Арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшелерінің қосындысы формуласы. Алгебра, 9 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 9.2А Тізбектер | Мектеп: | |||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||
Сынып: 9 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақ тақырыбы | Арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшелерінің қосындысы формуласы | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 9.2.3.5 арифметикалық прогрессиялардың n-ші мүшесін, алғашқы n мүшелерінің қосындысын есептеу формулаларын, сипаттамалық қасиетін білу және қолдану; 9.2.3.7 арифметикалық немесе/және геометриялық прогрессияларға байланысты есептер шығару | |||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар:
| |||||
Жетістік критерийлері | Оқушы:
| |||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: - теориялық материалды ауызша қайталауда сөйлемдерді толықтырады; - сандық тізбектердің түрлері туралы талқылау жүргізеді. Пәнге тән лексика мен терминология: Тізбек, сандық тізбек, аралық, мүше/элемент, алдыңғы мүшесі/элементі, келесі мүшесі/элементі, арифметикалық прогрессия, арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшелерінің қосындысы. Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: - арифметикалық прогрессияның алғашқы ... мүшелерінің қосындысын табу үшін ...; - ... сандары арифметикалық прогрессияның мүшелері болып табылады, өйткені ...; - арифметикалық прогрессияның сипаттамалық қасиеті ... үшін қолданылады. | |||||
Құндылықтарды дарыту | Оқи алу дағдысы, өздігімен ақпарат іздестіру, жағдайды талдау, жаңа жағдайларға бейімделу, мәселелерді қоя және оларды шеше білу, топта, жұпта жұмыс жасау, өз уақытын тиімді ұйымдастыра білу, өз жұмысының сапасына жауап беру. Аталған құндылықтар сабақта жоспарланған жұмыстар арқылы орындалады. | |||||
Пәнаралық байланыстар | Архитектурамен,әлеуметтанумен пәнаралық байланысты оқушылар осы сабақтағы қолданбалы есептерді шешу барысында кездестіреді. | |||||
Бастапқы білім | Тізбек, сандық тізбектердің берілу тәсілдері, арифметикалық прогрессия анықтамасы, арифметикалық прогрессияның n-ші мүшесінің формуласы. | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақ басы 0-4 мин | 1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқуға ынталандыру. Оқушыларға жұптарда үй тапсырмасын тексеру ұсынылады. Одан кейін жауаптарын мұғалім оқиды, негізгі мәселелер талқыланады. Оқушылармен бірігіп сабақтың тақырыбын және мақсатын анықтаңыздар. | |||||
Ортасы 5 – 15 мин 16 – 28 мин 29 – 38 мин | Алдыңғы сабақ қайталап, жүйелеу. Топтардағы жұмыс. Оқушыларға алдымен 1-қосымшадағы кестені өздігімен толтырып, топтарда нәтижелерін салыстыруды ұсыныңыз. Кездейсоқ кейбір оқушылардан тақта алдында тексеруге болады.
Өздік жұмыс. Қолданбалы есептерді шығару. Жұмыс уақытын белгілеңіз. Шығарылуында қиындық туындаған тапсырмаларды оқушылармен бірігіп талқылаңыздар. Мұғалім жауаптарын тексереді, кері байланыс жасайды, есеп нәтижелерін жалпы сыныппен талқылауды ұйымдастырады. Қиындық деңгейі жоғары есептерді шығару. Жалпы сыныппен жұмыс. Бұл жұмыс осы тақырып бойынша білімдері мен біліктерін тереңдетуге, сыни ойлауын және логикасын дамытуға бағытталған. Тапсырманы тақтада орындатудан бұрын өздігімен есепті ойланып, шығару әдісін таңдауға 1-2 минут уақыт беріңіз. | 1-қосымша 2-қосымша 3-қосымша | ||||
Сабақтың соңы 39 - 40 мин | Сабақты қорытындылау кезінде оқушыларға келесі сұрақтарға жауап беруді ұсыныңыз: - не білдім, не үйрендім? - не түсініксіз болып қалды? - немен жұмыс жасау керек? Мұғалім үй тапсырмасын орындау бойынша нұсқаулар береді. | 4-қосымша | ||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
Мұғалім оқушыларға есеп шығару барысында жеке көмек көрсетеді. Тапсырмалар қиындық деңгейінің өсу ретімен таңдалған. | 1. Жалпы сыныппен әңгімелесу кезінде мұғалім оқушылардың жаңа терминдер мен ұғымдарды түсінуін, жаңа материалды саналы түрде ұғынуын бақылайды; 2. Жұптарда өзара бағалау жүзеге асады; 3. Сабақ соңында оқушылар сабақ мақсаттарына жету бойынша рефлексия жасайды. | Үзіліс уақытында оқу кабинетін желдетіп алу керек. Көзге жаттығулар жасау. |
1-қосымша.
Арифметикалық прогрессиялар берілген. Жетіспейтін элементтерді жазу арқылы кестені толтырыңыз.
№ | d | n | |||
1 | 7 | 3 | 20 | ||
2 | 2 | 20 | 77 | ||
3 | 8 | 7 | 14 | ||
4 | -5 | 12 | 72 |
2-қосымша.
- Астана қаласы халқының саны 2015 жылғы 1-қаңтардағы санақ бойынша 880 мың адамды құрады. Астана қаласының халқы әр жыл сайын орта есеппен 35 мың адамға артып отырады. 2017 жылы, 2020 жылы Астана қаласының халық саны шамамен қанша болады? 2030 жылы ше?
- «Қазақстан» Орталық Концерт залының секцияларының бірінде үшінші қатардың ұзындығы 4,05 м, соңғы қатардың ұзындығы 5,85 м, орындықтар ені 0,45 м, бірінші және екінші қатардағы орындар саны сәйкесінше 6 және 7, ал үшінші қатардан бастап орындар саны арифметикалық прогрессиямен өседі. Секция ені 7 м болса, осы секцияда барлығы неше орын бар екендігін анықтаңыз (қатар ені 1 м артық емес).
- Құрылысқа арналған бөренелерді сақтау кезінде суретте көрсетілгендей етіп қалайды. Бір қалауда қанша бөрене бар екенін анықтаңыз, егер оның табанында 12 бөрене жатқан болса.
Жауабы: 1) 950 мың, 1055 мың, 1405 мың; 2) 68; 3) 78.
3-қосымша.
1)* Теңдеуді шешіңіз:
(x + 1) + (x + 5) + (x + 9) + … + (x + 157) = 3200.
2)* Егер болса, онда () арифметикалық прогрессия болатынын дәлелдеңіз.
3)* () және () мүшелері тең екі арифметикалық прогрессия болсын. Тізбектердің бірге алынған алғашқы елу мүшелерінің қосындысын табыңыз.
Жауабы: 1) 1; 3) 5000.
4-қосымша. Үй жұмысы.
- Арифметикалық прогрессияның бірінші және жиырмасыншы мүшелерін табыңыз, егер оның бесінші мүшесі -2-ге, ал он екінші мүшесі 12,5-ке тең болса.
- 22,7; 21,4; … арифметикалық прогрессиясының нөлге неғұрлым жақын мүшесін көрсетіңіз.
Жауабы: 1) ; 2) 0,6.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?