Тригонометриялық функциялардың графигі және оның қасиеттері. Алгебра, 10 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
10.1В бөлім: Тригонометриялық функциялар | Мектеп: Алматы қ., ФМБ НЗМ | |||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Кабулов М.А., Умаров Б.М. | |||||||||||||||||||
Сынып: 10 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Тригонометриялық функциялардың графигі және оның қасиеттері | |||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты | 10.2.3.1 Тригонометриялық функциялардың анықтамасын, қасиеттерін біледі және олардың графигін салады; | |||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар: - және функцияларының графиктерін салады және олардың қасиеттерін сипаттайды; - y=tgx және y=сtgx функцияларының графиктерін салады және олардың қасиеттерін сипаттайды; | |||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Тригонометриялық функциялардың графигін дұрыс салады. Тригонометриялық функциялардың қасиеттерін дұрыс анықтайды. | |||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар:
Пәнге тән лексика мен терминология:
| |||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту
| Сабақтың бағалау критерийлері бойынша терминологияны қазақ, орыс және ағылшын тілінде еркін меңгеру барысында тиімді тәсілдерді қолдану арқылы топпен, жұппен және жеке жұмыс істеуде өзара сыйластыққа тәрбиелеу. | |||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Математикалық терминдерді үштілде игеру барысында орыс және ағылшын тілдері пәндерімен; | |||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Осы сабақта оқушылар қандай интербелсенді тақта мен тыңдалым слайдтарын басқару дағдыларын дамыта алады. | |||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Негізгі тригонометриялық функциялардың, яғни функцияларының, анықтамаларын және мәндерін қолданады | |||||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||||||
Сабақтың басы 3 мин | Оқушылармен амандасады, түгендейді. Жағымды психологиялық ахуал орнатады. Үйге берілген тапсырма «сиқырлы қалам» стратегиясы арқылы өзін-өзі бағалаумен жүзеге асырылады. | Интербелсенді тақта | ||||||||||||||||||
Сабақтың басы 10 мин Сабақтың ортасы 15 мин 12 мин 25 мин ФБ(10 мин) | Тригонометриялық функциялардың графиктері. Оқушыларға сәйкес масштабты таңдай отырып, синустың бірлік шеңбердегі 00 ден 3600 бұрыштардағы мәндерін координаталық жазықтыққа ауыстыруды ұсыныңыз. Периодты ескеріп сызбаны жалғастырыңыз. Синусоида ұғымын енгізіңіз. Осылай синус функциясының графигін көрсете отырып, функцияның төмендегі алгоритм (1-8) бойынша қасиеттерін оқушылардан сұрау арқылы тақтаға жазамыз. Жазып болғаннан кейін слайд 2 бойынша дұрыс не бұрыс екендігін тексереміз. (Егер оқушылар қате айтқан жағдайда мұғалім дұрыс жағдайын түсіндіреді)
Дәл осылай косинус, тангенс және котангенс функциясының графигін салу: Оқушыларды топтарға біріктіріңіз (3 топқа бөлеміз және әр топқа ат қоямыз). Оқушыларға функция графиктерінің қасиеттерін жазуды ұсыныңыз: 1 топ -косинус, 2 топ - тангенс, 3 топ - котангенс бойынша функцияның графиктерін салады және жоғарыдағы алгоритм (1-8) бойынша қасиеттерін жазады. Әр топ өз шешімін ұсынады. Жауаптар талқыланады және толықтырылады.( слайд 3,4,5) Әр топтан бір оқушыдан шығып, Джигсо әдісі бойынша өзге екі топқа барып өз тақырыптарын түсіндіреді, сұрақтарға жауап береді. Жұппен жұмыс Тапсырмалар: №1 №2 №3 (C деңгейінің есебі)
| |||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 3 мин | Сабақ соңында оқушылар «Бағдаршам» стратегиясы бойынша рефлексия жүргізеді. Үйге тапсырма: №1. ,, функциясының графигін салыңыз және қасиеттерін жазыңыз. | |||||||||||||||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||||||||
Деңгейлік тапсырмаларды орындау кезінде сапалы құрылымдық кері байланыстар беру арқылы оқушылардың ЖАДА бағыт-бағдар беру | Топпен бағалау, бірін-бірі бағалау және өзін бағалау | «Бағдаршам» стратегиясы бойынша рефлексия жасайды. Оқу кабинетіндегі интербелсенді тақтамен жұмыс жасауда, электр көзін пайдалануда абай болу. | ||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды