …
  • көбейткіш a<0 болғанда y = a sin x графигі …..симметриялы бейнеленеді;
  • y= sin b x функциясының графигі b>1 болғанда ….
  • 0<n<1 болғанда y = cos n x функциясының графигі …осі бойымен созылады;

 Құндылықтарды дарыту

Өзін-өзі бағалау, өзара бағалауды ұйымдастыра отырып, өзін және өзгені құрметтеуді дағдыландырамын. Топтық және жұптық жұмыс барысында ынтымақтастықта жұмыс жасай алу дағдысын, бірін-бірі және өзін-өзі бағалауда академиялық шынайылық қалыптастыру. Графикке түсінік беру арқылы, математикалық тілде сөйлеу мәнерін қалыптастыру

Пәнаралық байланыстар

Физикада, техникада кең қолданылады, бұл туралы оқушылар жоғарғы сыныптағы математика бөлімдерінде қайта қарастырады.

 АКТ қолдану

  дағдылар

Үй тапсырмасына http://bilimland.kz/ сайтынан есептер бере отырып оқушылардың интернет желісін қолдану білімін дамытамын.

Бастапқы білім

«Функция», «аргумент» ұғымдарын біледі. Функцияның графигін және оның қасиетін біледі. Асимптоталар, функцияның тақтығын/жұптығын, максимум және минимум нүктелерін анықтауды еске түсіреді.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған

іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы:

3 мин

I Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу. Сабаққа қажетті құрал жабдықтарын даярлауды сұрау.

II. Үй тапсырмасын тексеру: Үйге берілген тапсырманы тексеру.

Сабақтың ортасы:

15 мин

Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау

«Ой қозғау» топтастыру стратегиясы

Жаңа білімді қалыптастыруды ұйымдастыру мұғалімнің бағыт беруі арқылы оқушының өзіндік ойлауы, қорытынды жасауы арқылы жүргізу.

Төменде берілген графиктер бойынша не айта аласыздар?

Өтілген сабақты қайталау мақсатында әрбір оқушыға бағытталған лездік сұрақтар беру. Суреттер бойынша жауап беру:

  • Функцияның анықталу облысы;
  • Функцияның мәндерінің облысы
  • Жұп/тақтығы;
  • Периодтылығы;
  • Функцияның нөлдері;
  • Таңбатұрақтылық аралығы;
  • Өсу, кему аралығы;
  • Максимум және минимум нүктелері.
  • Графигі не деп аталады?

Жаңа сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатымен таныстыру.

Интерпретация жасау  (оқу материалын «өз сөзімен» түсіндіру, қысқаша баяндау); 1-3 суреттер бойынша

Топтық тапсырма:

Қосымша№1

№1 y=ctgx функциясы графигінің қасиеттерін сипаттаңыз (y=tgx схемасын қолданып). Котангенстің болмайтын жағдайындағы мәндеріне назар аударыңыз (графиктің асимптоталары)

№2. y=tgx және y=ctgx функцияларына Венн диаграммасын құру.

Талдау. №2 тапсырма оқу материалының құрылымы анық көрінуі үшін оны құрамдас бөліктерге бөлу, өзара байланыстарды анықтау мақсатында бердім.

«Geogebra» компьютерлік бағдарламасы

Ноутбук,

маркер, желім, сызғыш, транспортир, графикалық калькулятор

Ю.Н. Макарычев и др. Алгебра. Учебник для 9 класса. М.: 2000г.-391с.

Негізгі тригонометриялық функциялар

https://bilimland.kz/kk/content/structure/851-math#lesson=5988

Қосымша-1

Слайд 1-6

2 мин

Бағалау: Жасалған шешімдер мен қорытындылардың берілген фактілерге жауаптарға сәйкестігін анықтайды. Әр топ өз шешімін ұсынады. Жауаптары талқыланады және толықтырылады. https://bilimland.kz/kk/content/structure/851-math#lesson=5988 ресурстармен тексеремін немесе қосымша №2 арқылы тексеремін.

қосымша №2

https://bilimland.kz/kk/content/structure/851-math#lesson=5988

Сабақтың ортасы

15 мин

Білімді бекіту.

Тригонометриялық функциялардың графигін білу, түсіну және қолдану дағдыларын қалыптастыру мақсатында тапсырма тарқатылады. Дифференцация тапсырма деңгейлері сараланып беру арқылы жүзеге асады.

Оқушылардың алған білімін қолдану анықтау мақсатында жеке жұмысын беремін.

Материалды бекіту үшін берілген функциялардың қасиеттерін сипаттау арқылы графиктерін салуды ұсыну.

Қосымша-2

Функцияның графигін салып, қасиеттерін жазыңыз:

А-деңгейі:

1) ;

[10]

В-деңгейі

2) ;

[12]

С-деңгейі:

3) y

[12]

Шешімін GeoGebra-да тексеруді ұсыну.

Қосымша-2

Слайд 7

2 мин

Бағалау:Бағалау критерийлерге сүйеніп, оқу материалының маңыздылығын айқындатады. Марк схемесын ұсынамын.

Қосымша-3

Сабақтың соңы

3 мин

Үй тапсырмасы: Ю.Н. Макарычев и др. Алгебра. Учебник для 9 класса. М.: 2000г.-391 бет №1111. №1095 есептер және де https://bilimland.kz/kk/content/structure/851-math#lesson=5988 ресурстары арқылы қайталау

Кері байланыс: Бүгінгі сабақта берілген ақпараттарды меңгеру сапасын оқушылар стикерлерді алып, өз таңдауына жапсырады:

-

https://bilimland.kz/kk/content/structure/851-math#lesson=5988

слайд 8

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.

Деңгейлік тапсырма беру арқылы және өзін-өзі оқыту стратегиясын пайдалана отырып оқушылар арасындағы диффенциялық оқытуды жоспарлаймын.

Әрбір оқушының дәптерін тексеріп бағалаймын және сабақ үстінде ынталандыру мақсатында мадақтау айту арқылы бағалаймын. Мысалы «Жарайсың», «өте жақсы», «керемет» ж.т.б.

Сабақтың бастапқы бөліміндегі ұйымдастыру сәті және сабақтың ортаңғы, соңғы бөлімдеріндегі белсенді іс-әрекеттер барысында оқу кабинетіндегі оқушылардың денсаулығы мен қауіпсіздік техникасының ережелері мұхият сақталады.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары

туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу