Тригонометриялық өрнектерді тепе-тең түрлендіру. Алгебра, 9 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: IV Бөлім «Тригонометрия» | Мектеп: Тараз қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Каражигитова К.Е. | ||
Сынып: 9 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |
Сабақ тақырыбы | Тригонометриялық өрнектерді тепе-тең түрлендіру | ||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме) | 9.2.4.8 тригонометриялық өрнектерді тепе-тең түрлендіруді орындау | ||
Сабақ мақсаты | Оқушылар:
| ||
Бағалау критерийлері | Оқушы:
| ||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар:
Пәнге қатысты лексика мен терминология:
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:
| ||
Құндылықтарды дарыту | Топта жұмыс жасау арқылы бір-біріне деген құрмет құндылығын өзін-өзі, бірін-бірі тексеру арқылы академиялық адалдық құндылығын дарыту | ||
Пәнаралық байланыстар | Тригонометриялық өрнектерді тепе-тең түрлендіруді орындау біліктілігі практикалық мәні өте зор. Физика формулаларын түсіну, қолданбалы есептерді шешуге негіз болады | ||
Бастапқы білім | Негізгі тригонометриялық функциялардың анықтамасын білу және бірлік шеңбер арқылы олардың қасиеттерін анықтай алу. Өрнектің мәнін табуда, өрнекті ықшамдауда, теңбе-теңдікті дәлелдеуде негізгі тригонометриялық теңбе-теңдіктер мен келтіру формулаларын қолдану. |
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 0-2 мин 2-4 мин 6-8 мин 8-10 мин | Ұйымдастыру кезеңі а) Амандасу. Сыныпты түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. ә) Мақсат: Сабақ тақырыбы мен мақсатын анықтау. «Жақын арада даму аймағын» анықтау. Мақсат: Үй жұмысында оқушылар жіберген қателер олардың есінде сақталып қалмау үшін оны түзету. Үй тапсырмасын тексеру, қиындық туғызған сұрақтарға нұсқау жасау, уақытылы кері байланыс беру. Тапсырма 1. Формулаларды есте сақтау қабілеттерін тексеру үшін оқушыларға «формулаларды сәйкестендіріңіз» тапсырмасы ұсынылады.
Жауап: 1-В, 2- J, 3-Н, 4- I, 5-Е, 6- D, 7- А, 8- F, 9-С. Әр оқушы жұбының жазған жауабы мен өз жауабын салыстырады. Қателіктер мен дәлсіздіктер талқыланады. Осыдан соң сабақ мақсаты мен бағалау критерийлері айтылады. Бағалау критерийлері оқушылармен таңдалады. Сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерін оқушылардың түсінуі үшін, сынып ауқымында талқылау пайдаланылады.Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізіледі. | . https://bilimland.kz/kk/courses/physics-kk/mexanika/kinematika/lesson/birqalypty-zhane-birqalypty-emes-qozhalystar | ||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 10-11 мин 11- 18 мин 18-36 мин | Жаңа сабақты түсіну. Топтық жұмыс. Топтарға бөліну Үстелдің үстінде қағазда 1-3-ке дейінгі сандар жасырылған. Оқушылар өздері таңдап алып, берілген сандарға қарай 3 топқа бөлінеді. Мақсат: оқушылардың ойлау әрекеттерін белсендендіре отырып, оқушыда әділдік командалық рух, көшбасшылық сияқты қырларын қалыптасуына жағдай жасау. Топтарға бөлінгеннен кейін оқушылар топта жұмыс істеу ережелерін жазып шығулары керек. Оқушылар әр түрлі нұсқаларды ұсынады, мұғалім көмегімен ең маңыздыларын таңдайды.Топта жұмыс істеудің барлық ережелерін мұғалімнің алдын ала дайындалған слайдында көрсетеді Тапсырма 2. Катеттері а, b, гипотенузасы с, сүйір бұрышы α болатын тікбұрышты үшбұрышта берілген өрнектің орындалатынын дәлелдеңіз. 1-топқа: 1); 2-ші топқа: 2) 3-ші топқа: 3) . Әр топ тікбұрышты үшбұрышта өз берілген өрнегінің орындалатынын түсіндіреді. Өзге топтағы оқушылар дәптерлеріне конспектілейді, сұрақтар қояды және таныстырылым жасаған топтардың жұмысын бағалайды. Тапсырма 3. Жұптық жұмыс. Барлық жұпқа бірдей тапсырма беріледі. Өрнекті ықшамдаңыз:
Жауабы: 1) 1; 2) 2; 3) 1; 4) 0; 5) ; 6) . Дескриптор: Білім алушы - қысқаша көбейту формулаларын қолданады; - қос және жарты бұрыштың формуласын қолданады; - келтіру формулаларын қолданады; - қосу формулаларын қолданады; - негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктерді қолданады; - ортақ бөлімге келтіреді және ықшамдайды - тепе-теңдікті дәлелдейді Әрі қарай жұп мүшелері шешімдерімен алмасып, алынған жұмысты тексереді, жазбаша комментарийлер қалдырады. Тексеру аяқталған соң жұп мүшелері қайтадан жұмыстарымен алмасып, жазылған ескертулерді талдайды, қателерін түзейді.Мұғалім оқушылардың тапсырмаларды орындауға және диалогтарға қаншалықты қатысатындығын бақылау жолымен бағалайды. Прогресс, жұппен жұмыс кезіндегі жауап реакциясы әр оқушының үлесі бағаланады. | Қосымша 1. | ||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 36-40 мин | Сабақты қорытындылау. Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді: - нені білдім, нені үйрендім; - нені толық түсінбедім; - немен жұмысты жалғастыру қажет. |
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы. АКТ-мен байланыстар |
Оқушыларға ашық сипаттағы тапсырма ұсынылады оқушылар әр түрлі шешімдер ұсынуы мүмкін. Кейбір оқушылар тапсырманы өздері орындайды, ал кейбір оқушыларға тапсырманы орындау барысында жан-жақты әрі нақты көмек көрсетіледі. Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізіледі. | Сабақ барысында ерекше қабілет көрсеткендерге мотивациялау мақсатында жеке дара жетістіктерімен ынталарын ескеріп ауызша бағалау қолданылады. Сабақтың соңғы бөлімінде рефлексия форматында өзін-өзі бағалау ұйымдастырылады. Мұғалім оқушылардың тапсырманы орындауға және диалогтарға қаншалықты қатысқандығын бақылау жолымен бағалайды. | Оқушылардың дұрыс отыруы қадағаланады. Сабақ ортасында «Көз жаттығуы» сергіту сәті жасатылады. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?