Тригонометриялық өрнектерді түрлендіру және теңбе-теңдіктерді дәлелдеу. Алгебра, 10 сынып, сабақ жоспары.


10.4A бөлім: Тригонометрия

Шымкент қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Тригонометриялық өрнектерді түрлендіру және теңбе-теңдіктерді дәлелдеу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына

сілтеме)

АТ10.5

Оқушылар: тригонометриялық функциялардың келтіру формулаларын(sin(180°-A) = sinA т.б)

қосу формулаларын

т.б., қос және жарты аргументтің формулаларын,

қосындыны көбейтіндіге түрлендіру формулаларын

көбейтіндіні қосындыға түрлендіру формулаларын қорытып

шығарады және есептер шығару кезінде қолданады

 Сабақ мақсаттары

Екі бұрыштың қосындысы мен айырымының тригонометриялық функцияларын сол бұрыштардың тригонометриялық бұрыштары арқылы өрнектеуді үйрету

Қосу формулаларын есептер шығаруда қолдануды көрсету.

Тригонометриялық тепе-теңдіктерді қосц формуласын қолданып, дәлелдету.

 Кәсіби даму мақсаты

2017-2018 оқу жылында 10 –сыныптарға математика сабағында сұрақ қоюдың сынақтан өткізу тәсілін пайдаланып, оқушылардың білім сапасын 80% арттыру

 Жетістік критерийлері

Білу және түсіну:

  • формуласын біледі
  • формуласын біледі
  • Кез келген тригонометриялық функциялардың қос бұрышының формулаларын біледі.

Қолдану:

  • тригонометриялық функциялардың қосу формулаларын есептер шығаруда қолдана алады
  • Кез келген тригонометриялық функцияларды жарты, бұрыш арқылы өрнектей алады.

Анализ:

  • Тригонометриялық тепе теңдікті қосу формуласын қолданып, дәлелдей алады және тексереді.
  • Берілген шарттарды ескеріп, тепе теңдікті қорытып шығарады.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Тілдік мақсат: Екі бұрыштың қосындысы мен айырымының тригонометриялық функцияларын ауызша анықтама бере алады.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

sin, cos, tan (синус, косинус, тангенс)

жоғары/төмен бұрыштар

кері, көлденең, остер (осі), анықталу облысы

арксинус, арккосинус, арктангенс

келтіру /қосу формуласы

қиылысу нүктесіндегі түрлендіру, функцияны түрлендіру

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

Калькуляторды қолдану жөнінде нақты нұсқалар беріңіз, мысалы:

Функцияны енгізу.

Үшінші қатардағы [тәртіпке} өту .

Өзгерту/үлкейту таңдау.

Интервал қадамын орнату .

Max/Min түріне келтіру .

Батырманы басу

Сілтеуішті қолдану

 Құндылықтарды дарыту

Өзін-өзі бағалау, өзара бағалауды ұйымдастыра отырып, өзін және өзгені құрметтеуді, жұптық жұмыс арқылы пікір алмаса білуге дағдыландырамын

Пәнаралық байланыстар

Физикада қандай да бір күштердің бұрыштарын табуда қолданады.

 АКТ қолдану

  дағдылар

Үй тапсырмасына http://bilimland.kz/ сайтынан есептер бере отырып оқушылардың интернет желісін қолдану білімін дамытамын.

Бастапқы білім

Логарифмдік, көрсеткіштік теңдеулер мен теңсіздіктер.

Сабақ барысы

Сабақтың

жоспарланған

кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2 минут

I Ұйымдастыру кезеңі (1мин): Сәлемдесу. Оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа қажетті құрал-жабдықтарының дайындығын тексеру.

Сабақтың ортасы

76 минут

Жаңа сабақ түсіндіру: (10 минут)

Диалогтік оқытуды негізге ала отырып, оқушыларға http://bilimland.kz/kk/content/lesson/11736-trigonometriyalyq_funkcziyalardyng_qosyndysy_men_ajyrmasyn_kobejtindige_turlendiru сайты арқылы жаңа сабақты түсіндіру.

Миға шабуыл: (7 мин) Оқушыларға ашық жауапты талап ететін білу, түсіну, қолдану дағдыларын қалыптастыру мақсатында тапсырмалар беру.

Жоғарыдағы тапсырмаларды орындау үшін, сынақтан өткізу сұрақтарын қою:

  • Қай формуланы қолдандыңыз?
  • Не себепті бұл формуланы қолдандыңыз?

Анализ дағдысына арналған тапсырмалар:

  • өрнегін есептеңіз, егер және болса.
  • мәнін табыңыз?

Тапсырманың орындауға арналған көмекші сұрақтар:

  • өрнегін қалай өрнектедіңіз?
  • градусының шамасын ескердіңіз бе, ескерсеңіз қалай?
  • Қай формуланы қолдандыңыз?
  • Градус шамасын қалай келтірдіңіз?

Түрткі сұрақтардың көмегімен оқушылармен бірге тапсырманы орындаймыз және оқушылардың есепті түсінген – түсінбегендігін «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалаймыз.

Жұптық жұмыс

Оқушыларға алған білімін толықтыру мақсатында 7 мин арналған жұптық тапсырма беріледі. Оқушылар «Ойлан-жұптас» әдісін басшылыққа алып тапсырмаларды орындайды. Қиындыққа тап болған оқушыларға (Көпіршелер тұрғызу) ЖАДА бойынша қолдау көрсетіп, өз бетінше әрекет етуіне мүмкіндік туғызып отырамын.

Уақыт аяқталғаннан кейін, шешімі толық шығарылған жауап парақшалар таратылады. Оқушылар өздерінің шығарғанымен салыстырып, анализ жасап, мұғалімге кері байланыс (қателер саны мен түзеген есептері жайында мәлімет) береді, мұғалім қорытындылайды.

Жеке жұмыс

Жұптық жұмыс аяқталғаннан соң алған білімдерін бағалау мақсатында 12 мин арналған жеке жұмыс парақшалары таратылады. Тапсырманы орындау барысында қиындыққа кенелген оқушыларға сынақтан өткізу сұрақтарын қойып, бағыт бағдар беріп отыру.

Бағалау

Берілген уақыт аяқталғаннан кейін оқушылардың жұмыстарын алмастырып, жауап парақшасы бар «марк схема» бағалау жүйесімен бірін-бірі бағалайды. Берілген тапсырманың 23 ұпайдан жоғары жинаған оқушылар бүгінгі сабақтың мақсытана «Жетті», 23 ұпайдан төмен ұпай жинаған оқушылар «талпынды» алады.

Ең көп, орта, төмен жинаған оқушылардың нәтижесін айтып, бүгінгі сабақты қорытындылау.

Слайд

Қосымша-1

Слайд

Қосымша-1

Қосымша 1

Қосымша-3

Сабақтың соңы

3 мин

Үй тапсырмасы: үйге берілген тапсырмалар бойынша нұсқаулықтар айтамын. Қосымша 2

Рефлексия: Сабақтан алған әсерін, білімін, пікір тілектерін, білу мақсатында стикер тарқатып, төмендегі сұрақтарға жауап беруі сұралады.

Мен түсіндім........................

Мен білгім келеді.......................

Менің ұсынысым............................

http://bilimland.kz/kk/content/structure/851-math#lesson=11532

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары

туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу