Тригонометриялық формулалар. Алгебра, 9 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ № :

Мектеп: Тараз қаласы ФМБ НЗМ

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Мерзімі: Мұғалімі:

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:

Сабақ тақырыбы: Тригонометриялық формулалар

Сабақтың түрі: Жаңа материалды меңгеру сабағы.

Осы сабақта қол жеткізетін, сабақ мақсаттары: (оқу жоспарына сілтеме)

9.2.4.8 тригонометриялық өрнектерді теңбе-тең түрлендіруді орындау.

Сабақ мақсаттары

тригонометриялық өрнектерді теңбе-тең түрлендіруді орындау.

Бағалау критерийі

Оқушылар

  • негізгі тригонометриялық тепе-теңдік формулаларын қолданады;
  • есеп шығару барысында, қос бұрыштың және дәрежені төмендету формулаларын қолданады;

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

- осы бөлімдегі терминдерге сүйену;

- тригонометриялық функциялардың аргументтерінің қосындысы мен айырмасының, екі еселі бұрыштың, тригонометриялық функциялардың қосындысын/айырмасын көбейтіндіге және көбейтіндіні қосындыға/айырмаға түрлендіру формулаларының қорытылуын түсіндіреді;

- тригонометриялық өрнектерді түрлендіруде формулалардың таңдалуын дәйектеу.

Құндылықтарды дарыту

Өзара жақсы қарым-қатынас қалыптастыру, сыйластық, жауапкершілік, тәрбиелі және саналы азамат қалыптастыру, 21-ғасырға сай коммуникативтілік, белсенділік шеберліктерін арттыру;

Бастапқы білім

Негізгі тригонометриялық тепе-теңдік, қос бұрыштың формуласы, дәрежені төмендету формуласы.

Сабақтың жоспарланғанкезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар. Мұғалімнің комментариясы

Ұйымдастыру кезеңі

(1 мин)

Салемдесу. Келмеген оқушыларды белгілеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Мақсатты құру кезеңі.

(3 мин)

«Математикалық диктант» Екі топқа тапсырма беріледі

Вариант 1

Вариант 2

tg (3π/2+α)=

cos(π/2+α)=

1+tg2α =

1+ctg2α=

cos (π-α)=

sin(π+α)=

sin(α-β)=

tgα·ctgα=

sin2α + cos2α=

cos(α+β)=

sin2α=

сos2α=

1- sin2α =

1-cos2α=

sinα - sinβ=

сosα - cosβ=

Оқушылар есептің шығарылу жолдарын талқылап, сабақтың тақырыбын тұжырымдайды.

Оқушылар мұғалімнің көмегімен сабақтың тақырыбын тұжырымдайды және бағалау критерилерин құрады.

Презентация

1,2 слайдтар.

Жаңа материалды меңгеру кезеңі

(10 мин)

Негізгі тригонометриялық тепе-теңдік

Қос бұрыштың формулалары:

Дәрежені төмендету формулалары:

Мұғалім оқушылармен осы тұжырымды дәлелдейді.

Мұғалім түсінуге сұрақтар қояды:

  • Қандай оқиғалармен біз жұмыс жасадық? Не үшін?
  • Қандай ережелер тұжырымдалды?

1 мысал. Егер болса,

өрнегінің мәнін табыңдар.

Шешімі: Негізгі тригонометриялық тепе-теңдік формулаларын қолдансақ:

sin2x-2(1-sin2x)=sin2x-2+2sin2x=3sin2x-2=3(-0,4)2 -2=0,48-2=-1,52.

Жауабы: -1,52

2 мысал. Егер tg x=2 болса,

өрнегінің мәнін табыңдар.

Шешімі:

Жауабы :-3,5

3 мысал. Егер tg 2x= болса, өрнегінің мәнін тап

формуласын қолдансақ

Жауабы :3,5

Алғашқы алған білімдерін меңгеру кезеңі.

( 10 мин)

Тригонометриялық функцияның берілген мәні бойынша қалған функциялардың мәндерін табыңдар.

Оқушылар тапсырмаларды жеке орындайды. Тақтада дұрыстығын тексереді.

I

II

III

Берілгені: Табу керек:

Берілгені: Табу керек:

Берілгені: Табу керек:

Жауабы:

Жауабы:

Жауабы:

Тригонометриялық өрнектерді ықшамдаңдар:

Топтық жұмыс

I топ

Жауабы

II топ

Жауабы

Сергіту сәті

(1 мин)

Оқушылар көзге арналған жаттығулар жасайды.

Алған білімдерін бекіту кезеңі.

(13 мин)

Жұптық жұмыс

Тапсарма

жауап

Тепе-теңдікті дәлелдеңдер:

Ықшамдаңдар :

Өрнекті ықшамдаңдар:

Жеке жұмыс

Өрнекті ықшамдаңдар:

2) cos2α – (ctg2α +1) sin2α.=

3)

4)

Бағалау мұғалімнің қадағалауы бойынша жүргізіледі.

Бағалау критерилері бойынша оқушылардың өзара бағалануы жүргізіледі.

Сабақты қорытындылау кезеңі. Рефлексия.

2 минут

Мұғалім сабақ мақсаттарына және бағалау критерилерине оралады.

  • Сабақтың мақсаты қандай?
  • Мақсатқа жеттік пе? Оқушыларға рефлексия парағын толтыру ұсынылады.
  • Қандай қиындықтар кездесті?

Оқушылар рефлексия сұрақтарына жауап береді:

  • Бүгін мен не білдім?
  • Маған жеңіл болды ма ,әлде қиын ба?
  • Мен түсіндім ба, әлде қиындықтар болды ма?
  • Мен жаңа нәрсе үйрендім ба?
  • Мен нәтижеге жете алдым ба?

Үй жұмысы

Тепе-теңдікті дәлелдеңдер:

1) (tg α+ctg α)2– (tg α–ctg α)2= 4

2) (1+tg α)2+(1-tg α)2=;

3) (2+ sin β)(2- sin β)+(2+ cos β)(2– cos β)=7

Дифференциация – Сіз қалай қолдау көрсетесіз? Дарынды оқушыларға қандай тапсырмаларды беруді жоспарлайсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Дифференциация жеңіл тапсырмадан қиын тапсырмаға көшумен және білім өзектілігі арқылы дарынды оқушылардың үлгерімі төмен оқушыларға көмектесуімен жүзеге асады. Оқушылар өздерінің қабілеттеріне қарай нәтижелер шығарады.

Оқушыларды сұрақтар қою арқылы бағалаймын. Бағалау критерийі бойынша жұптар бін-бірі бағалайды. Топтық жұмыстағы бағалау. Сабақ соңында оқушылар өздерінің жеткен жетістіктері жайлы өзін – өзі бағалайды.

Сабақты бекіту кезеңінің алдында слайдқа қарағандықтан «көз жаттығуын» жасатамын.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақтыжақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу