Ньютон биномы және оның қасиеттері. Алгебра, 9 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Комбинаторика элементтері

Мектеп: Орал қаласындағы физика - математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Әнесова Ж.М.

Сынып: 9

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Ньютон биномы және оның қасиеттері

Сабақтың типі

Тақырыпты бекіту

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.3.1.6

Ньютон биномы формуласын және оның қасиеттерін білу және қолдану;

Сабақ мақсаттары

Ньютон биномы жіктелуін, қасиеттерін қолдану

Бағалау критерийлері

Оқушылар:

Білу: Ньютон биномы жіктелуін біледі;

Білімін қолдану: Екі мүшенің дәрежесін Ньютон биномы жіктелуін пайдаланып көпмүше түрінде жаза алады;

Талдау: Жіктелудегі көпмүшенің белгісіз элементтерін табу жолын талдайды, табады.

Тілдік мақсаттар

  • Оқушылар: есеп шешкенде және диалогта дәлелдер келтіреді;
  • Пәнге тән лексика мен терминология: Паскаль үшбұрышы;
  • Биномдық коэффициент; Ньютон биномы.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Бином жіктелуіндегі ... мүшесін табу үшін;

... көпмүшесінің алдында тұрған коэффициентті табу үшін;

Бином дәреже көрсеткіші;

Биномның кез келген мүшесінің формуласы.

Құндылықтарды дарыту

Өзгенің пікірін тыңдайды және сыни баға береді. Жұптық жұмыста - өзара сыйластық, бір-бірін құрметтеу, адамгершілік, бағалауда -шыншылдық, жарқындылық.

Пәнаралық байланыстар

Геометрия

АКТ қолдану дағдылары

Ақпаратпен жұмыс істеудің практикалық дағдыларын меңгеру, ақпарат алмасуға мүмкіндік беретін дағдыларды дамыту

Бастапқы білім

Ньютон биномының жіктелуі, қасиеттері.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут

5 минут

1. Ұйымдастыру.

Оқушылармен сәлемдесу, олардың сабаққа даярлықтарын қадағалау.

2. Жұпқа бөлу.

 Мақсаты: Алдыңғы білімдерін еске түсіру, қайталау, жұппен жұмысқа бағыттау.

 Сипаты: Карточкаларды алып, формулаларды, тұжырымдарды сәйкестендіру арқылы жұп құрылады және жұпқа қалай бөлінгендері туралы түсіндіреді, қайталау қамтылады.

 Оқушының іс-әрекеті: жұпқа бөліну үшін тапсырманы қалай орындау керектігін ойланады, Ньютон биномы қасиеттерін еске түсіру арқылы сәйкестендіріп жұп құрады, түсіндіреді.

 Мұғалімнің іс-әрекеті: бақылайды, қиындық туған жағдайда көмек береді.

 Бағалау: Мұғалімнің мадақтауы, қолдау көрсетуі.

 2.1. Бастапқы білімді қайталау, еске түсіру.

 Мақсаты: Ньютон биномы жіктелуін, қасиеттерін қайталау.

 Сипаты: Жұптарға ортақ сұрақ қойылады, әр жұп қолдарындағы карточкадағы қасиеттерге қатысты жауап береді.

 Оқушының іс-әрекеті: сұраққа ауызша жауап береді.

 Мұғалімнің іс-әрекеті: ауызша сұрайды, қиындық тудырған сұрақтарға көмек береді.

Қосымша 1

Қосымша 2

Сабақтың ортасы

2 минут

10 минут

10 минут

3 минут

4 минут

3. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау. (Оқушылар алдыңғы орындалған тапсырмалар арқылы анықтайды)

 4. Тақырыпты бекіту. Деңгейлік тапсырмалар. Жұптық жұмыс.

 Мақсаты: Ньютон биномы қасиеттерін қолдану.

 Сипаты: Оқушылар Ньютон биномы қасиеттерін қолданып, деңгейлік тапсырмалар орындайды.

 Оқушының іс-әрекеті: Ньютон биномы қасиеттерін қолданып, есептер шығарады, өзара талдайды. Өзара оқыту жүргізіледі.

 Мұғалімнің іс-әрекеті: Оқушылар жұмысын қадағалау, сұрақтар қою арқылы реттеп отыру, бағыт беру.

 Бағалау: Өзара бағалайды.

5. Жеке жұмыс. /bilimland.kz/

Мақсаты: Меңгерген теориялық білімдерін бекіту, Ньютон биномы жіктелуін, қасиеттерін қолдана алу дағдыларын байқау.

 Сипаты: Оқушылар Ньютон биномы жіктелуін, қасиеттерін пайдаланып қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын орындайды.

 Оқушының іс-әрекеті: Ньютон биномы жіктелуін пайдаланып есептер шығарады, талдайды.

 Мұғалімнің іс-әрекеті: Оқушылардың тапсырмаларды орындауын қадағалайды, бағыт беру, қолдау көрсетеді.

 Бағалау: Ауызша марапатталады, өзін бағалайды. Мұғалімнің кері байланысы.

 Тапсырмаларды бағалау дескрипторы:

№1. 1. Теру коэффициентін дұрыс жазады.

2. Биномдық жіктелудегі коэффициентті дұрыс анықтайды.

3. Есептің шешіміне дұрыс жетеді.

№2. 1. Теру коэффициентін дұрыс жазады.

2. Бірінші мүшелерінің дәрежелерін дұрыс жазады.

3. Екінші мүшелерінің дәрежелерін дұрыс жазады.

4. Барлық қосылғыштар дұрыс ықшамдалған.

6. Қосымша тапсырма.

Қосымша 3

Қосымша 4

https://bilimland.kz/ru/subject/algebra/10-klass/binom-nyutona

 

Соңы

3 минут

 7. Сабақты қорытындылап, рефлексия жүргізу. Өзін-өзі бағалау анализі.

Мақсаты: Оқушыларға сабақтағы өз қызметіне талдау жасауға көмектесу.

  • Сабақта қай тапсырманы жақсы орындадың? Не себепті?
  • Қай тапсырма қиындық келтірді? Не себепті?
  • Нені қайталау керек?

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

оқушылар:

  • Жұптағы оқушылар бір біріне көмектеседі.
  • Деңгейі жоғары тапсырмаларды орындайды

Қабілеті орта оқушылар:

  • Жұбындағы оқушының көмегін пайдалана алады.
  • Деңгейіне қарай тапсырмаларды орындайды.

Ауызша сұрақтар-жауап арқылы бағалау.

  • Жұптық жұмыс кезінде бағалау.
  • Жұптық жұмыстан соң бір-бірін бағалау.
  • Өзін бағалау.
  • Рефлексия арқылы өзін бағалау.

АКТ қолданғанда уақытқа қатысты ережені сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қолжеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға:

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу