Мәтінді есептерді шығару. Алгебра, 9 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 9.4. Тізбектер | Мектеп: | |||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||
Сынып: 9 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақ тақырыбы | Мәтінді есептерді шығару | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 9.4.2.2 геометриялық және арифметикалық прогрессияларға байланысты мәтінді есептерді шығару; | |||||
Сабақ мақсаттары |
| |||||
Бағалау критерийлері |
| |||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: Сандық тізбекті тапсырманың шарттарын түсінеді және ауызша сипаттайды және заңдылықтарды қалай жалғастыратынын анықтай алады. Пәнге тән лексика мен терминология: Тізбек, сандық тізбек, аралық, мүшесі /элемент, алдыңғы мүшесі/элемент, келесі мүшесі /элемент Заңдылық, заңдылықты жалғастыру. Қосу,азайту , көбейту, бөлу. Кемімелі, өспелі Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:
| |||||
Құндылықтарды дарыту | Жұппен жұмыс істей білуге, ұжымдылыққа, шыдамдылыққа, жауапкершілікке, әділдікке тәрбиелеу. | |||||
Жаһандық азаматтылыққа тәрбиелеу | Халықаралық әртүрлі дереккөздерінен алынған тапсырмаларды салыстыру арқылы тақырыптың жан-жақтылығын түсіну. | |||||
Пәнаралық байланыстар | экономика, биология, физика, тарих | |||||
АКТ қолдану дағдылары | Интерактивті құралдарды қолдану, интернет ресурстар | |||||
Бастапқы білім | Тізбектер, арифметикалық прогрессия | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы 3 мин
7 мин |
Оқушылар тапсырманы проектор экранынан оқиды, прогрессияның анықтамаларын "құрастырады", формулалар мен формулалар арасындағы сәйкестікті белгілейді; қолданылатын және жауаптардың дұрыстығын қадағалайтын қасиеттерді айтады. Ұжымдық жұмыс. Алынған нәтижелерге кейіннен талқылау жасайды. Оқушылар тапсырманы проектор экранынан оқиды. Дәптерде тапсырмаларды шешу кезінде қысқаша жазба жасалады, дұрыс жауаптың нөмірін жазады. Тақтаға шығатын оқушылардың қателіктерін түсіндіреді және түзетеді. Өз жауаптарын тексереді. |
https://multiurok.ru/index.php/files/zadachi-na-ghieomietrichieskuiu-proghriessiiu.html | ||||
Сабақтың ортасы 15 мин
10 мин
| 4. Есептер шығару. Топпен жұмыс. (постерге жазып, оны қорғайды) 1топ: 1.Бизнесмен 2015 жылы 50 000 доллар көлемінде пайда алды. Келесі жыл сайын оның табысы өткен жылмен салыстырғанда 200% - ға өсті. Бизнесменнің 2018 жылғы жалпы табысы қандай? 2.Екі дос банкке әрқайсысы 100000 теңгеден салды, ал біріншісі - 10% тоқсан сайынғы есептеумен, ал екіншісі-45% жылдық есептеумен салымға ақша салды. Бір жылдан кейін достар оларға тиесілі пайыздармен бірге ақша алды. Кім үлкен пайда тапты? 2 топ: 1.Бактерия тірі ағзаға түсіп, 20 минуттың соңына қарай екі бактерияға бөлінеді, олардың әрқайсысы келесі 20 минуттың соңына қарай тағы да екіге бөлінеді және осылайша жалғасады. Тәулік соңына қарай бір бактериядан түзілетін бактериялардың санын табыңыз. 2.Тұмаумен ауырған адам бір күнде төрт адамды жұқтыруы мүмкін. 341 адамнан тұратын барлық мектеп оқушылары қанша күннен кейін ауруға шалдығады? 3 топ: 1. Дәрігер емделушіге иммунитет жүйесін нығайту үшін прополис тұнбасын қабылдауды ұсынды. Емделу курсын 5 тамшыдан бастап, әр күн сайын қабылдау дозасын 5 тамшыға артық қабылдап отыруы керек. 40 тамшыға жеткенде, үш күн 40 тамшыдан ішуі керек, содан кейін әр күн сайын дозасын 5 тамшыға азайта отырып 5 тамшыға жеткенше ішуі керек. Егер бір флаконда 20 мл (250 тамшы) болса, емделуші қанша флакон дәрі сатып алуы керек? 2. Асхат үзілісте тоқаш жеді. Тамақ кезінде ішекке 30 дизентериялық таяқшасы түсті. Әрбір 20 минуттан кейін бактериялар бөлінеді ( олар екі еселенеді). 6 сағаттан кейін ішекте қанша дизентерия таяқшасы пайда болады? 4 топ: 1. Жарыста 25 атыстан тұратын оқ ату бойынша әрбір тимеген оқ үшін айып ұпайлары: бірінші тимеген оқ үшін - бір айып ұпай, әрбір келесісі үшін – алдыңғы ұпайға қарағанда 0,5 ұпай артық алынды. 7 айып ұпайын алған мерген қанша рет тигізді? 2.Ұлу ағашқа өрмелеп барады. Бірінші минут ішінде ол 30 см, ал әрбір келесі минутта алдыңғысына қарағанда 5 см артық өрмелейді. Егер қозғалыс ағаш түбінен басталса, ұзындығы 5,25 м ағаштың шыңына қанша уақытта жетеді? 5. Деңгейлік тапсырмалар. А. Шектелген арифметикалық прогрессияны құрайтын үш санның қосындысы 24-ке тең. Егер екінші санды 1-ге, соңғы санды 14-ке арттыратын болсақ, онда шектелген геометриялық прогрессияны аламыз. Осы сандарды табыңдар. В. Үш сан шектелген геометриялық прогрессияны құрайды. Егер соңғы саннан 16-ны азайтатын болсақ, онда шектелген арифметикалық прогрессия шығады. Егер бірінші сан 9-ға тең болса, онда қалған екі санды табыңдар. С. Геометриялық прогрессияның алғашқы үш мүшесінің қосындысы 91-ге тең. Егерде осы сандарға сәйкесінше 25; 27; 1 қосатын болсақ кемімелі шектелген арифметикалық прогрессияның үш санын аламыз. Геометриялық прогрессияның жетінші мүшесін табыңдар. |
Шыныбеков Ә.Н 9 класс | ||||
Сабақтың соңы 2 мин 3 мин
| 6. Үй тапсырмасы Есеп 1. Жігіт мұра алды. Бірінші айда ол 100$ жұмсады, ал әрбір келесі айда ол 50$ артық жұмсады. Ол екінші айда қанша $ жұмсады? Үшінші айда қанша жұмсады? Оныншы айда қанша жұмсады? Егер ақша бір жылға жетсе, мұраның мөлшері қандай? Есеп 2. Тақтаға шақырылған оқушылардың бірі мұғалім үстелінен есікке тура келуі керек. Бірінші қадам ұзындығы 1 м, екінші м, үшіншім және т.с. жалғасады, яғни келесі қадамның ұзындығы алдыңғы қадам ұзындығынан екі есе аз. Егер үстелден есікке дейінгі қашықтық тура 3 м болса, оқушы есікке жете ме? 7. Сабақты қорытындылау. Рефлексия. | |||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
Оқушылар сабақ бойы жеке жұмыс жасайды. Фронтальды жұмыста оқушыларға базалық деңгей беріледі. Есептер шығару барысында жеке-дара оқыту ұйымдастырылады. Мұғалім қабілеті жоғары және төмен оқушыларға көмек көрсетеді, ал орта деңгейдегі оқушылар қабілеті жоғары оқушылардың өзара көмегі арқылы ілгері жылжи бастайды. | Жеке жұмыста өзін-өзі, топтық жұмыста бірін-бірі бағалау түрлері қолданылады. Сабақта оқушылардың теориялық материалды меңгеруі фронтальды презентациямен жұмыс істеу арқылы жасалады. | Сабақ басында оқушылар кабинеттегі тәртіп ережелерімен , қауіпсіздік техникасымен таныстырылады. | ||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. | |||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?