Функция графиктерін түрлендіру. Сығу және созу. Алгебра, 10 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары №4

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі

10.1 A Функция, қасиеттері және графигі (12 сағат)

Мектеп: Өскемен қаласының химия-биология бағытындағы НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Базарбаева Г.Н.

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Функция графиктерін түрлендіру. Сығу және созу.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

10.4.1.2 функция графиктерін түрлендіруді орындай алу ( сығу және созу)

Сабақ мақсаттары

- функцияның графигін координаталар осьтері бойымен сығу және созу түрлендіруін берілген функцияға қолдану машығын қалыптастыру;

- қарастырылатын есепке мақсат қою, оның орындалу шарттарын нақтылау, сызба жұмысын дұрыс жүргізу;

- есеп шығаруда кездесетін қателіктерді жою және тиімді тәсілмен шығару жолдарын таба білуге үйрету;

Жетістік критерийлері

  • Берілген функция бойынша қандай түрлендіру екенін анықтай біледі;
  • Берілген негізгі функцияның графигін сала біледі;
  • Функцияның графигін координаталар осі бойымен сығу және созу арқылы түрлендіріп графигін сала біледі;

Тілдік

мақсаттар

Оқушылар: функция графиктерін түрлендіруді орындай алу ( созу және сығу) анықтамасын түсінеді және ауызша/жазбаша оның өмірдегі кейбір қолданыстарын біледі.

Пәнге тән лексика мен терминология:

Функция, анықталу облысы, мәндер облысы, функция графигі, параллель көшіру, сығу, созу.

Құндылықтарды дарыту

Құндылықтар:

Оқушылар өз сыныптастарымен диалогқа, әсіресе жұппен жұмыс істегенге қатысты, сол сияқты сыныппен талқылауға коммуникативтік дағдыларын дамытып, қатысады.

Жұптық жұмыста оқушылар әріптесіне қарап, идеяларымен бөлісіп және талқылауға қатысып, жауапты болуға үйренді. Тапсырмаларды орындағанда академиялық әділдік принциптеріне сүйенеді. Экономия мен ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Сызу

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақтаны қолдану.

Бастапқы білім

Функция графигін параллель көшіру арқылы түрлендіру.

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

ресурстар

Сабақтың басы

2 минут

5 минут

1 минут

Ұйымдастыру кезеңі:

1 Оқушылармен амандасу. «Бағдаршам» стратегиясын қолданып, жағымды психологиялық ахуал туғызу.

Жасыл түс – көңіл-күйім керемет

Сары түс – көңіл-күйім жақсы

Қызыл түс – көңіл-күйім онша емес.

2.Стартер: «Миға шабуыл»

Мақсаты: Оқушылардың өткен тақырыптар бойынша білімдерін тексеру және қателерін түзету жұмысын өткізу.

Қосымша №1.

3. Сабақ тақырыбымен таныстыру (Сабақ тақырыбымен байланыстыра отырып, оқушыларға бүгінгі сабақтың мақсатының қандай болатыны туралы ойлауды ұсыну және оны жалпы сыныппен бекіту.)

Слайд 1

Слайд 2

Сабақтың ортасы

27 минут

Жаңа сабаққа кіріспе:

  • Функция графиктері арқылы сыныппен талдау және қорытынды жасау.

Мақсаты: Оқушылардың білімдеріне сүйене отырып, жаңадан қандай түрлендіру орындалғанын сипаттап айту және оны қорытындылау. (Мынадай сұрақтар қоюға болады: 1) Графигі берілген функция қалай аталады және графигі қандай түрлендіру арқылы салынған?)

(Қосымша №2)

  • Жаңа сабақ: Оқушыларға презентацияда функцияның графигінің түрлендіруін көрсету және оны жұпта талқылауды ұсыну. (Қосымша №3)

Мақсаты: Жазықтықта берілген функцияның қандай функцияның графигінен алынғанын өткен білімдеріне сүйене отырып, айтуға жетелеу.

  • Функцияның түрлендіруі туралы қорытынды жасау және оның анықтамасымен таныстыру.
  • Оқушыларға осы түрлендіру қолдануына мысалдар келтіруді ұсыну және сыныппен талқылау.

Мысалы:

  • Топтық жұмыс.

Мақсаты: Топпен тақырыптың қорытындысына сүйене отырып, берілген функциялардың графиктерін сала білуге жаттықтыру.

(Қосымша №4.)

Бағалау: Әр топ келесі топтың жұмысымен танысып, «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды, қатесі болса түзетеді.

  • Жұптық жұмыс. Қосымша №5.

Мақсаты: Түрлендірудің қасиетін қолдана отырып, графиктерді бірлесе салу. (Бірінің түсінбегенін екіншісі түсіндіре алатындай жұптар құрастыру яғни білім деңгейлеріне қарай.)

Өзара бағалау: Жұптар арасында салыстыра отырып, тексеру және қателерін таба білу.

  • Қалыптастырушы бағалау.

Жеке жұмыс. «Сәйкестендір» берілген функция графиктерін формулаларымен сәйкестендіру. (Қосымша №6)

Мақсаты: Оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергенін тексеру.

Бағалау: Өзін-өзі бағалау.

Слайд 3-11

Сабақтың соңы

5 минут

Үйге тапсырма:

1) Функцияларды қайталау.

2) Қосымша №7-де берілген есептерді шығару.

Рефлексия: «ББҮ» стратегиясы бойынша, оқушылар өз ой толғаныстарын жазады.

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- немен жұмысты жалғастыру қажет?

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Тапсырмаларды орындау барысында саралау жүзеге асырылады. Тапсырмалар оқушылардың қабылдау ерекшеліктеріне, дайындық деңгейіне байланысты таңдалып алынды.Оқушының іс-әрекетін ұйымдастыру формалары: топпен, жұппен жұмыс түрлеріне сай ұсынылды. Қабілеті жоғары оқушылар консультант ролін атқарады.

Қауіпсіздік техникасының ережелерінің тармақтары сақталады. Сабақта барлық оқушыларға жағымды әсер ету үшін жағдай жасалады. Оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастырудың әртүрлі формалары қарастырылады

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/ оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға:

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу