Комбинаторика формулаларын қолданып есептер шешу. Алгебра, 9 сынып, презентация. 3 сабақ.
Сабақ тақырыбы:
Комбинаторика формулаларын қолданып есептер шешу
Астана қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі
Оқу мақсаты
9.3.1.5 қайталанбайтын орналастыру, алмастыру және теру сандарын есептеу үшін комбинаторика формулаларын қолдана отырып есептер шығару
Бағалау критерийі
ауыстыру, орналастыру, теру формулалаларын біледі
есеп мәтіні бойынша қандай ұғымды қолдану керектігін біледі (ауыстыру, орналастыру, теру)
есепті шешу алгоритмін құра алады
№1.
Дүкенде шоколод кәмпиттің
6 түрі және карамельдің
10 түрі бар.
Кәмпиттердің
а) бір түрінен
б) шоколод кәмпиттің бір түрі мен карамельдің бір түрінен
неше түрлі тәсілдермен
кәмпиттер сатып
алуға болады?
№2. Асхана мәзірінде 3- бірінші, 4 -екінші және 5- үшінші тағамдар бар. Неше түрлі тәсілмен «түстік астар » әзірлеуге болады?
Жеке жұмыс
Топтық жұмыс
І топ: Айнұрдың қолында жеті түрлі-түсті қарындаштары бар. Мұғалім қағазда салынып тұрған қуыршақтың қалпағын, көйлегі мен аяқ-киімін, әр затқа бір түсті пайдалана отырып, бояп шығуын ұсынды. Неше тәсілмен бояп шығуға болады?
ІІ топ: Гүлстанның қолында 0-ден 9-ға дейінгі сандар жазылған 10 карточкалар бар. Осы карточкаларды неше тәсілмен партаға қоя алады?
ІІІ топ: Дүкенде жеті түрлі-түсті шарлар бар. Асан досына үш шарды сатып алмақшы. Сатып алынған шарлар әртүрлі болу үшін, неше тәсілмен таңдап алуға болады?
Жұптық жұмыс
1жұп: 4 оқушы 7 орындыққа неше тәсілмен отырып шығады?
2жұп: Бес адамды кезекке неше түрлі тәсілмен тұрғызуға болады?
3жұп: Шахмат турниріне 12 ойыншы қатысты және әрбір шахматшы өзгелерімен бір-бір ойыннан ойнайды. Турнирде барлығы неше партия ойналады?
4жұп: Поштада маркалардың 5 түрі бар. Олардан 3 түрлі марканы неше тәсілмен таңдап алуға болады.
5жұп: Қайнарда 0-ден 9-ға дейінгі сандар жазылған карточкалар бар. Осы карточкаларды неше тәсілмен столға қоюға болады?
6жұп: ЛОГАРИФМ сөзінің әріптерінен неше түрлі 5 әріптен құралған сөздер құрастыруға болады?
Сергіту сәті
Қалыптастырушы бағалау
1) Турнирге 17 команда қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша І, ІІ, ІІІ орындар берілді. Осы үш орынды 17 командаға неше әдіспен беруге болады?
2) Ғылыми зертханада 20 жұмысшы жұмыс жасайды. Зертхана 5 жұмысшыны іс-сапарға жіберу керек. Бірақ іс-сапарға бөлім бастығы, І орынбасар, ІІ орынбасар үшеуі бірге бармау керек. Қанша әдіспен жұмысшыларды іс-сапарға жіберуге болады?
3) Оқушы кітапханадан 4 кітап алды. Оқушы сол кітапты неше түрлі ретпен оқи алады?
Пайдаланылған әдебиет:1. З.И. СулейменовЫҚТИМАЛДЫҚТАР ТЕОРИЯСЫ ЖӘНЕМАТЕМАТИКАЛЫҚ СТАТИСТИКА ЭЛЕМЕНТТЕРІ Алматы 20142. http://bilimland.kz/kk/home3.https://www.youtube.com/watch?v=pcHVrFFkNKI4.http://i1os.com/%D0%9A%D0%BE%D0%BC%D0%B1%D0%B8%D0%BD%D0%B0%D1%82%D0%BE%D1%80%D0%B8%D0%BA%D0%B0_%D0%B5%D1%81%D0%B5%D0%B1%D1%96%D0%BD%D0%B5_%D0%BC%D1%8B%D1%81%D0%B0%D0%BB_by_%D0%9D%D1%83%D1%80%D0%BA%D0%B5%D0%BD_%D0%9C%D0%B0%D0%B6%D0%B8%D1%82%D0%BE%D0%B2/_jBLuMU7N1g.video5.http://www.nsu.ru/mmf/tvims/chernova/tv/lec/node3.html6.www.Mat.buro.ru
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?