Сандар тізбегі, оның берілу тәсілдері және қасиеттері. Алгебра, 9 сынып, сабақ жоспары. 1 сабақ.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тізбектер | Мектеп: | |||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||
Сынып: 9 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||
Сабақ тақырыбы | Сандар тізбегі, оның берілу тәсілдері және қасиеттері | |||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 9.2.3.1 сандар тізбегі туралы түсінік болу; 9.2.3.2 тізбектің n-ші мүшесін табу, мысалы:; | |||||||
Сабақ мақсаттары | «тізбек», «тізбектің n-ші мүшесі» ұғымдарын енгізу, индексті белгілерін қолдана білу және берілген формула бойынша тізбектің n-ші мүшесін табу біліктіліктерін қалыптастыру. | |||||||
Жетістік критерийлері | Оқушы: - сандық тізбек анықтамасы мен оның берілу тәсілдерін біледі; - тізбекті аналитикалық түрде, яғни формуламен бере алады; - аналитикалық түрде берілген тізбектің кез келген мүшесін таба алады. | |||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: - теориялық материалды ауызша қайталауда сөйлемдерді толықтыру; - сан тізбектері туралы функцияның дербес жағдайы ретінде талқылау жүргізу. Пәнге тән лексика мен терминология: Тізбек, натурал жиында анықталған функция, тізбектің бірінші мүшесі және n-ші мүшесі, тізбектің берілу тәсілдері, аналитикалық, сөзбен және рекурренттік тәсілдер, заңдылық. Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: - Тізбек аналитикалық түрде берілген дейді, егер ... - Тізбектің реккуренттік берілу тәсілі ... | |||||||
Құндылықтарды дарыту | Оқи алу дағдысы, өздігімен ақпарат іздестіру, жағдайды талдау, жаңа жағдайларға бейімделу, мәселелерді қоя және оларды шеше білу, топта, жұпта жұмыс жасау, өз уақытын тиімді ұйымдастыра білу, өз жұмысының сапасына жауап беру. Аталған құндылықтар сабақта жоспарланған жұмыстар арқылы орындалады. | |||||||
Пәнаралық байланыстар | Жаратылыстану ғылымдары. Фибоначчи сандары. Сабақтағы пәнаралық байланыс келесі видеоны тамашалау арқылы жүзеге асады. | |||||||
Бастапқы білім | Функция, анықталу облысы, мәндер облысы, функцияның берілу тәсілдері, натурал сандар, нақты сандар, тізбек. | |||||||
Сабақ барысы | ||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||
Сабақ басы 0-3 мин | 1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқуға ынталандыру. Әңгімелесу. Оқушыларға логикалық есепті ұсынамыз: Бактерия әр секунд сайын жаңа екі бактерияға бөлінеді. Стаканды бактериялар толығымен 1 сағатта толтырады. Стакан неше секундта бактериялармен жартылай толады? Оқушылармен әр уақыт моментінде стаканда қанша бактерия болғаны туралы талқылаңыздар, олардың сандарға байланысты заңдылығына назар аудартыңыз. Оқушылармен бірлесіп сабақтың тақырыбын және мақсатын анықтау. | Қосымша 1 | ||||||
Ортасы 4 – 14 мин 15 - 20 мин 21 - 31 мин 32 - 38 мин | І. Жаңа тақырыпты оқыту. Жалпы сыныппен жұмыс. Оқушылармен келесі сұрақтарды талқылау:
Оқушыларды тізбектің элементтері қалай құралғандығы берілген болса (немесе оны анықтауға болса) тізбек берілген деп саналатыны туралы қорытындыға келулеріне бағыттау. Негізгі түсініктер мен ұғымдарды енгізу: х1, х2, х3, ..., хп, ... немесе қысқаша (хп) – тізбек; х1 – тізбектің бірінші мүшесі, …. хп - тізбектің п-ші мүшесі. Оқушылардан күнделікті өмірде кездесетін ретімен нөмірлеуге болатын тізбектерді атауларын сұраңыз. (Бұл апта күндері, көшедегі үйлер, мектептегі сыныптар, банктегі шот нөмірі, т.с.с.). Шектеулі және шексіз тізбектер ұғымдарын енгізіңіз. Сандық тізбектердің берілу тәсілдерін схемалық түрде ұсыныңыз. формуламен графикпен сөзбен рекуррентті Әр түрін қысқаша түсіндіріп, мысалдар қарастыру. Оқушыларға Фибоначчи сандары туралы видеоролик көру ұсынылады https://www.youtube.com/watch?v=O7io6ortSJk.. Оқушыларға 2-қосымшадағы 1-3-тапсырмаларды ауызша орындауларын ұсыныңыз. 2-қосымшадағы 4-6-тапсырмаларды оқушылармен бірігіп орындаңыздар. Жаттығу жұмыстары. Жұптардағы жұмыс. Оқушыларды жұптарға біріктіріңіз. 2-қосымшаның қалған есептерін алдымен өзі шешіп, кейін жұбымен тексеруді ұсыныңыз. Жұмыс уақытын қадағалаңыз. Шешуінде қиындық туындаған есептерді оқушылармен бірге талдаңыз. Қолданбалы есептер шығару. Топтардағы жұмыс. Оқушыларға 3-4 адамнан топтарға бірігулерін сұраңыз. Оқушылар есеп шарттарын талдап, топтарда шығарады. Мұғалім жауаптарын тексереді, кері байланыс жасап, шешімдерін жалпы сыныппен бірге талқылауды ұйымдастырады. | Қосымша 2 Қосымша 3 | ||||||
Сабақтың соңы | Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді: - не білдім, не үйрендім; - не түсініксіз болып қалды; - немен жұмыс жасау керек және т.с.с. Мұғалім үй тапсырмасын орындау бойынша нұсқаулар береді. | Қосымша 4 | ||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||
Мұғалім оқушыларға есеп шығару барысында жеке көмек көрсетеді. Тапсырмалар қиындық деңгейінің өсу ретімен таңдалған. | 1. Жалпы сыныппен әңгімелесу кезінде мұғалім оқушылардың жаңа терминдер мен ұғымдарды түсінуін, жаңа материалды саналы түрде ұғынуын бақылайды; 2. Жұптарда өзара бағалау жүзеге асады; 3. Сабақ соңында оқушылар сабақ мақсаттарына жету бойынша рефлексия жасайды (ауызша). | Үзіліс уақытында оқу кабинетін желдетіп алу керек. Парталар мен орындықтардың дұрыс орналасуына назар аудару керек. | ||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
1-қосымша.
Есеп №1.
Бактерия әр секунд сайын жаңа екі бактерияға бөлінеді. Стаканды бактериялар толығымен 1 сағатта толтырады. Стакан неше секундта бактериялармен жартылай толады?
2 қосымша.
Ауызша:
- Өсу ретімен алынған, 3-ке еселі натурал сандар тізбегінің алғашқы алты мүшесін анықтаңыз.
- тізбегінің қандай мүшесі:
а) мүшесінен кейін;
б) мүшесінің алдында.
- Келесі мүшелердің арасында орналасқан тізбегінің мүшелерін жазыңыз:
а) ; б) ; в) .
Жазбаша:
- – тақ орындардағы барлық мүшелері -1, ал жұп орындардағы мүшелері 0 болатын тізбек екені белгілі. Осы тізбектің алғашқы сегіз мүшесін жазыңыз. табыңыз.
- Тізбектің n-ші мүшесін табыңыз:
1) 2; -2; 2; -2…
2)
3)
- n-ші мүшесінің формуласымен берілген тізбектің алғашқы алты мүшесін табыңыз:
а); б) ; в) ;
г) ; д); е) .
- Төмендегілер белгілі болса, онда тізбегінің екінші, үшінші, төртінші және бесінші мүшелерін табыңыз:
а) бірінші мүшесі 10-ға тең, ал әр келесі мүшесі алдыңғыдан 3-ке артық, яғни ;
б) бірінші мүшесі 40-қа, ал әрбір келесі мүшесінің жартысына тең, яғни.
- Кестені толтырыңыз:
7; 14; 21;… | |
2; 3; 4; 5;… | |
2; 4; 8; 16; 32;… | |
0; 2; 4; 6; 8;… |
|
1; -1; 1; -1;… |
|
1; ;;… | |
- Тізбектің n-ші мүшесінің формуласын жазыңыз және бесінші, оныншы мүшелерін табыңыз.
- -2; -2; 0; 4; 10;…
- -10; 10; -10; 10;…
- 1; 3; 9; 27;…
3-қосымша. Қолданбалы есеп.
Саған ата-анаң 100 теңге берген болсын және сенде әрі қарай ақша алудың екі мүмкіндігі бар болсын делік. Бірінші әдіс: күн сайын сен алдыңғы күні алған ақшадан 200 теңге артық алатын боласың. Екінші әдіс: екінші күні сен 100 теңге, ал үшінші күннен бастап күн сайын алдыңғы екі күнде алған ақшаның қосындысындай ақша алатын боласың.
- Алғашқы он күн үшін кестені толтырыңыз.
Күн |
| |||
1 | 100 | 100 | ||
2 | 300 | 100 | ||
3 | ||||
4 | ||||
… |
- Алынған әр тізбекті координаталық жазықтықта нүктелермен белгілеңіз: горизонталь оське күнді, ал вертикаль оське сол күні алған ақшаның сомасын жазыңыз. Егер сіз бір апта бойы ақша алуды жоспарласаңыз, қай әдіс тиімді болар еді? Ал бір ай алатын болсаңыз ше?
- Осы тізбектердің біріншісін арқылы, ал екіншісін арқылы белгілеп, әрқайсысын рекурренттік тәсілмен жазыңыз.
4-қосымша. Үй тапсырмасы.
- Тізбек құрастырылған заңдылықты анықтаңыз, келесі екі мүшесін жазып, рекурренттік тәсілмен ұсыныңыз:
а) 64; 60; 56; 52; 48; … б) 1; 3; 9; 27; 81; …..
ә) 3; 8; 13; 18; 23; … в) 500; 50; 5; 0,5; 0,05; …
- Тізбек құрастырылған заңдылықты анықтаңыз, келесі екі мүшесін жазып, n-ші мүшесінің формуласымен ұсыныңыз. Тізбектің оныншы және жиырмасыншы мүшелерін табыңыз.
а) 1; 4; 9; 16; 25; … в) 4; 5; 6; 7; 8; ….. д)
б) 5; 10; 15; 20; 25; … г) е)
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?