Комбинаторика элементтері: орналастыру, алмастыру және теру. (Қайталанбайтын). Алгебра, 9 сынып, презентация.


Сабақ тақырыбы:

Комбинаторика элементтері: теру, алмастыру және орналастыру (қайталанбайтын)

Оқу мақсаттары:

9.3.1.3 қайталанбайтын орналастыру, алмастыру және терудің анықтамаларын білу;

9.3.1.4 орналастыру, алмастыру және теруді есептеуге арналған комбинаторика формулаларын білу;

Глоссарий

Проблемалық сұрақ:

Егер бір таңдау (іріктеу) 6 түрлі тәсілмен, ал екінші таңдау 2 түрлі

әдіспен орындалсын. Осы таңдаулар жұбын неше тәсілмен орындауға болады?

Іріктеудің қандай нәтижесін (нөмерленген шарлар жинағын) біз әртүрлі деп есептейміз?

Екі мүмкін жағдай бар:

1) Рет нөмірін ескеретін іріктеу:

екі шар жинағы әртүрлі деп аталады, егер олардың құрамы немесе реттік нөмірі әртүрлі болса.

Бес шары бар қалтадан үш шарды таңдау жинағы (1, 5, 2), (2, 5, 1) және (1, 2, 5) жинақтары әртүрлі, себебі шарлардың нөмірлерінің орналасу реттілігі ескерілген.

2) Рет нөмірін ескермейтін іріктеу:

екі шар жинағы әртүрлі деп аталады, егер олардың құрамы әртүрлі болса.

(1, 5, 2) және (2, 5, 1) жинақтары бірдей болып есептеледі және іріктеу нәтижесінде бір нәтиже болып есептеледі.

Элементтері қайталанбайтын, рет нөмірін ескеретін іріктеулер

1  Келесі тәжірибеде барлық мүмкін болатын әртүрлі нәтиже санын табыңыз:

а) колодадағы 36 картадан қайталанбайтын, орналасу реті маңызды болатындай 3 картаны іріктеу;

в) Бақыт, Олжас,Алия және Сара сыныптағы 10 орынның 4-еуін иемденуі;

с) қазақ алфавитінен төрт әріп алып, одан сөз құрау;

d) нөлден өзгеше әртүрлі цифрлардан үш таңбалы сан құрау.

Элементтері қайталанбайтын және орналасу реті маңызды емес іріктеу

2.  Келесі тәжірибеде мүмкін болатын түрлі нәтижелер санын табыңыз:

а) колодадағы 36 картадан қайталанбайтын және орналасу реті маңызды емес үш картаны алу;

б) қазақ алфавитінен төрт әріпті таңдап алу.

Пайдаланған әдебиеттер:

1. З.И Сулейменов «ЫҚТИМАЛДЫҚТАР ТЕОРИЯСЫ ЖӘНЕ

МАТЕМАТИКАЛЫҚ СТАТИСТИКА ЭЛЕМЕНТТЕРІ»Алматы 2014

2. http://www.nsu.ru/mmf/tvims/chernova/tv/lec/node3.html

3.http://bilimland.kz/kk/home

4. www.Mat.buro.ru



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу