Геометриялық прогрессия анықтамасы. Алгебра, 9 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 9.2 А Тізбектер | Мектеп: | |||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||
Сынып: 9 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақ тақырыбы | Геометриялық прогрессия анықтамасы | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 9.2.3.4 сандар тізбектерінің арасынан арифметикалық және геометриялық прогрессияны ажырату; 9.2.3.6 геометриялық прогрессиялардың n-ші мүшесін, алғашқы n мүшелерінің қосындысын есептеу формулаларын, сипаттамалық қасиетін білу және қолдану; | |||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар:
| |||||
Бағалау критерийлері | Оқушы:
| |||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: - теориялық материалды ауызша қайталауда сөйлемдерді толықтырады; - сандық тізбектердің түрлері туралы талқылау жүргізеді. Пәнге тән лексика мен терминология: Тізбек, сандық тізбек, аралық, мүше/элемент, алдыңғы мүшесі/элементі, келесі мүшесі/элементі. Заңдылық, заңдылықты жалғастыру. Өседі, кемиді. Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: - Заңдылықты жалғастыр; - Тізбек кемиді ...; - Тізбек өседі ...; - Элементтердің бір ғана санға өзгеруі ... көрсетеді. - Тізбек кемімелі/өспелі болып табылады .... - Тізбектің келесі мүшесін алдыңғы мүшесі арқылы беріңіз .... | |||||
Құндылықтарды дарыту | Оқи алу дағдысы, өздігімен ақпарат іздестіру, жағдайды талдау, жаңа жағдайларға бейімделу, мәселелерді қоя және оларды шеше білу, топта, жұпта жұмыс жасау, өз уақытын тиімді ұйымдастыра білу, өз жұмысының сапасына жауап беру. Аталған құндылықтар сабақта жоспарланған жұмыстар арқылы орындалады. | |||||
Пәнаралық байланыстар | Экономика (кірістерді талдау). Пәнаралық байланыс қолданбалы есептерді шығаруда көрінеді. | |||||
Бастапқы білім | Тізбек, сандық тізбектердің берілу тәсілдері, тізбекті аналитикалық әдіспен ұсыну, аналитикалық тәсілмен берілген тізбектің кез келген мүшесін анықтау, арифметикалық прогрессия. | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақ басы 0-3 мин | 1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқуға ынталандыру. Әңгімелесу. Оқушыларға келесі сұрақтарға жауап беру ұсынылады:
Миға шабуыл.
Оқушыларға келесі элементтер тізбектерін салыстыруды ұсыныңыз: Бұл арқылы оқушыларды сандық тізбектердің бір түрі – геометриялық прогрессияға алып келеміз. | |||||
Ортасы 4–14 мин 15 – 18 мин 19 – 31 мин 32 – 38 мин | І. Жаңа материалды оқып-үйрену. Жалпы сыныппен жұмыс. Мұғалім мағыналарын түсіндіре отырып жаңа терминдерді енгізеді, мысалдар келтіреді. 1. Геометриялық прогрессия дегеніміз – екінші мүшесінен бастап есептегенде кез келген мүшесі алдыңғы мүшесін, нөлден өзге қандай да бір тұрақты санға көбейткенде шығатын сандар тізбегі. – геометриялық прогрессия, ; , мұндағы – нөлден өзге қандай да бір сан; – геометриялық прогрессия еселігі, яғни геометриялық прогрессияның келесі мүшесінің алдыңғы мүшесіне қатынасы. 2. Геометриялық прогрессия мысалдары қарастырылады. - геометрическая прогрессия: 1. : 1; 0,1; 0,01; … . 2. : -5, -10, -20, … . 3. : 2, -6, 18, -54, … . 3. Геометриялық прогрессияның сипаттамалық қасиетін қорытып шығару. (). II. Ауызша жұмыс. Жұптардағы жұмыс. Оқушыларды жұптарға біріктіріңіз. 1-қосымшаның тапсырмаларын талқылауды ұсыныңыз. Уақыт белгілеңіз. Нәтижелерін бірігіп тексеріңіздер. III. Жаттығу тапсырмалары. Өздік жұмыс.
IV. Қолданбалы есептер. Топтардағы жұмыс. Оқушыларға 3-4 оқушыдан топтарға бірігулерін ұсыныңыз. Оқушылар есеп шарттарын талқылайды, топтарда шығарады. Мұғалім жауаптарын тексереді, кері байланыс береді, есеп нәтижелерін жалпы сыныппен бірге талқылайды. | 1-қосымша 2-қосымша 3-қосымша 4-қосымша | ||||
Сабақтың соңы 39 - 40 мин | Рефлексия. Сабақты қорытындылау кезінде оқушыларға келесі ұрақтарға жауап беруді ұсыныңыз: - не білдім, не үйрендім? - не түсініксіз болып қалды? - немен жұмыс жасау керек? Мұғалім жауаптарын толықтырады. Мұғалім үй тапсырмасын орындау бойынша нұсқаулар береді. | 5-қосымша | ||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
Мұғалім оқушыларға есеп шығару барысында жеке көмек көрсетеді. Тапсырмалар қиындық деңгейінің өсу ретімен таңдалған. | 1. Жалпы сыныппен әңгімелесу кезінде мұғалім оқушылардың жаңа терминдер мен ұғымдарды түсінуін, жаңа материалды саналы түрде ұғынуын бақылайды; 2. Жұптарда өзара бағалау жүзеге асады; 3. Сабақ соңында оқушылар сабақ мақсаттарына жету бойынша рефлексия жасайды. | Үзіліс уақытында оқу кабинетін желдетіп алу керек. Парталар мен орындықтардың дұрыс орналасуына назар аудару керек. |
1-қосымша.
- Берілген тізбек геометриялық прогрессия бола ма екендігін анықтаңыз:
а) 1, 8, 15, 21, 26, ...;
б) 4, 2, 1, 0,5, 0,25, ... ;
в) -2, 2, -2, 2, -2, ... ;
г) 0, 4, 16, 64, 256, ...?
- Геометриялық прогрессияның әріппен белгіленген мүшелерін табыңыз:
а) 2; -6; ; ... .
б) 5; 2,5; ; … .
в) 3; ; 27; ; ... .
2-қосымша.
А деңгейі | Б деңгейі |
| |
| |
| |
| |
| |
3-қосымша. Есептерді шығарыңыз:
- 18 бен 2 сандарының арасына геометриялық прогрессияның тізбектес үш мүшесі шығатындай оң санды қойыңыз.
- 16 мен 64 сандарының арасына геометриялық прогрессияның тізбектес үш мүшесі шығатындай теріс санды қойыңыз.
- сандары геометриялық прогрессияның тізбектес мүшелері болатындай айнымалысының мәндерін табыңыз.
- сандары шектелген геометриялық прогрессияны құрайтындай x айнымалысының мәндерін табыңыз.
Жауабы: 1) 6; 5; 2) -32; 3) ±3; 4) 1,5.
4-қосымша.
- Ануар мен Сұлтан ағылшын тілі пәні бойынша емтиханға дайындалу барысында дүйсенбіден бастап жұмаға дейін әр күн сайын жаттау үшін сөздіктен сөздер жазып алып отырған. Ануар күн сайын сөздер санын геометриялық прогрессиямен, ал Сұлтан арифметикалық прогрессиямен арттырып отырған.
а) Бес күннің әрқайсысында көшірілген сөздер саны жазылған кестені соңына дейін толтырыңыз.
Апта күні | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Ануар | 16 | 24 | |||
Султан | 16 | 24 |
b) Алынған тізбектердің мүшелерін координаталық жазықтықта нүктелермен белгілеңіз.
2) А, В, С үш фирмасы бір уақытта өз кәсіптерін бастап, бірінші жылы әрқайсысы 5 млн. теңгеден табыс тапты. Келесі бес жылда олардың табысы келесідей өсті: А фирмасында табыс жыл сайын 1 млн. тг-ге артты; В фирмасында жыл сайын 1,8 есеге артты; С фирмасында табыс жыл сайын 1,5 есеге артты. Әрбір жағдайға қай график сәйкес келетінін анықтаңыз. (у – фирма табысы, млн. тг)
Жауабы: 2) А-3, В-1, С-2.
5-қосымша.
- геометриялық прогрессиясының бастапқы бес мүшесін жазыңыз, егер:
- .
- Геометриялық прогрессияның екінші мүшесі 6-ға тең. Осы прогрессияның алғашқы үш мүшесінің көбейтіндісін табыңыз.
- Геометриялық прогрессияның үшінші мүшесі –ке тең. Осы прогрессияның алғашқы бес мүшесінің көбейтіндісін табыңыз.
Жауабы: 1. 1) 2) .
2. 216; 3. .
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды