Комбинаторика формулаларын қолданып есептер шешу. Алгебра, 9 сынып, презентация. 4 сабақ.


Сабақ тақырыбы:

Комбинаторика формулаларын қолданып есептер шешу

Астана қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Оқу мақсаты

9.3.1.5 қайталанбайтын орналастыру, алмастыру және теру сандарын есептеу үшін комбинаторика формулаларын қолдана отырып есептер шығару

Бағалау критерийі

ауыстыру, орналастыру, теру формулалаларын біледі

есеп мәтіні бойынша қандай ұғымды қолдану керектігін біледі (ауыстыру, орналастыру, теру)

есепті шешу алгоритмін құра алады

Эпиграф.

Сан, орын және комбинация - үшеуі өзара қиылысатын, барлық математикалық идеяларды жатқызуға болатын, бірақ бір-бірінен өзгеше ойлау жүйесі.

Дж. Сильвестр

№1.

Поштада маркалардың 5 түрі бар. Олардан 3 түрлі марканы неше түрлі тәсілмен таңдап алуға болады?

№ 2

20 студент 3 топқа бөлінуі керек:

1-бригадада 3 студент,

2-бригадада 5 студент

3-бригадада 12 студент болатындай неше әдіспен жасауға болады?

Топтық жұмыс

1.Жарысқа 7 команда қатысады. Командалар арасында орынды бөлудің неше тәсілі бар?

2.Жартылай финалға 7 команда қатысты. Оның ішінен финалға 3-еуі шықты. Командалардың финалға шығуының әртүрлі неше тәсілі бар?

3.Жартылай финалға қатысушы 7 команданың ішінен 3 команда алтын, күміс және қола медальдарды жеңіп алды. Жеңімпаз үштікті әртүрлі неше тәсілмен алуға болады?

4.Бөлімшеде 5 офицер, 10 сержант және 50 солдат бар. 1 офицер, 2 сержант және 3 солдаттан тұратын неше наряд құрастыруға болады?

5.Кітап сөресінде 12 кітап бар: ағылшын-орыс

сөздігі және 11 ағылшын тілінде көркем шығарма. Оқырман 3 кітапты неше тәсілмен таңдай алады, егер:

а)оған сөздік міндетті түрде қажет болса;

б)оған сөздік қажет емес болса?

6.Егер купеде басқа жолаушылар болмаса, үш адамнан тұратын жанұяны төрторындық купеге неше тәсілмен орналастыруға болады?

Қалыптастырушы бағалау

1. «Дәулет» сөзінің әріптерінің арасында қанша мынадай алмастырулар болады:

а) «д» әрпінен басталатын;

б) «т» әрпінен басталып, «е» әрпінен аяқталатын?

2.Кейбір қалаларда машина номері мына М, Н, К, Т, С жинақтан алынған әртүрлі екі әріптен және әртүрлі үш цифрдан тұрады. Осындай номерлермен неше машинаны қамтамасыз етуге болады?

3.Бес ұл бала және төрт қыз бала тоғызорындық орындыққа, әр қыз бала екі ұлдың арасында отыратындай етіп отырғысы келеді. Олар мұны неше тәсілмен жасайды?

Пайдаланылған әдебиет:

1. З.И. Сулейменов

ЫҚТИМАЛДЫҚТАР ТЕОРИЯСЫ ЖӘНЕ

МАТЕМАТИКАЛЫҚ СТАТИСТИКА ЭЛЕМЕНТТЕРІ Алматы 2014

2. http://bilimland.kz/kk/home

3.https://www.youtube.com/watch?v=pcHVrFFkNKI

4.http://i1os.com/%D0%9A%D0%BE%D0%BC%D0%B1%D0%B8%D0%BD%D0%B0%D1%82%D0%BE%D1%80%D0%B8%D0%BA%D0%B0_%D0%B5%D1%81%D0%B5%D0%B1%D1%96%D0%BD%D0%B5_%D0%BC%D1%8B%D1%81%D0%B0%D0%BB_by_%D0%9D%D1%83%D1%80%D0%BA%D0%B5%D0%BD_%D0%9C%D0%B0%D0%B6%D0%B8%D1%82%D0%BE%D0%B2/_jBLuMU7N1g.video

5.http://www.nsu.ru/mmf/tvims/chernova/tv/lec/node3.html

6.www.Mat.buro.ru



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу