Қайталанбайтын орналастыру, алмастыру және теру. Алгебра, 9 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Комбинаторика элементтері

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Қайталанбайтын орналастыру, алмастыру және теру

Сабақтың түрі

Жаңа материалды игеру сабағы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

9.3.1.3 қайталанбайтын орналастыру, алмастыру және теру анықтамаларын білу;

9.3.1.4 қайталанбайтын орналастыру, алмастыру және теру сандарын есептеу үшін комбинаторика формулаларын білу;

Сабақ мақсаттары

  • қайталанбайтын орналастыру, алмастыру және теру анықтамаларын білу және ажырата алу;
  • қайталанбайтын орналастыру, алмастыру және теру формулаларын қорытып шығару және білу;

Жетістік критерийлері

  • «Теру», «Орналастыру», «Алмастыру» ұғымдарын түсінеді
  • Қайталанбайтын терулер санын есептеу формуласын біледі;
  • Қайталанбайтын орналастырулар санын есептеу формуласын біледі;
  • Қайталанбайтын алмастырулар санын есептеу формуласын біледі;
  • Тапсырма шартынан орналастыруды, алмастыруды және теруді ажырата алады;

Тілдік мақсаттар

  • шығарылатын есептер мәнмәтініндегі «орналастыру», «алмастыру»,«теру» ұғымдарының өзара айырмашылығын пәндік лексика мен терминологияны пайдаланып талқылайды;
  • есеп шешкенде және диалогта дәлелдер келтіреді;

Пәнге тән лексика мен терминология:

  • комбинаторика; - комбинация; - тәсідер саны;
  • теру; -алмастыру; -орналастыру;
  • n элементтен r элементті таңдау;
  • тәртіп, реті;

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

  • Сіз оларды … түрлі тәсілмен орналастыра аласыз, себебі … ;
  • Егер сізде х ... бар болса, онда сіз оларды ... түрлі тәсілмен орналастыра аласыз, себебі ... ;
  • Егер мен ... элементті белгілі бір ретпен орналастыратын болсам, онда ... мүмкін алмастыру пайда болады;
  • ... мүмкін оқиғадан ... элементті таңдаудың ... тәсілі бар.

Құндылықтарды дарыту

- өмір бойы оқу, сыни ойлау: сабақтағы барлық тапсырмалар арқылы

- жауапкершілік, сыйластық, ынтымақтастық: жұптық жұмыс арқылы

- адалдық: өзара бағалау және өзін-өзі бағалау арқылы

Пәнаралық байланыстар

Күнделікті өмірмен байланыс

АКТ қолдану дағдылары

www.bilimland.kz сайты, калькулятор

Бастапқы білім

Факториал ұғымы, комбинаториканың негізгі ережелері, логика.

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин

Сабақ басында оқушылар түрлі – түсті стикерлер таңдау арқылы жұптарға біріктіріледі.

Оқушылардың зейінін шоғырландыру үшін сабақтың тақырыбы, мақсаты жарияланады.

Стикер

Слайд 1-2

Сабақтың ортасы

30 мин

Мұғалім интербелсенді тақта арқылы www.bilimland.kz сайтынан (5 мин)

  • видео түсіндірмені көрсетеді (4-ші бет)
  • «Орналастыру» ұғымымен таныстырады.
  • Қайталанбайтын орналастыру санын анықтау формуласының қорытылып шығарылуын сыныппен талқылайды.

Келесі ұғыммен таныстыру үшін мұғалім (3 мин)

  • «n  элементтен алынған n-нан құралған орналастырулар санын» қалай анықтауға болатынын сұрайды.
  • Сайттан «Алмастыру» ұғымының анықтамасын көрсетеді және формуласын талқылайды.

Жұптық жұмыс: (8 мин)

  • жұптар сайттағы №6 - №9 есептерді шығарады.
  • Жауаптарын сайт арқылы тексереді.
  • Қателер болса, түзейді.
  • Тапсырманы ерте аяқтаған оқушыларға қосымша тапсырмалар ұсынылады.

«Теру» ұғымымен танысу үшін (4 мин)

  • сайттағы келесі видео түсіндірмені талқылайды (5-бет)
  • анықтамасымен танысады
  • мұғалім тақтада формуласының қорытылуын көрсетеді.
  • мұғалім №10 және №11 есептерді тақтада жазып, талқылайды

Бекіту есептері: (Қалыптастырушы бағалау) (10 мин)

  • оқушылар дәптерлеріне төмендегідей кесте сызады:

Орналастыру

Алмастыру

Теру

п элементтен k элементті орналастыру

п элементтен п элементті орналастыру

п элементтен k элементті таңдау

реті маңызды

реті маңызды

реті маңызды емес

P = n!

  • мұғалім әр оқушыға 9 есеп жазылған үлестірме таратады.
  • Оқушы есеп шартын оқып, оның «Орналастыру», «Алмастыру», «Теру» болатынын ажыратады және есептің нөмірін кестенің соңғы жолына сәйкесінше жазады.

https://bilimland.kz/kk/courses/math-kz/algebra/kombinatorika-yqtimaldyqtar-teoriyasynyng-ehlementteri/lesson/ornalastyrular-almastyrular-zhane-teruler

Қосымша 1

Қосымша 2

Сабақтың соңы

7 мин

Сабақ соңында оқушылар жаңа тақырып бойынша өздерінің игерген білімдерін жүйелей отырып,

  • «Теру», «Орналастыру», «Алмастыру» ұғымдарын түсінеді
  • Қайталанбайтын терулер санын есептеу формуласын біледі;
  • Қайталанбайтын орналастырулар санын есептеу формуласын біледі;
  • Қайталанбайтын алмастырулар санын есептеу формуласын біледі;
  • Тапсырма шартынан орналастыруды, алмастыруды және теруді ажырата алады;

критерийлері бойынша өзін – өзі ауызша бағалайды.

Оқушылардың бағалауы бойынша үй тапсырмасы беріледі:

Берілген есептердің ішінен «Орналастыруларды», «Алмастыруларды» және «Терулерді» ажыратыңыз.

Ә.Н.Шыныбеков, Алгебра 9,

913-919,

926-932

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау тапсырмалар орындауда, жұптық жұмыста белсенділігі төмен оқушыға жұбының қолдауы арқылы, сондай-ақ тапсырманы ерте аяқтаған оқушылар үшін қосымша тапсырмалар ұсыну арқылы жүзеге асады.

Жұптар жұмыстарын дайын жауаптар арқылы тексеріп, қате болса, сайтта көрсетілген сілтемелер бойынша түзейді.

Сабақ соңында өзін – өзі бағалау жүзеге асады.

Сайттағы материалдарды 20 минут қолданып, әрі қарай парақтағы есептермен жұмыстану жоспарланды.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу