Кері функция, оның қасиеттері. Кері функцияның графигі. Алгебра, 10 сынып, презентация.


Сабақтың тақырыбы

10.5.1.7 кері функцияның анықтамасын біледі;

10.5.1.8 кері функцияның бар болу шартын түсінеді;

10.5.1.9 берілген функцияға кері функцияны табады;

10.5.1.10 өзара кері функциялардың графиктерінің орналасу ерекшелігін біледі;

Кері функция, оның қасиеттері. Кері функцияның графигі

Оқу мақсаттары

Бағалау критерийлері

Кері функцияның бар болу шарттарын біледі және түсінеді;

Кері функция анықтамасын біледі;

Әр функцияға кері функцияның бар болу шартын анықтайды;

Берілген функцияға кері функцияны құрады.

Негізгі базалық білімді жаңарту. Екі функцияның графиктерін қарастырайық.

Кері функция – берілген функцияға тән тәуелділікті кері өрнектейтін функция.

Берілген функцияға кері функцияның бар болу 1 шарты: Егер функцияның бір мәніне аргументтің бір мәні сәйкес келетін болса, онда функцияның кері функциясы табылады деп айтады.

Берілген функцияға кері функцияның бар болу 2 шарты: оның монотондылығы, яғни функция қатаң монотонды болу керек (тек өспелі, тек кемімелі). Қатаң монотонды болмаған жағдайда функцияға белгілі бір аралықта ғана кері функциясын таба аламыз.

1 қасиет: берілген функцияның анықталу облысы осы функцияның кері функциясының мәндер жиынына тең болады және керісінше берілген функцияның мәндер жиыны осы функцияның кері функциясының анықталу облысына тең болады.

3 қасиет: Өзара кері функциялардың графиктері y=x функциясының графигіне симметриялы болады.

2. Қолдану. Жұптық жұмыс.

Берілген функцияның кері функциясын табу және екі функцияның

графигін бір координаталық жазықтықта салу.

Функцияның графиктеріне кері функцияның графигін тұрғызыңыз.

Берілген функцияның кері функциясын анықтаңдар

Сызбаны пайдаланып функцияның аналитикалық түрін жазып, осы функцияға кері функциясын анықтап графигін салыңыз



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу