Мәтінді есептерді шығару. Алгебра, 9 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Ықтималдықтар теориясының элементтері

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 9

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Мәтінді есептерді шығару

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.3.2.5 геометриялық ықтималдықты есептер шығаруда қолдану;

 Сабақ мақсаттары

Геометриялық ықтималдықты есептер шығаруда қолдана алады

 Бағалау

 критерийлері

- геометриялық ықтималдықтың анықтамасын біледі;

- оқиғалардың геометриялық ықтималдығын есептейді

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар: Жорамалдауды тексеру үшін қысқаша сұрақтар қою арқылы (мысалға, солай емес пе?), тәжірибенің мәтініндегі мүмкін мәндерін ауызша талдайды

Пәнге тән лексика мен терминология:

геометриялық ықтималдық

геометриялық объект

соңы/тәжірибе нәтижесі

кездейсоқ/шанс

таралу

белгілер

жалпы/ішінара ауданын есептеу

ұзындық, аудан, параллель

кеңістік/арасындағы қашықтық

ықтималдық

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Біз ауданның қаншалықты үлкен екенін білуіміз керек, солай еемс пе?

Жолдар арасындағы ара қатынасты өлшеу керек емес, солай ма?

Ине ұзындығы сәйкес пе, солай емес пе?

Сызықтар парраллель емес пе?

x ті өрнектеп көреміз бе?

Бізге x-ті білу керек, солай емес пе?

Олай болса, ықтималдық - x, солай емес пе?

Иненің сызық бойына түсу ықтималдығы – ішінара ауданның жалпы ауданға қатынасына тең.

 Құндылықтарды

 дарыту

Құрмет, ынтымақтастық, ашықтық. Құндылықтарды дарыту жұптық және топтық жұмыс арқылы жүзеге асады.

 Пәнаралық

 байланыстар

Геометриялық ықтималдық оқушыларды болашақта статистикамен жұмыс жасауға дайындайды, соның ішінде биологиядан кейбір сұрақтар үшін жауап табуға болады.

 АКТ қолдану

 дағдылары

Презентация

Бастапқы білім

Орта мән, дисперсия, орташа квадраттық ауытқудың қасиеттері

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1 минут

4 минут

3 минут

Ұйымдастыру бөлімі. Оқушылардың сабаққа қатысы мен дайындығын қадағалау.

Үй тапсырмасын тексеру.

Мақсаты: өткен тақырыпты жүйелеу, бекіту

Сипаты: дайын жауаптар арқылы презентация көмегімен үй жұмысын тексеру

Мұғалімнің іс-әрекеті: бағыттаушы, бақылаушы

Оқушының іс-әрекеті: есептерді дайын жауаптармен тексереді

Бағалау: өзін-өзі бағалау

Қайталау. https://bilimland.kz/kk/subject/algebra/9-synyp/yqtimaldyqtyng-klassikalyq-anyqtamasy-zhane-geometriyalyq-mahynasy

Мақсаты: өткен тақырыпты жүйелеу, бекіту

Сипаты: өткен материалды сұрақтар көмегімен еске түсіру

Мұғалімнің іс-әрекеті: бағыттаушы

Оқушының іс-әрекеті: презентация сұрақтарына жауап береді

Бағалау: өзара бағалау

Слайд2

Слайд3

Сабақтың ортасы

15 минут

13 минут

Есептер шығару. Қосымша1

Мақсаты: геометриялық ықтималдықты есептер шығаруда қолдану

Сипаты: жұптық жұмыс

Мұғалімнің іс-әрекеті: бағыттаушы, бақылаушы

Оқушының іс-әрекеті: жұппен берілген тапсырманы орындайды.

Бағалау: мұғалім бағалайды

Жеке жұмыс. Қосымша2

Мақсаты: геометриялық ықтималдықты есептер шығаруда қолдану

Сипаты: жеке жұмыс

Мұғалімнің іс-әрекеті: бағыттаушы, бақылаушы

Оқушының іс-әрекеті: жеке берілген тапсырманы орындайды.

Бағалау: дайын жауаптар арқылы өзін-өзі бағалайды.

Слайд 4,5

Слайд6

Сабақтың соңы

2 минут

1 минут

1 минут

Қорытынды. Оқушылар өздерінің және сыныптастарының жұмысына кері байланыс береді.

Үй тапсырмасы. Қосымша3

Рефлексия.

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушылардың жеке қабілетін есепке ала отырып қолдау көрсету. Қабілеті жоғары оқушыларды көмекке алу.

Мұғалімнің, өзара, өзін-өзі бағалау

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлерін жүргізу. Көзге жаттығу

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Қосымша1

1.Екі достар Мәскеудегі Александр Пушкиннің ескерткішінде 12 және 13 сағат аралығында кездесуге келісті. Біріншісі екіншісін α минут (α <60) күтеді, содан кейін ол кетіп қалады. Кездесу ықтималдығы қандай?

Жауап.

2.Радиусы R-ға тең дөңгелекке кездейсоқ нүкте лақтырылды. Нүктенің дөңгелекке іштей сызылған шаршының ішіне түсу ықтималдығы қандай?

Жауап. 0,64

3.Нысана тұрақты бұрыштық жылдамдықпен айналады. Нысананың бесінші бөлігі жасыл түспен, ал қалғандары ақ түспен боялған. Атылған оқтың нысанаға тиюі ақиқат оқиға. Оқтың жасыл түсті секторға тию ықтималдығын анықтаңыз

Жауап. 0,2

4.Екі адам белгіленген жерде сағат 17 ден 18 аралығында кездесуді ұйғарды және келген жерде бір-бірін тек 30 минут күтуге келісті. Егер олардың әрқайсысы белгіленген уақыт аралығына тең келетін болса, бұл адамдармен кездесу ықтималдығы қандай?

5.Қабырғасы 4 см болатын шаршыдан кездейсоқ бір нүкте таңдалады. Осы нүктеден шаршының ең жақын қабырғасына дейінгі қашықтықтың 1 см-ден кіші болу ықтималдығын тап.

6.ABCD тік төртбұрышының қабырғаларының орталары MNPK төртбұрышының төбелері болып табылады. Тік төртбұрыштың периметрі – 40 см, оның бір қабырғасы екіншісінен үш есе үлкен. Тік төртбұрыштан кездейсоқ түрде нүкте таңдалады. Оның MNPK төртбұрышында жату ықтималдығын тап.

Қосымша2

1.Нысананың радиусы 4-ке тең. Атлыған оқтың барлығы нысанаға тиеді. Нысананың кез келген нүктесіне тию ықтималдығы бірдей болса, онда оның жартысына тию ықтималдығы қандай?

Жауап. 0,5

2. Құлып бір осьте орналасқан 4 дискадан тұрады. Әр диска 6 секторға бөлініп сандармен белгіленген. Құлып корпусына қатысты барлық дискілер белгілі бір орынға ие болған жағдайда ғана ашылуы мүмкін, олардың сандары құлыптың «құпиясын» ашатын белгілі бір санды құрайды. Сандардың ерікті комбинациясын орнату арқылы құлыпты ашу ықтималдығы қандай?

Жауап. 0,00077

3. 20см –ге тең АВ кесіндісінен кездейсоқ С нүктесі алынған. Ол нүктенің А нүктесінен 9 см артық емес және B нүктесінен 15 см артық емес қашықтықта орналасуының ықтималдығы қандай?

Жауап. 0,2

Қосымша3

1.Теңбүйірлі трапецияның бүйір қабырғалары центрі О болатын шеңберді жанайды. Трапецияның табандары 4 см және 16 см. Трапециядан кездейсоқ нүкте алынады. Бұл нүктенің осы шеңбермен шектелген дөңгелекте жатпау ықтималдығын анықтаңыз.

Жауап.

2.Координаталар жазықтығында

теңсіздіктер жүйесін қанағаттандыратын F нүктелер жиыны берілген. Жиыннан кездейсоқ нүкте алынады. Нүктенің координаталары y < х + 3 теңсізідігін қанағаттандыру ықтималдығын табыыңыз.

Жауап.

3. Радиусы R-ға тең дөңгелекке кездейсоқ нүкте лақтырылды. Нүктенің дөңгелектің а) ішінде b) дөңгелекке іштей сызылған дұрыс үшбұрыштың сыртында орналасу ықтималдығын табыңыз.

Жауап. 0,41; 0,59

4.Өлшемдері 4,6,10 см болатын тікбұрышты параллелепипедттен кездейсоқ М нүктесі алынды. Нүктенің қабырғасы 3 см болатын кубқа түсу ықтималдығы қандай?

Жауап. 0,113



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу