Сандық тізбектер. Алгебра, 9 сынып, қосымша материал. 3 сабақ.
Қайталау
Тізбектің түрлері
1. Анықталу аймағы алғашқы n натурал сандар жиыны болатын функцияны шекті тізбек деп атайды.
Мысалы: нөлмен аяқталатын бүтін оң екітаңбалы сандар жиыны
10, 20, 30, 40, 50, 60, 70, 80, 90
2. Анықталу аймағы барлық натурал сандар жиыны болатын функцияны шексіз тізбек деп атайды.
Мысалы: натурал сандар тізбегі
1, 2, 3, 4, 5, ..., n, ...
3. Бірінші мүшесінен басқа әрбір мүшесі алдыңғы мүшесінен үлкен тізбек өспелі тізбек деп аталады.
Мысалы, 1,3,5,7,…,2n-1,… өспелі;
Мүшелері 4-ке еселік болатын сандар тізбегі: 4,8,12,16,20,24, ...
4. Бірінші мүшесінен басқа әрбір мүшесі алдыңғы мүшесінен кіші тізбек кемімелі тізбек деп аталады.
Мысалы: кемімелі,
Жұп сандарға кері сандар тізбегі:
Өспелі және кемімелі тізбектер бірсарынды (монотонды ) тізбектер деп аталады.
5. Бір ғана саннан құралған тізбек тұрақты тізбек деп аталады. yn=С тұрақты.
5,5,5,5,… тұрақты
Жаңа тақырыпты меңгеру
О.М:9.2.3.1 сандық тізбек анықтамасын және берілу тәсілдерін біледі;
Сұрақ:
«Тізбек» ұғымын қалай түсінесіңдер?
Тізбек мүшелерінің арасындағы байланыс қандай заңдылықпен орындалады?
«Сіздер өмірде тізбектермен қайда кездестіңіздер?» деп оқушыларға сұрақ қойыңыз, мысалы:
- бактериялардың көбеюі: бактериялар бір жасушаны екіге бөлу арқылы көбейеді, сонда 1;2;4;8;16;... тізбегі пайда болады.
- Фибоначчи саны (1;1;2;3;5;8;13;21;…): теңіз жұлдыздары; сәулелерінің саны; түрлі күрделі түсті өсімдіктердің гүлшоғырлары: ирис гүлінің 3 күлтесі, бәйшешекте (примула) – 5, жусанжапырақты ойраншөпте (амброзия) – 13, қарапайым егінекте (нивяник) – 34, ақкекіреде (астра) – 55 және 89 күлте; өсімдіктердің бұтақтары; Паскаль үшбұрышында коэффициенттер қосындысы.
- Пирамида түрінде қаланған кірпіштердің әр қатардағы кірпіш саны.
Сандық тізбектің анықтамасы:
у=f(x), x функциясын натурал аргументті функция немесе сандық тізбек деп атайды және у=f(n) немесе ,… …. деп белгілейді.
Натурал аргументті функция сандар тізбегі, ал тізбекті құрайтын сандарды тізбектің мүшелері деп атайды.
Топтық жұмыс
Тапсырма 1:
Тізбек берілген: 3;7;11;15;…
- Бұл тізбекті басқаша қалай беруге болады?
- «Тізбектердің берілуінің түрлері» сұлбасын құруды ұсыныңыз.
Сандар тізбегінің берілу тәсілдері
п- ші мүшесінің формуласымен | Сипаттау арқылы сөзбен берілуі Жұп сандар тізбегі | Рекурренттік формуламен 1,1,2,3,5,8,13….. | Тізбекпен берілуі 1; 3; 9;... |
Тізбектің n – ші (жалпы) мүшесінің көмегімен берілуі аналитикалық тәсіл болып табылады
Тізбектің жалпы мүшесінің формуласы оның кез келген нөмірмен берілген мүшесін есептеуге мүмкіндік береді. Мысалы, егер хn = 3n + 2, онда х5=3.5+2=17; х45=3.45+2=137.
Тізбектің кез келген мүшесін (белгілі бір нөмірден бастап) алдыңғы мүшелері арқылы анықтайтын тәсілді рекурренттік тәсіл деп атайды (латынның recurro– қайта оралу деген сөзінен).
Мысалы, а1=1; аn+1= аn +3 ережесімен берілген тізбекті көп нүкте арқылы
1; 4; 7; 10; 13; … деп жазуға болады.
Тізбек сипаттау арқылы сөзбен де беріледі
3 – ке еселі сан тізбегі 3,6,9,12,…3п,…
Тапсырма 2:
Тізбектердің берілуінің әрбір түріне мысалдар келтіріңіз
Сөзбен келтіру арқылы | |
Тізбектеп шығумен | |
Реккурентті формуламен | |
n-мүшенің формуласымен |
2-сабақ.
9.2.3.2 қарапайым жағдайларда сандық тізбектің n-ші мүшесін табады және заңдылығын анықтайды, мысалы: ()
Жұптық жұмыс
Тапсырма 3: Жұпты тап.
Тапсырма 4:
Тізбектің бесінші, оныншы және n-ші мүшесінің формуласын табыңыз.
- -2;-2;0;4;10;…
- -10;10;-10;10;…
- 1;3;9;27;…
Тапсырма 5:
№1. тізбегінің өспелі тізбек екендігін зертте.
№ 2. 1, 4, 9, 16, 25, 36, … тізбегінің п-ші мүшесінің жалпы формуласын анықтаңдар.
№3. Тізбек формуласымен берілген. Тізбектің алғашқы бес мүшесін жазыңдар.
№4. 1, , , , , , … тізбектің жалпы мүшесінің формуласын табыңдар:
Қосымша есептер.
Жеке жұмыс
Деңгейлік тапсырмалар орындау
А деңгей тапсырмалары.
1.Тізбектің бірінші мүшесі 8–ге, ал әрбір келесі мүшесі алдыңғысының жартысына тең, тізбектің бес мүшесін анықтаңдар.
2. Жалпы мүшесінің формуласы бойынша тізбегінің алғашқы үш мүшесін табыңдар.
В деңгей тапсырмалары.
- Өсу ретімен алынған 6–ға бөлгенде 1 қалдық қалатын натурал сандар тізбегін жалпы мүшесінің формуласымен жазыңдар.
- Алғашқы берілген мүшелері бойынша тізбектің жалпы мүшесінің формуласын табыңдар.
1, , , -, , , … ;
С деңгей тапсырмалары.
- Суретпен берілген тізбектердің алғашқы бес мүшесін анықтаңдар:
Тізбектің рекурренттік формуласын (немесе жалпы мүшесінің формуласын) анықтаңдар.
Қосымша есептер.
№1 тапсырма. Дем алушы, дәрігер кеңесі бойынша, бірінші күні 5 минут күнге қыздырынды. Келесі әрбір күндері күнге қыздырыну уақытын 5 минутқа көбейтіп отырды. Егер ол күнге қыздыруын сәрсенбі күні бастаған болса, онда аптаның қай күні оның күн астында болу ұзақтығы 40 минут болар еді?
№2 тапсырма. Ашытқы жасушасы екіге бөлініп көбейеді. Он рет бөлінгеннен кейін жасушалардың саны қанша болады?
№3 тапсырма. Төмендегі тізбектердің жалпы мүшесінің формуласын жазыңыз.
a) 7-ге еселік натурал сандар тізбегі;
b) 4-ке бөлгенде қалдығы 1-ге тең болатын натурал сандар тізбегі;
c) бірінші натурал саннан 3-ке арттыру арқылы пайда болған тізбек;
№4 тапсырма. Төмендегі тізбектердің заңдылығын анықтап, жалпы мүшесінің формуласын жазыңыз.
a) 3; 6; 12; 24; 48; ... c) 2; -2; 2; -2; ...
b) ;... d) ... .
№5 тапсырма. Рекуренттік формуламен берілген тізбектің алғашқы бес мүшесін табыңдар: а1=-4 ;
Үй тапсырмасы:
№ 1. Тізбекті беретін қандай да бір формуланы (п – ші мүшесінің) көрсетіңіздер:
А) 8; -8; 8; -8; …; Б) 3; 5; 7; 9; …;
В) 1; ; ;;…; Г) ; ; ; ;…;
№ 2. Ауа ваннасының курсын бірінші күні 15 минуттан бастап, осы ем – шараның уақытын әрбір келесі күні 10 минутқа арттырып отырады. Көрсетілген ережемен осы ем – шараның ұзақтығын 1 сағат 45 минутқа жеткізу үшін неше күн қажет?
№ 3. Әрбір қарапайым бір жасушалы жәндік екі бөлікке бөліну арқылы көбейеді. Егер алты рет бөлінгенде жәндіктер саны 320 болса, алғашқыда қанша қарапайым бір жасушалы жәндік болған?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?