Тригонометриялық функциялар және олардың қасиеттері. Алгебра, 9 сынып, сабақ жоспары. 1 сабақ.
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: Тригонометрия | Мектеп: | ||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||
Сынып: 9 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар: | |||||
Сабақ тақырыбы | Тригонометриялық функциялар және олардың қасиеттері | ||||||
Cабақтың түрі | Жаңа тақырыпты меңгеру | ||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 9.2.4.6 бірлік шеңбердің көмегімен тригонометриялық функциялардың жұптылығын (тақтылығын), периодтылығын , бірсарындылығын және таңбатұрақтылық аралықтарын түсіндіру; | ||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар:
| ||||||
Бағалау критерийлері | Оқушы:
| ||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: бірлік шеңбердің көмегімен тригонометриялық функциялардың қасиетін сипаттайды; Пәнге қатысты лексика мен терминология: бірлік шеңбер, тригонометриялық дөңгелек, тригономет-риялық функция, функцияның тақтығы/жұптығы, период, бірсарындылылық, таңбатұрақтылық аралықтары Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер: 1,2,3,4 ширекте синус/косинус/тангенс/котангенс таңбасы ... болады Функцияның периоды ...-ға тең болады. Функцияның өсу /кему аралығы ... Функцияның бірсарындылық аралығы ... | ||||||
Құндылықтарды дарыту
| Құндылықтарды дарыту берілген сабақта жоспарланған іс-әрекеттер арқылы жүзеге асады. Оқуға, жағдайды талдауға, жаңа шарттарға бейімделуге, мәселе қоюға және шешім қабылдауға, топта жұмыс істеуге, өзінің жұмысының сапасына жауап беруге, өзінің уақытын ұйымдастыруға дағдылану. | ||||||
Пәнаралық байланыстар | Физикамен пәнаралық байланыс, Биология және Медицина | ||||||
Бастапқы білім | «Функция», «аргумент» ұғымдарын біледі. Функцияның графигін және оның қасиетін біледі. Геометрия курсынан сүйір бұрыштың тригонометриялық функцияларының анықтамаларын біледі. | ||||||
Сабақ барысы | |||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||
Сабақтың басы 0-1 2-4 5-7 |
Мұғалім оқушылардың психологиялық мобильдігіне ықпал етеді, оқушыларды диалогке даярлығын орнатады.
Мұғалім оқушылардың назарын көптеген техникалық ғылымдарда , биологияда, физикадағы тригонометрияның қолданысының мысалын келтіреді.
Мұғалім сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатын айтады. Оқушылармен бірге сабақ мақсаттары жасалады. Әрі қарай, мұғалім бағалау критерийлерін айтады, оқушылардың «жақын даму аймағы», сабақтың күтілетін нәтижелері айқындалады. | Презентация Слайд 4-8 | |||||
Сабақ ортасы
8-15 16 - 24 25-37 | Жаңа тақырыпты түсіндіру және оның алғашқы бекітілуі. Бірлік шеңберде функциясының қасиеттерін схема бойынша оқушылармен бірге зерттеңіз.
Топтық жұмыс Оқушыларды 3 топқа бөліп, 1 топқа косинус, 2 топқа тангенс, 3 топқа котангенс функция функциясын зерттеуді ұсыныңыз. Жұмыс аяқталған соң оқушылар өздерінің қорытындыларын көрсетеді және оларды интерактивті тақтадағы дайын жауаптармен салыстырады. Бағалау критерийлері:
Жауап тексеріліп болғаннан соң, жаңа топтар құрылып өзара оқыту үдерісі ұйымдастырылады. Өткен материалды бекіту. Жұптық жұмыс. Оқушылар тригонометриялық функциялардың қасиеттерін бекіту мақсатында есептер шығарады. Тапсырманың дұрыс орындалуы мұғаліммен әрі жұбымен тексеріледі. Бағалау критерийлері:
| Презентация Слайд 9 Презентация Слайд 9-11 Қосымша 1 | |||||
Сабақтың соңы 38-40 |
Мұғалім сабақ мақсаттарына қайта оралады, олардың жету деңгейін талқылайды. Келесі сабақтарды жоспарлау үшін оқушыларға сұрақтар қойылады: - нені білдім, неге үйрендім; - не түсініксіз болып қалды; - не бойынша әлі де жұмыс істеу қажет. Сұрақтар ауызша немесе жазбаша талқылана алады. Сонымен қатар, оқушылардың эмоционалдық көңіл-күйін «Табысқа жету баспалдағы» арқылы бағалауға болады. | Презентация Слайд 12 Стикерлер | |||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||
Сабақта өзіне сенімсіз оқушылар біршама қабілетті оқушылармен бірге жұпта жұмыс жасайтындай етіп жасалған, сонда олар қабілетті оқушылармен жұмыс жасағанда көбірек біле алады. Қабілетті оқушылар өздерінің қабілеттерін консультант ретінде айқындай алады. Жұптағы немесе жеке жұмыстарда Сіз өзіне сенімсіз оқушыларға көмекші сұрақтар қою арқылы көмектесе аласыз. | Формативті бағалау сабақтың әр кезеңінде өткізіледі (өзін-өзі бағалау, мұғалімнің критерий бойынша бағалауы). Оқушылардың тапсырманы орындау барысындағы қатысуы және диалогқа қатысуын бағылау арқылы бағалау. Жұптағы, топтағы тапсырмаларды орындауға жауапты реакция және прогресс әр оқушының үлесін бағалауға және қателердің бар болуын анықтау үшін қарастырылады. | Іс-әрекеттердің ауысып отыруы ең үлкен нәтижеге қол жеткізу мақсатында оқушылардың күші мен зейінін дұрыс үлестіруге ықпалын тигізеді. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?