Тригонометрия формулалары. Алгебра, 9 сынып, сабақ жоспары. 10 сабақ.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Тригонометрия

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 9

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Тригонометрия формулалары (№10 сабақ)

Сабақ түрі

Жалпылама сабақ

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:

9.2.4.3 бұрыштардың қосындысы мен айырымының, жарты және қос бұрыштың тригонометриялық формулаларын қорытып шығару және қолдану;

Сабақ мақсаттары:

Оқушылар:

  • бұрыштардың қосындысы мен айырымының, жарты және қос бұрыштың тригонометриялық формулаларын біледі;
  • есептер шығаруда бұрыштардың қосындысы мен айырымының, жарты және қос бұрыштың тригонометриялық формулаларын қолданады.

Бағалау критерийлері:

Оқушылар:

  • бұрыштардың қосындысы мен айырымының, жарты және қос бұрыштың тригонометриялық формулаларын біледі;
  • бұрыштардың қосындысы мен айырымының, жарты және қос бұрыштың тригонометриялық формулаларын қолданып түрлендіруге арналған тапсырмалар орындайды.
  • тригонометрия формулаларын қолданып, тепе-тең түрлендірулерді орындайды.

Тілдік мақсаттар:

 

Тілдік мақсат

  • тригонометриялық функциялардың аргументтерінің қосындысы мен айырмасының, екі еселі бұрыштың формулаларының қорытылуын түсіндіреді;
  • тригонометриялық өрнектерді түрлендіруде формулалардың таңдалуын дәйектеу.

Пәнге тән лексика мен терминология:

  • аргументтердің қосындысының синус/косинус/тангенс/котангенсы;
  • аргументтердің айырмасының синус/косинус/тангенс/котангенсы;
  • екі еселі аргумент/бұрыш;
  • дәрежені төмендету формуласы;
  • жартылай аргумент/бұрыш;

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

  • тригонометриялық функциялар аргументтерінің қосындысы/айырмасы формулаларын өрнекке қолданамыз;
  • берілген өрнек екі еселі бұрыштың синусы/косинусы формуласының оң жақ бөлігін білдіреді;
  • өрнектің сол/оң жағына дәрежені төмендету формуласын қолданамыз;

Құндылықтарды дарыту

Тапсырмаларды жұпта(топта) орындау арқылы ынтымақтастық құндылықтарды қалыптастыру

Жаңа білім қалыптастыруда бірлесіп жұмыс жасау арқылы құрмет құндылықтарын қалыптастыру

Жаңа білімді меңгеру арқылы өмір бойы оқу құндылығын қалыптастыру.

Пәнаралық байланыс

Архитектура, астрономия, физика

АКТ қолдану дағдылары

Оқу материалдарын іздеу үшін интернет ресурстарын қолдану

Бастапқы білім

Қосу формулалары. Жарты және қос бұрыштың тригонометриялық формулалары.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1 мин

Ұйымдастыру кезеңі

Мақсат: сабақтың басын ұйымдастыру.

Сәлемдесу. Оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылар назарын аудару

5 мин

Үй жұмысын тексеру. Үй жұмысын жұпта тексеру жүзеге асырылады.

Мақсат: Үй жұмысында оқушылар жіберген қателер олардың есінде сақталып қалмау үшін оны түзету.

№496, 497. ( Шыныбеков Ә.Н. Алматы: Атамұра 2013 ж.)

10 мин

12 мин

10 мин

Сабақ тақырыбы мен мақсаттары айқындалады.

Оқушыларға бағалау парақтары ұсынылады.

І. Математикалық диктант (Жұптық жұмыс)

Мақсат: есептер шығаруда бұрыштардың қосындысы мен айырымының, жарты және қос бұрыштың тригонометриялық формулаларын қолдану дағдысын қалыптастыру

Тапсырма жауаптары экранға шығарылады. Әр жұп жауаптарын өздері бағалайды.

ІІ. Саралау тапсырмалары. Топтық жұмыс.

Мақсат: Өткен тақырыптар бойынша дағдыны қалыптастыру.

Оқушыларды деңгейлеріне байланысты 3 топқа бөлінеді. Әр топқа А,В,С деңгейлі тапсырмалар беріледі. Әр топ өз жұмыстарын критерийлер бойынша тексеріп, бағалайды. Соңынан қиындық тудырған тапсырмалар тақтада талқыланады.

ІІІ. Қалыптастырушы бағалау

Қосымша 4

Қосымша 1

Қосымша 2

Қосымша 3

Сабақтың

соңы

5 мин

Сабақты қорытындылап, оқушылардан кері байланыс алынады.

2 мин

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет

Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын белгілі бір критерийлер бойынша бағалай алады

Үй жұмысы:

№502. ( Шыныбеков Ә.Н. Алматы: Атамұра 2013 ж.)

Саралау

Бағалау

ҚТ және денсаулық

Топтық немесе жұптық жұмыста өз-өзіне сенімсіз оқушылар анағұрлым өздеріне сенімді оқушылармен жұмыс істеу барысында тапсырманы орындау жолдарын бақылап үйренеді.

Қабілеті жоғары оқушылар үшін қосымша тапсырмалар беріледі

Оқушылар сабақ барысында өз-өзін бағалайды және бағалау критерийі бойынша жұптарда бір-бірін бағалайды, сабақ барысында ерекше қабілет көрсеткендерге мадақтауды, мотивациялау мақсатында жеке дара жетістіктерімен ынталарын ескеріп ауызша бағалауды қолдану.

Сабақта «көз жаттығуын» жасатуға болады.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
Пікір жазу