Функция графиктерін түрлендіру. Алгебра, 10 сынып, сабақ жоспары.


10.1А Функция, оның қасиеттері және график

Қызылорда қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалім:

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Функция графиктерін түрлендіру

Кәсіби даму мақсаты

Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.5.1.2

функцияның графигін түрлендіруді (параллель көшіру, сығу, созу), орындай алу;

Сабақ мақсаттары

Оқушылар функция графиктерін түрлендіруді біледі (графикке қарап қандай түрлендіру орындалғанын біледі; орындау ретін біледі, функция графигін сызады)

Бағалау

критерийлері

І Берілген функцияның графигін:

  • параллель көшіреді:

а) Ох осі бойынша оңға және солға;

б) Оу осі бойынша жоғары және төмен;

2) созу немесе сығу:

а) Ох осі бойымен;

б) Оу осі бойымен.

ІІ Компьютерлік бағдарлама көмегімен функция графигін түрлендіру әдістерін талдайды;

ІІІ Түрлендірілген функция графигін формулалар көмегімен жазады.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • берілген график бойынша функцияның қасиеттерін сипаттай алады;

Пәнге қатысты лексика мен терминология

Функция графигі

Сызықтық/квадраттық/ бөлшек теңдеулер

Айнымалы/ось(тер)/масштаб/қисық

Қиылысу/қиылысу нүктесі

Сығу, ұқсас түрлендіру, координаталық осьтер бойымен жылжыту

Мәндер кестесі/нүктелер жиыны

Алмастыру/түрлендіру

Графикте нүктені белгілеу

Қисықты бейнелеу

Функцияның орынын ауыстыру

Жоғары/төмен/солға/оңға

Графикті интерпретациялау

Симметрия

өзгерту

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

Айталық /Егер сіздің функцияңыз ( ) болса,

( ) +2 функция графигі 2 бірлікке жоғары жылжиды

( ) -2 функцияның графигі 2 бірлікке төмен жылжиды

Шаманы 2 бірлікке өзгерту үшін, оң шама үшін 2 бірлік оңға, теріс шама үшін 2 бірлік солға жылжытыңыз

у осіне қатысты симметриялы түрлендіру үшін, агументті (-1)-ге көбейтіңіз.

х осіне қатысты симметриялы түрлендіру үшін функцияны (-1)ге көбейтіңіз

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастыққа баулу, топта, жұпта жұмыс жасау арқылы бірін – бірі құрметтеуге тәрбиелеу.

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақтада жұмыс жасай білу, компьютерлік бағдарламаларда функцияның графигін түрлендіре алу

Бастапқы білім

Функция, функцияның қасиеттері, графигі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Басы

0-3 минут

І Ұйымдастыру.

Сәлемдесу. Ынтымақтастық атмосферасын орнату, оқушылардың зейінін сабаққа шоғырландыру және функциялардың графиктерін еске түсіру үшін сұрақтар қойылады.

ІІ Өткенді қайталау.

Берілген графиктер қандай функцияға тиісті екенін анықтаңыз?

Бізге таныс функциялар:

Оқушыларға бұрыннан таныс функция графигін параллель көшіруге берілген мысалдарды қарастыру.

Слайд 3

Слайд 4

Слайд 5-6

Сабақтың ортасы

4-5 минут

6-17 минут

18-21 минут

22-23 минут

24-28 минут

ІІІ Жаңа сабақ

«Миға шабуыл» әдісі негізінде функциялар графиктері бейнеленген қағаз қиындылары арқылы төрт топқа бөлінеді

Бағалау картасын тарату

ІV Топтық жұмыс

Берілген функциялардың графиктерін тұрғызу арқылы қандай

түрлендіру жүзеге асатындығын анықтау қажет

Топтық жұмысты орындауға 5 минут, қорғауға 2 минуттан беріледі

Топтық жұмыстың критерийлері:

  • постер көрнекі, тиянақты безендірілген
  • функция графигін түрлендіру әдісі дұрыс анықталған
  • түрлендіру әдісі түсінікті таныстырылды
  • топ мүшелері толық қамтылған
  • бөлінген уақытқа үлгеруі

V Түрлендіру әдістерін негіздеу

VІ Түрлендіру әдістеріне мысалдар

VІІ Жұптық жұмыс

Оқулықтан есептер шығару (№46 есепте Geogebra немесе басқа компьютерлік бағдарламаларды пайдалану)

Есептерді жұптасып шығарып болғаннан кейін әр түрлендірудің ерекшеліктерін өзара талқылау, ортақ қорытынды жасау

Слайд 7-8

Қосымша 2

Слайд 9

Слайд 10

Слайд 11-15

Қосымша 1

Слайд 16-18

Слайд 19-20

29-34 минут

35-36 минут

37 минут

VІІІ Жеке жұмыс

№49 есепте Geogebra немесе басқа компьютерлік бағдарламаларды пайдалану

ІХ Бекіту сұрақтары

  • Қандай түрлендіру жүзеге асты?
  • Түрлендірудің өрнегін тұжырымдаңыз.

Параллель көшіру:

Ох осі бойынша оңға және солға;

Оу осі бойынша жоғары және төмен;

Х Бағалау картасы бойынша оқушылар өз-өздерін бағалайды.

Слайд 21

Слайд 22

Слайд 23

Слайд 24

Слайд 25

Қосымша 2

Сабақтың соңы

38-40 минут

ХІ Рефлексия

ХІІ Үй тапсырмасы №51 есеп

Слайд 26

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Топтық және жұптық жұмыстар орындату барысында қабілеті жоғары оқушыларды сыныпқа икемдеу, бағалау критерийлерін құруға араластыру және бағалау барасында сыни пікірлер айту

Оқушылармен бірге бағалау критерийлерін құру, ол арқылы оқушы жұмыстарын бірін-біріне теексерту, сын айту және оны түзету

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

1:

2:



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу