Ықтималдық теориясының негіздері. Алгебра, 9 сынып, презентация. 1 сабақ.
Ықтималдылық теориясының негіздері
Сабақтың мақсаты
Кездейсоқ оқиғаның ықтималдығы туралы түсінік алу;
Ықтималдықтың қасиеттерін білу;
Ықтималдықтың классикалық анықтамасын білу және оны есептер шығаруда қолдану.
Оқу бағдарламасына сілтеме
9.3.2.3. оқиға ықтималдығының классикалық анықтамасын біледі және есептер шығаруда қолданады
Тиынды лақтырып, оның қай жағымен түсетінін нақты айтуға болмайтыны рас. Осындай жағдайда есептің шешімі туралы нақты ештене айтуға болмайтын сияқты көрінеді. Алайда тәжірибе жасап, оның нәтижесі бойынша есептің шешімін анықтауға болады. Тиынды неғұрлым көбірек лақтырсақ, солғұрлым әрекеттің жартысында елтаңба жағы түссе, енді жартысында цифр жағы түсетіні байқалады.
Оқиғалар ұғымы ықтималдықтар теориясының негізгі ұғымдарының бірі болып табылады. Белгілі бір шарттар орындалғанда пайда болатын құбылысты оқиға дейміз.
Мысалы: Лақтырылған асықтың түсуін бақылайық. Ол бүк, шік, алшы, тәйкі деген жақтарымен түсе алады. Алдын-ала асықтың қай жағы түсетіні белгісіз болғандықтан оқиға кездейсоқ оқиға деп аталады.
Оқиғаларды бас әріппен белгілейді. Мысалы: тиынды лақтырғанда елтаңбамен түсуін «Е» әрпімен белгілейді.
Ойын сүйегін лақтыру
Ойын сүйегін лақтыруда қандай оқиғалар болуы мүмкін?
Сынақ жүргізгенде оқиғаның бірі пайда болғанда, екіншісі пайда болмайтын екі оқиғаны үйлесімсіз оқиғалар дейді.
Сынақ жүргізгенде оқиғаның бірі пайда болғанда, екіншісінің де пайда болуы мүмкін болатын екі оқиғаны үйлесімді оқиғалар деп атайды.
Мысалы, кубтың жұп нөмірінің шығуы (А оқиғасы) және екі санына еселік нөмірдің шығуы (В оқиғасы) үйлесімді. Өйткені кубтың 6-нөмірінің шығуын көрсететін А6 оқиғасы А оқиғасы пайда болғанда да, В оқиғасы пайда болғанда да пайда болуы мүмкін.
Рефлексия
- Мен үйрендім?
- Менің білгім келетінім?
- Нені жақсартуым керек?
Рефлексия
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?